iKomek 109

iKomek 109 туралы

Бүгінде Астана әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығы коммуналдық кәсіпорындардың барлық байланыс орталықтарын біріктіреді және 24/7 тәртібінде жұмыс жасайтын қала тұрғындарымен байланысатын жалғыз орын болып табылады.

Барлық өтініштер өңделеді және тіркеу нөмірі беріліп, тұрғындар өтініштерінің тізіліміне енгізіледі және мәселені белгіленген мерзімде шешу үшін әрі қарай мемлекеттік органдарға, коммуналдық қызметтерге жіберіледі.

Күнделікті 5000-нан астам өтініш келіп түседі. Өтініштерді өңдеу пайызы 99% құрайды, iKomek орталығының операторлары тұрғындардан өтінімдерді барлық байланыс арналары арқылы қабылдайды:

  • Әлеуметтік желілерде #astana109 хэштегі
  • Қалалық әкімдік сайты www.astana.gov.kz
  • Telegram чат-боты: https://t.me/astanaikomek109_bot
  • Қалалық және мобильді телефондардан 109 нөміріне тегін қоңырау шалу

Ағымдағы жылдың өткен кезеңі ішінде өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, аудан, әкімдік аппараты мен басқармалар кеңселеріне келіп түсетін ресми өтініштер саны 20%-ға төмендегені байқалады.

iKomek орталығының қызметтер каталогында 1050-ден астам қызмет бар, оларға оператор бірінші қоңыраудан-ақ жауап бере алады.

Тұрғындар өтініштерінің 77% бірінші қоңыраудан жабылады және аталмыш көрсеткішті 85%-ға жеткізу жоспарда бар.