Мотивация – әлеуметтік кәсіпкерліктің табысты кепілі

6 қарашада Астанада әлеуметтік кәсіпкерлер форумы өтеді. Шара қарсаңында Астана әкімдігі ресми сайтының тілшісі әлеуметтік осал топқа жататын адамдар жұмыс істейтін Green Tal әлеуметтік шеберханасын ашқан бизнесмен Эмин Аскеровпен сөйлескен болатын.

- Эмин, Green Tal әлеуметтік шеберханасының ашылу тарихын айтып берсеңіз? Идея қалай пайда болды, жобаңыздың қызметі неге бағытталған?

- Әлеуметтік жобаны біз 2015 жылы Best for kids қорының қолдауымен аштық. Идея халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобының арасында жұмыссыздық деңгейінің көптігінен туындаған болар, бәлкім. Мамандығым бойынша екінші буындағы әлеуметтік қызметкермін. Анам осы салада жұмыс істеген. Сол себепті, осылайша өте маңызды мәселені шешуді қолға алдым. Шеберхананы құрудағы негізгі мақсатым – мүгедектерді оқыту және оларды жұмысқа орналастыру. Қазіргі таңда бізде алты бағыт бар: столяр цехы, полиграфия, тігін цехы, сәндік өрнек бағыты, дәнекерлеу қызметі және ІТ-бағыт.
Жоба шеңберінде біз 34 адамды оқыттық, оның 24-і – халықтың әлеуметтік осал тобына жататындар. Алғашқы жылдары біз тал шыбықтардан, ағаштан сәндік өрнек бұйымдарын жасадық, шеберхананың да түп негізі осы болатын. Келесі жылы біз республикалық деңгейге шығып, өзіміздің шеберханамыздың филиалын өзге аймақтардан да ашқымыз келеді.



- Форум шеңберінде әлеуметтік бизнесмендер өзінің жобасы мен стартаптарын ұсынады. Қанша адам қатысқалы жатыр? - Бұл Қазақстандағы  әлеуметтік кәсіпкерлердің алғашқы форумы, мұнда мемлекеттік органдар мен әлеуметтік бизнес өкілдерінің арасында диалог орнатылады. Негізгі міндет – заманауи қоғамның мәселелерін ары қарай шешу мақсатында қалай бірлесіп жемісті ететінімізді ойлану. Форумға Қазақстанның түрлі аймақтарынан 150 қатысушы келуі тиіс. Сонымен қатар, әлеуметтік жобалар ұсынылатын көрме де өткізіледі деп жоспарлануда. 


- Кәсіпкер – бірінші кезекте тәуекелді есепке алатын адам. Жаңа іс әу бастан табыс әкеледі деген алтын ереже бар ма?

- Егер кәсіпкер туралы айтар болсақ, бірінші кезекте ол өзімен бірге еретін команданы қамқорлығына алуы керек. Ол командаға көмектеседі. Оны «қауіпсіздік жастықшасына» балауға болады . Екінші есепке алатын дүние – оны егжей-тегжейіне дейін ойластыру керек. Бастысы айналысатын кәсібіңді алдымен өз басыңда зерттеген абзал. Бизнес-жоспар өте маңызды, онда жобаның барлық нюанстары мен детальдарын есепке алып, өз идеяңның сомасын есептеуің керек. Қазіргі таңда көпшілігі біле бермейтін мемлекет тарапынан қолдау көрсететін гранттар көп. Тек осындай жобаларды кімдердің қолдайтынын білуге деген құмарлық керек.  


Бір сұхбатыңызда сіз адамдардың байындағы басты қасиет – likeability депсіз. Осыны тарқатып айтып беріңізші, бұл әрбір адамға қатысты айтылған сөз бе?

- Егер сөзбе сөз аударсақ, бұл тіркес «бәріне ұнау» деген мағынаны білдіреді. Әрбір кәсіпкер осы қасиетті меңгеруі керек, себебі біздің барлық өміріміз араласудан, бір бірімізбен өзара әрекеттесуден тұрады. Егер біз адамдарды өзімізге тартудың орнына кері итеріп тұрсақ, өкінішке қарай бізбен ешкім де жұмыс жасағысы келмейді.   


- Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту қаншалықты маңызды? Халықтың әлеуметтік осал тобындағы адамдарға көмектесу үшін бизнесмендерге қалай мотивация беруге болады?

- Меніңше, бизнеспен де айналысып, қоғамның да проблемасын шешуге болады. Мысалы, халықтың әлеуметтік осал тобын жұмысқа орналастыру. Егер осы мәселені дамытсаңыз сіз өсе түсесіз. Өзімнің байқағаным, әлеуметтік осал санатқа жататын адамдармен жұмыс істеген қызықты. Себебі олардың көбісі үйінде отырып қалғандар, олар жұмысқа мерекеге келгендей асығады. Екіншіден, олар жұмысты бар ынтасымен істейді, жұмыстан айрылып қалмас үшін қолынан келгенше бәрін үйренуге тырысады. Мотивация оларды шыңдай түседі.
Ал кәсіпкерлердің мотивациясына келсек, жұмысты мемлекетпен бірлесіп жасау керек. Осы механизмдегі өзіңнің рөліңді түсінгенің маңызды. Мұнда мынадай схеманы дамыту қажет, яғни бизнес үшін қосымша жеңілдіктер мен артықшылықты білу. Мемлекет адамдар өзіне қызықты жұмыс тауып алуы үшін барлық жағдайды жасап отыр. Ол үшін қорқынышыңды жеңіп, орын іздеп, әңгімелесуден өтіп, өзіңнің қабілетіңді көрсету үшін сынақ мерзімінен өтуді сұрануың керек. Егер жұмыс беруші алдында отырған адамның тәжірибесіз екенін көрсе, оған үйрену үшін мүмкіндік беруі керек. Ал жұмысшыдан осы мүмкіндігін көрсету талап етіледі. Мұнда бастысы, психолог болу және әрбір адамға жеке-жеке қадам жасап, жеке ықылас бөлуің қажет. 



- Егер кәсіпкерліктің нақты осы түрін дамыту туралы айтар болсақ, ол қандай қасиеттерді бойға сіңіреді?

- Мұндай адамдармен жұмыс жасау арқылы сен рухани тұрғыда өсе түсесің. Сен проблемасы бар адамды көріп тұрып, оған балық та, қармақ та емес, сол қармақты қалай жасау керектігін айтсаң, оның жұмыс істеп ақша табуға, күшті болуды үйренемін деген мүмкіндігі пайда болады. Ол жерде сен тек өзіңді ғана ойламайсың, басқа адамдардың да дамуына мүмкіндік бересің. Осының нәтижесінде саған келген адам өзгереді. Бұл адамға өте күшті шабыт пен рух береді. Бастысы – өзара көмек, оның қиындығын түсіну, эмпатия!


Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz