1937

Инсталляция, көркем сурет, мүсін – Лондонда қазақстандық өнер көрмесі ашылды

«Көшпеліден кейінгі көкжиек» көрмесіне 33 суретші қатысады, олар постмодернизмнің заманауи тілінде көркем сурет, фотосурет, мүсін, инсталляция және видео секілді әртүрлі шығармашылық медиада жұмыс істейді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты  primeminister.kz сілтеме жасап.

Көрме шығармашылық тәжірибелер арқылы «көшпеліден кейінгі» тұжырымдамасын көрсететін қазіргі заманның суретшілері мен кеңестік ізашарлары арасындағы диалог түрінде Қазақстанның заманауи өнерін ұсынады.

Көрме кураторлары Индира Дүйсебаева мен Алия де Тизенгаузен әлемдік ағымдар негізінде Қазақстанның өнер тарихындағы жағдайды, сондай-ақ жаһандану тұрғысынан қазақстандық әлеумет сипатын қарастыруды ұсынады.

Алия де Тизенгаузен атап өткендей, кеңестік кезең көшпелі өмір салтының түбегейлі жойылуына әкелді, ал қазіргі жаһандану дәуірі әлі де сақталып қалған көшпенділік нышандарына – дәстүрлері мен мәдениетіне ықпалын тигізуде.

«Постномадизм» ұғымы Қазақстанмен байланыстырылатын, кеңес дәуіріндегі суретшілер де, қазіргі замандастары да белсене қолданатын көшпенділер дәуірін білдіреді, "Көшпеліден кейінгі сана" көрменің ағылшын тіліндегі атауының сөзбе-сөз аудармасы. Бұл мағынасында "сана" сөзі біздің елмен байланыстырылатын визуалды таптаурындықтан арылып, суретшілердің еңбектерін өткен мен болашақты санада да, санадан тыс та қайта пысықтау ретінде талдауға деген құштарлықты айқындайды», - деді А. де Тизенгаузен.

Көрме жетекшілерінің айтуынша, ұсынылған жұмыстар суретшілердің көрерменнің алдына қойып отырған, көрермен национализм, традиционализм, консюмеризм, феминизм, постколониализм және постномадизм субъектісі немесе объектісі ретінде атқаратын түрлі рөлдері туралы сауалдары іспетті.

«Көшпеліден кейінгі көкжиек» көрмесіне келесі авторлардың жұмыстары қойылды: Салихитдин Айтбаев, Асхат Ахмедияров, Саид Атабеков, Сырлыбек Бекботаев, Александр Бибин, Бақыт Бүбіқанова, Ағымсалы Дүзелханов, Сәуле Дүйсенбина, Владимир Эйферт, Камила Ғабдуллина, Әсел Қадырханова, Әбілхан Қастеев, Дәурен Қастеев, Молдахмет Кеңбаев, Рустам Хальфин, Макум Кисамединов, Ғалым Маданов және Зәуреш Терекбай, Ғайша Маданова, Ербосын Мелдібеков, Алмагүл Меңлібаева, Еркін Мергенов, Гүлнұр Мұқажанова, Аза Шаденова, Сәуле Сүлейменова, Зитта Сұлтанбаева, Әбдірашит Садыханов, Бақтияр Табиев, Қанафия Телжанов, Александр Угай, Павел Зальцман, Владимир Твердохлебов, Шолпан Шарбақова.

Көрме кураторлары: Индира Дүйсебаева–Зиябек, Алия де Тизенгаузен, куратор-ассистент Алима Боранбаева және консультант Ольга Сова.

Көрме 16 қазанға дейін ашық болады. Өтетін орны: The Wapping Project: 37 Wapping Wall, St Katharine's & Wapping.

Мәселен, көрмеде Алмагүл Меңлібаеваның «Айша Бибі көбелектері» бейнеинсталляциясы ұсынылған, онда суретші өзінің көшпелі тамырын, Орта Азия халықтарының шамандық дәстүрлерін тереңінен тарта отырып, мифологиялық жүйелілігін аша түседі. Ербосын Мелдібековтің «Коммунизм шыңы» туындысы соңғы 130 жылдың ішінде атауы алты рет өзгертілген Памир шыңдарының бірінің ауысу процесі арқылы өңірдегі идеологиялық өзгерістерді зерделеуді білдіреді.

Ғалым Маданов және Зәуреш Терекбай дуэті көрмеде «Трансгрессия» инсталляциясын паш етті, бұл шығарма 54-ші Венеция биенналесінің Орталық Азия павильонында көрсетілген болатын. «Трансгрессия» — бұл қазақстандық қоғамда орын алған күрт және іргелі өзгерістерді ой елегінен өткізу.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109