Астанада алғаш рет глютенсіз өнім шығаруды бастады

Қазақ ғылыми-зерттеу институтының зерттеу тобы алғаш рет отандық тамақтану өндірісіндегі глютенсіз ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін зертхана құрды, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты. 


Институт жүргізген сауалнаманың нәтижесі бойынша, Қазақстанда целиакиямен ауыратын 11 жасқа дейінгі балалар саны 67 %, 11-ден 12 жасқа дейін - 15%, 21-ден 35 жасқа дейін 17 %. Ауру балаларда байқалған аурудың негізгі көрінісі мынадай: аласа бойлы, қан аздық, психоневрологиялық бұзылушылық және аллергия. Тек глютені жоқ тағамдармен диета сақтау арқылы асқынудың алдын алып, физикалық және интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етуге болады.

Бүгінге дейін ұннан жасалған глютенсіз өнімдерді әлемде Америка және Еуропа елдерінде арнайы рецептпен әзірлеп, жер жүзіне өнімді импортқа шығарады. Өкінішке қарай, өнімнің дәл осы санаты өте қымбат тұрады және Қазақстанда целиакиямен ауыратын тұрғындар үшін барлық кезде қолжетімді емес.


«Кейбір отбасыларда бірнеше балалар ауырады. Глютенсіз өнімдердің бағасы глютені барына қарағанда он есе қымбат, сондықтан адамдар шығынға көбірек батады. Барлығы да сапасы жағынан шетелдікінен кем түспейтін отандық өнімнің өндіріліп шыққанын қалайды», - дейді өсімдіктану өнімдерін қайта терең өңдейтін зертхананың бас ғылыми қызметкері Ольга Полуботько.


Қазіргі таңда институтта ұннан кондитерлік қоспа мен ботқа алу бойынша зерттеу жүргізілуде. Шикізат ретінде Қазақстанның түрлі өңірінде өсірілетін жүгері, күріш, тары, зығыр алынды. Зерттеу барысында аталған дақылдарда глютен целиакияны тудырмайды. 


«Әзірге зерттеу үшін біз осы өнімдерді алдық. Олардан біз глютені жоқ өнім аламыз, олардан кекс пен печенье жасалады. Талқан қосылған печенье бірінші рет жасалды. Талқан оған өте жақсы дәм беріп тұр, дегустаторлар жоғары деңгейде бағалады. Сондай-ақ тез дайындалатын глютенсіз ботқа дайындаймыз. Алдағы уақытта басқа да дақылдарды зерттейміз. Жоспарымызда макарон өнімдері де бар, себебі көпшілігі макарон өнімдері мен ет асуға арналған қамырға қызығады», - деді өнімдердің жасалу барысы туралы айтқан Ольга Полуботько.


Институттың қызметкерлерінің айтуынша, импорттық өнімнің құрамында крахмал мен басқа да қоспалар өте көп. Зерттеушілер осыған орай өз жоспарларында отандық өнімнің құрамында жасанды қоспалардың аз мөлшерде болуын ескеріп отыр. Қаз ҰЗИ ғылыми хатшысы Дариғаш Шаймерденова Финляндияның Қазақстанмен бірлесіп макароннан глютені жоқ өнім дайындауға қызығушылық білдіріп отырғанын жеткізді.

Қаз ҰЗИ сонымен қатар басқа да тамақтану өнімдерін қайта дайындау туралы зерттеу жүргізіп жатыр, олар: лактозасыз сүт қышқылы, құрамында  пектині бар,  трансизомері жоқ майсыз өнімдер мен дәнді-бұршақты дақылдар.

Институттың қызметкерлерінің айтуынша, импорттық өнімнің құрамында крахмал мен басқа да қоспалар өте көп. Зерттеушілер осыған орай өз жоспарларында отандық өнімнің құрамында жасанды қоспалардың аз мөлшерде болуын ескеріп отыр. Қаз ҰЗИ ғылыми хатшысы Дариғаш Шаймерденова Финляндияның Қазақстанмен бірлесіп макароннан глютені жоқ өнім дайындауға қызығушылық білдіріп отырғанын жеткізді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz