Ұстаз – шет-шегі жоқ мамандық

Ұстаз. Осы сөзде қаншама мағына жатыр. Ұстаз үлкен өмірге қадам басуға, құрметтеуге, жақындарыңа және мәңгілік құндылықтарға деген махаббатқа үйретеді. Астана әкімдігі ресми сайтының тілшілері ерекше ұстаздармен – есту қабілеті төмен және көзі нашар көретін балалармен жұмыс жасайтын педагогтармен танысып қайтты.

14 жылдық білім беру тәжірибесі бар Гүлдана Мырзабаева осымен үшінші жыл қатарынан математика пәнінен есту қабілеті төмен балаларды оқытып келеді. Жас маман астанадағы № 65 түзету мектебінде еңбек етеді. Ол үшін кімдерді болсын оқыту маңызды емес, бастысы – жан-дүниесімен беріліп істеу.

«Түзету мектебінде арнайы бағдарламамен жұмыс істейміз, біздің балалар есту аппараты мен кохлеарлы имплант тағып жүреді. Мұнда негізінен 3-4 дәрежедегі саңырау диагнозы қойылған балалар оқиды. Біздің жұмысымыз түрлі пәндерді оқытумен шектелмейді, біз балалардың дыбысты айтып үйренуін қалыптастырамыз, есту қабілетін дамытып, олардың сөздік қорын кеңейтеміз», - деді педагог.


Ең бастысы оның жұмысындағы маңыздылық – ұстаздың күн сайын балалардың шынайылығымен қауышып отыратындығы.


«Педагог болуды бала күнімнен армандадым, осы мақсатыма біртіндеп жақындадым. Меніңше, ұстаздық ол да бір сенің жаның қалап істейтін миссия деп есептеймін, өйткені балаларға әрқашан ерекше ықыласпен қарайтынмын. Әрине, құлағы нашар еститін оқушымен көп уақыт өткізесің, әрқайсысына ерекше көңіл бөлесің. Бірақ ол соған татиды. Ерекше балалардың жан сарайы ашық, шынайы, сенгіш болады. Сен олар үшін туысындай болып кетесің», - дейді математик.


№ 65 есту қабілеті төмен балаларға арналған түзету сыныптарында оқу-тәрбиелеу жөніндегі директордың орынбасары Рауан Бақыт та дәл осы ойда. Педагог өз жұмысын қатты жақсы көреді. Ерекше балаларды оқытуда Р. Бақыт оларға тек қана мұғалім ғана емес, өмірлеріндегі ең маңызды адамға айналып үлгерген. «Балалармен бірге солардың бірде жетістігіне, бірде төмен құлағанына қосылып қайғырамын. Біздің әр күніміз оқудағы, спорттағы, өнердегі жаңа ашылулар сияқты өтеді. Менің жұмысымда бастысы, ерекше балаларды дамытуға үйлесімді жағдай мен сапалы білім алуға жағдай жасау. Мен осыған барлық 100 пайыз күшімді салып жатырмын», - деді ол.


Ұстаз болу оңай шаруа емес, ал ерекше күтімді қажет ететін баланың ұстазы болу – бұл екі есе жауапкершілік. Астана әкімдігінің ресми сайтының редакциясы барлық педагогтарды Ұстаздар күнімен құттықтайды.


Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz