Астаналық оқушы әлемде теңдесі жоқ таяқша ойлап тапты

Тоғызыншы сынып оқушысы Әлихан Рахметов ойлап тапқан таяқ су қараңғы көрмейтін және зағип жандарға арналған, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.  


Оқушы № 73 мектепте оқиды. Ол өзінің өнер тапқышын осы мектеп қабырғасындағы STEM-лабораторияда жасап шыққан.


Оқушының сөзінше, роботты таяқша датчиктер мен динамика арқылы жұмыс жасайды. Таяқша 1 метрдегі бөгетті дыбыс арқылы білдіреді. Сонымен бірге электронды конструкция айналадағы бөгетті 90 градуста көрсетеді. «Датчик алдындағы бөгетті көргенде дыбыс береді. Онда динамика арқылы сигнал беретін  ультрадыбысты сенсор орнатылған. Біз арнайы 4 000 герц жиілікке қойдық, ол кез келген жерде де, тіпті қаланың қым-қуыт шуында да анық ұстайтын болады», - дейді оқушы.

Осылайша датчик әрекет еткенде, құрылғы дыбыс береді. Бұл таяқты ойлап табуға бір ай кеткен. Ол қарапайым заттардан жасалған пластиктен және 500 теңгеге сатып алынған тұрбадан жасалған. Ал электронды жабдықтар мектепте болған. «Жай таяқшаны алып соған осы құрылғыны орнатуға болады. Таяқша қуаттағыш арқылы жұмыс жасайды, үй жағдайында қуаттауға болады, толық қуатталғанда бір аптаға жетеді», - деді Әлихан. Бұл жобаны жасауға STEM-зертхана ұстазы Жанат Нұғыманов көмектескен. Мұндай таяқша әлемде жоқ.


«Әлихан өте алғыр бала, оған үлкен үміт артып отырмыз. Ол былтырдан бастап жаңартылатын энергия көздері, түрлі кішкентай су электр станциялары туралы көп білгісі кеп қызықты. Жуырда ол командамен республикалық ақпараттық технологиялар конкурсында 3 орын алды», - деді жетекшісі.


Әлихан бұл өнертапқышын патенттеп оны жүзеге асырмақшы. «Біз бұл таяқшаны азын аулақ ақшаға сатпақпыз, дегенмен бұл әлеуметтік жоба ғой. Бізге мұны жинауға шағын орын керек», - деді оқушы. STEM-лабораторияда төрт бағытта білім береді. Ғылым, технология, инженерия және математика. Балалар осында роботехника, 3D модельдеу және бағдарламалауды оқиды.


Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz