

Сәлеметсіз бе!
Бұл интерактивті айдар болып табылады.
Бұл жерде сайтқа кірушілердің Астана әкімі Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетовке жолдаған хаттарының жауабы жарияланады.
Сіздің хатыңыз қарастырылуы үшін келесі қабылданған ережелерді сақтау қажет:
- берілген форманың барлық жолдарын дұрыс толтыру қажет:
1) өз тегі, аты, әкесінің аты,
2) қажет болған жағдайда сайт редакциясының қызметкерлері сізбен хабарласуы үшін электронды мекен-жай;
- бір хатта нақты және мазмұнға сай бір сауал жіберілуі қажет. Сіздің хатыңыздың мәтіні 1000 символдан аспауы тиіс (20 жол).
- белгілі бір тақырыпқа қатысты сұрақтарды тиісті санатқа жазу қажет. Оны толтыру үшін ұсынылған формадан таңдап алуға болады. Егер сіз сұрағыңыз қандай санатқа жататынын білмесеңіз, «Әр түрлі» санатын таңдаңыз.
- қойылып отырған сұрақ республиканың басқа өңірлеріне қатысты болмауы тиіс;
- сұрақ анайы түрде, біреуге тіл тигізетін сарында болмауы тиіс.
Жарияланған жауаптармен танысуды ұсынамыз. Себебі бұған дейін ақпарат берілгендіктен, нақтылауды талап етпейтін қайталанып отыратын сұрақтар қаралмауы мүмкін.
Сондай-ақ, орфографиялық қателері мен қысқартылып жазылған сөздер жиі кездесетін, әрі бас әріппен жазылған өтініштер қаралмайды.
Сайт редакциясы жоғарыда көрсетілген ережелерге сәйкес келмейтін хаттарды, оларға жауап қайтармай алып тастауға құқылы.
1. каладагы су кубырын ким жондейди?
2. неге горводоканал биз жондемеймиз дейди, оздерин жондендер дейди?
Биз халык налог толеп отырмызгой десем, горводоканал сендер налогты суга толеп жатсындар кубырга емес дейди, сонда халык кудайдын тегин суына налог толеп отырганыма?
горводоканал Коктал - 2 шагын ауданынын суын авария деп оширди, ертесинде су али жок, баска кошелерде су бар, биздин кошеде су жок, кошеде бир гана колонка жане бир гана кольцо, горводоканал кольцаны биз карамаймыз дейди, горводоканал суды оширгеннен кейин неге жондеп аягына дейин косып бермейди? адрес:Коктал-2, ул. Кайнар, дом: 34,32,30,25,23
- Данияр, коммуналдық магистралды су құбырына түсетін су барынша тазартылады және ол қымбат тұрады. Осының арқасында бүгінгі таңда Астанадағы ауыз су сапасы өте жоғары әрі халықаралық стандартқа сай. Бұдан өзге тазарту орнынан сіздің үйге жеткенше су магистралды желілер арқылы ондаған шақырымдардан өтіп келеді. Ал оның құрылысы, оны ұстап тұру өте қымбат. Сондықтан да сіз «құдайдын тегін суына» емес, тұрғындарды сумен қамтамасыз етудің нақты қызметіне ақы төлеп отырсыз.
Ал енді нақты сіздің жағдайыңызға тоқталатын болсақ, 2009 жылы 5 маусымда ҚР Үкіметінің № 832 қаулысымен бекітілген Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану ережесіне сәйкес Қызмет көрсетуші мен жеке меншік тұрғын үйдің иесі болып табылатын тұтынушының сумен жабдықтау және су бұру желілері арасындағы теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасы болып елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйесіне қосылған жердегі құбырға ұштасу болып табылады.
«Көктал-2» тұрғын алабы, Қайнар көшесінің №34,32,30,25,23 үйлерінде судың болмауына жеке тұрғын үйге жеткізер тұстағы су құбырының қатып қалуы себеп болып отыр. Бұл жағдай нормативтерге қарамастан, жеке су құбырлары қажетті 2,5 метр емес, одан әлдеқайда аз тереңдікте орналасуының нәтижесінде орын алып отыр. Су құбырының қалалық желіге қосылар тұсынан үйге дейінгі аралықтағы ақауларды аталған үйлердің тұрғындары өздері жөндеуі қажет.
- Сәлеметсізбе Иманғали Нұрғалиұлы! Осыменен хатымды 3рет жолдап отырмын.Менің хатыма жауап алалмадым. /Отчуждение деп/ 2005 жылы 21 желтоқсанда біткен нәрсе қалай пайда бола бермек? Сатып алған адам үйді өзінің меншігіне алда қашан өткізіп алған./договор купли продажи №9500 от 21/12/2005 г. кадастровый №021:318:041:514:15:101 279:15:101/ Бұдан артық тағы не керек өздеріне. Менің меншігімде не пәтер,не жер жоқ екені айдан анық болып тұр ғой. Білім саласында жұмыс істейтіндерге пәтер берілмей ме? Бұл хат сізге жіберілмей тұрған сияқты.Осы хатпен айналысып отырған мамандарыңыз жауабын бере алмайтын болса, сіздің қабылдауыңызды сұраймын. телефон: 55-74-21, 8-701-545-85-26
- Қания Құралқызы, қорытынды шығару кезінде тұрғын үй комиссиясы міндетті түрде өтініш берушіде меншік құқығында баспананың болуы немесе оның 2005 жылдан бері меншіктен шығару фактілерін есепке алған. Тұрғын үйі бар немесе баспанасы болып, ол 2005 жылдан бері меншіктен шығарылған азаматтарға пәтер берілген жоқ. Сіз жалғыз басты ана ретінде Мемлекеттік қордан тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегіне тұра аласыз. Ол үшін сізге қажетті құжаттарды ХҚО-ға тапсыру қажет.
- Құрметті, Нұрғали Иманғалиұлы! Менің сізге сауалым: Анам Астана қаласында мектеп мұғалімі (еңбек өтілі 33 жыл) 158 балмен мемкеттік мекеме қызметкері деп алғашқы тізімге шыққан. Бірақ үй берілмеді. Осыған байланысты осынша жоғары балмен үй алу үшін қайтадан өтініш беру керек пе? Осы бағадарлама жалғасын таба ма?
- Назым Ниязбекқызы, анаңыздың аты-жөнін көрсетпегеніңізге байланысты, сізге оның мемлекеттік бағдарлама бойынша өтпеу себебін түсіндіру мүмкін болмай отыр. Жалпы, мемлекеттік ұйым қызметкері санаты бойынша бірінші өлшемге бір бөлмелі пәтерге 163 ұпай, екі бөлмелі пәтерге 113, ал үш бөлмелі пәтерге 98 ұпай алған өтініш берушілер тұрғын үй комиссиясының оң қорытындысына ие болған. Тұрғын үй комиссиясы шешім шығару кезінде отбасы құрамын да есепке алған.
Сонымен қатар, еске сала кетейін, тұрғын үй комиссиясының Тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларына ұпай беру жөніндегі шешімімен келіспеген жағдайда, оған шағым түсіруге арнайы уақыт белгіленген болатын. Қазір аталған шешім күшіне енді, оған тек сот арқылы шағымдануға болады.
- Құрметті Иманғали Нұрғалиұлы! Мен көп балалы.Отбасымызда бес бала бар.Мен Мемлекеттік Тұрғын үй бағдарламасының IIкезеңіне тапсырып едік, бірақ 148 балл жинап комиссияның оң шешіміне ие бола алмадым.Көп балалы ана ретінде қалай жеңілдікпен үй алуға болады екен?(Қазір бөлме жалдап тұрамыз 35000 теңге.Балаларым әлі жас екеуі бала бақшада...)
- Гауһар Қалауқызы, біздегі мәлімет бойынша сіз мемлекеттік бағдарламаға мемлекеттік бюджет қызметкері ретінде құжат тапсырғансыз. Сізге бірінші өлшемге 58 ұпай – еңбек өтіліңізге, екінші өлшемге – 78 ұпай және 9 ұпай кәмелетке толмаған үш балаңызға берілген. Бұл санат бойынша ең төменгі өту ұпайы бірінші өлшемге - 98 ұпай, екінші өлшемге - 63 ұпай және үшінші өлшемге - 6 ұпай. Сіз аз ұпай жинағандықтан тұрғын үй комиссиясының оң шешімін алмағансыз.
Аз қамсыздандырылған көп балалы отбасылар Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспанаға мұқтаждар ретінде кезекке тұруға құқығы бар. Бұл туралы толыққанды мәлімет және қажетті құжаттар тізімімен біздің сайтымыздың «Біздің қала. Тұрғын үй» деп аталатын бөлімінен немесе ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңынан таныса аласыз.
- Құрметті Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов ассалаумағалейкум! Мен 2008-2010жж.Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде документ тапсырғанмын (Расписка 3524) «Жас отбасы» санаты бойынша бірінші кезеңдегі кезекте бармынба?
- Бақытжан Сапарұлы, сіздің құжаттарыңыз мемлекеттік бағдарламаға қатысу үшін мемлекеттік кәсіпорын қызметкері ретінде қабылданды. Сізге екінші өлшемге 18 ұпай – еңбек өтіліңізге және төртінші өлшемге 6 ұпай – екі балаңызға берілген. Ең төменгі өту ұпайы бұл санат бойынша бірінші өлшемге 10 ұпай – әлеуметтік саладағы жұмысы үшін, екінші өлшемге 78 ұпай – еңбек өтіліне және төртінші өлшемге – 3 ұпайды құрайды. Сіз өлшемдер бойынша аз ұпай жинауыңызға байланысты тұрғын үй комиссиясының оң шешіміне ие болған жоқсыз.
Сонымен қатар, еске сала кетейін, тұрғын үй комиссиясының Тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларына ұпай беру жөніндегі шешімімен келіспеген жағдайда, оған шағым түсіруге арнайы уақыт белгіленген болатын. Оның уақыты бүгінде аяқталған. Қазір аталған шешім күшіне енді, оған тек сот арқылы шағымдануға болады.