

Елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің өкімімен Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы бастығының міндетін атқарушы болып Тілешов Ербол Ердембекұлы тағайындалды. Ол бұрын осы басқармаға қарасты «Руханият» орталығы ЖШС-ның директоры қызметін атқарған. Тілешовке дейін басқарма бастығы болған Оразкүл Асанғазы 2012 жылғы 15 қаңтарда өткен ҚР Парламент Мәжілісінің сайлауында төменгі палата депутаты болып сайланды.
2012 жылғы 25 қаңтар, сәрсенбі күні өткен бесінші шақырылымдағы Астана қалалық мәслихатының алғашқы сессиясында оның хатшысы, тұрақты комиссиялардың мүшелері мен төрағалары сайланды.
1 ақпаннан бастап Астанада елордалық Ішкі істер департаментінің тұрғындардан заңсыз сақталып келген қару-жарақ, жарылғыш құрылғыларды сатып алу бойынша акциясы басталад
Астанадағы Есіл өзенінде 19 қаңтар күні христиандық дәстүрге сәйкес мұз ойықтарында суға шомылады. Барлық ниет білдірушілер оған сағат 11.00-де Константин-Еленин соборында өтетін рәсімнен кейін қатыса алады.
Дүйсенбі, 16 қаңтар күні Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) кезектен тыс XVIII сессиясы болды.
Нұрсұлтан Назарбаев штабтың мүшелерімен, партиялас серіктестерімен, сенім берілген адамдармен, жұртшылық өкілдерімен, волонтерлермен, жастармен кездесті.
Мемлекет басшысы экзит-полл нәтижелері бойынша дауыс берудің алдын ала қорытындылары жарияланған жаңалықтарды көріп болғаннан кейін жиналғандардың алдында сөз сөйледі.
Астана. Жексенбі күні парламент мәжілісі (төменгі палата) сайлауында Қазақстанның әлеуметтік-саяси зерттеулер институты жүргізген exit-poll нәтижесіне сәйкес, «Нұр Отан» партиясы сайлаушылардың 80,5% дауысына ие болған.
Астана. Парламент Мәжілісінің кезектен тыс және мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауында дауыс беру аяқталды.
Қазақстанда Парламент Мәжілісінің партиялық тізім бойынша депутаттарының кезектен тыс сайлауы және Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы өтіп жатыр.
Астанада сағат 6.00-де 183 сайлау учаскесі ашылды. Халықаралық және отандық бақылаушылардың, сайлау комиссияларының төрағалары мен мүшелерінің қатысуымен сайлау жәшіктері ашылып, бюллетендер саналды. 20-30 минуттан соң алғашқы сайлаушылар келе бастады. Бірақ сайлау сағат 7.00-де Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалған соң басталды.
2012 жылғы 9 қаңтарда Тұрғын үй басқармасында кезекте тұрған 180 азамат қоныс той иелері атанды.
Мемлекеттік қордан Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары 6 пәтерге, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік мекеме және әскери қызметкерлер - 82, халықтың әлеуметтік әлжуаз топтары 91 пәтерге ие болды, олардың қатарында 3 көпбалалы отбасылар, 34 толық емес отбасы, жетімдер - 11, зейнеткерлер - 17, Ауғанстандағы әскери қимылдардың қатысушылары - 9, І және ІІ топ мүгедектері - 14, ЧАЭС апатының зардабын жоюға қатысушы – 1, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған 1 отбасы, төтенше жағдай кесірінен баспанасынан айырылған 1 тұлға бар. Олардың барлығы 2000 жылдан 2003 жылдың шілде айына дейінгі аралықта тұрғын үй жағдайын жақсартуға есепке алынған.