Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

1383

Астанада екі облыстың жәрмеңкесі өтуде

Бүгін және ертең «Қазақстан» СК-нің жанындағы алаңда аймақтар тауар өндірушілерінің қатысуымен ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтуде, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Осы жолы Түркістан және Ақтөбе облыстарының өндірушілері өз өнімдерін ұсынуда. Екі облыс елордаға 700 тоннадан астам ауылшаруашылық өнімдерін әкелген. Айта кетейік, тауар бағалары Астана базарларындағы бағадан төмен. 

«Бағалары біздің базарлардағы бағадан төмен. Көкөністер мен жеміс-жидек шамамен 20% арзан. Арнайы Түркістан облысынан көкөніс алайын деп келдім. Ал Ақтөбе облысынан ет және ұн алдым», деді қала тұрғыны Арай.

Мысалы, сиыр етінің бір килограмы 1300-1500 теңге, сүттің литрі -180-350 теңге. Тауық жұмыртқасының 10 данасы 200 теңге. Картоп пен сәбіздің бағасы 80 теңге,  қызылша - 100 теңге, орамжапырақ -70 теңге.

Жәрмеңкеде сонымен қатар екі облыстың өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынуда.

Еске сала кетейік, жәрмеңке сенбі, жексенбі, яғни 22-23 қыркүйек күндері жұмыс жасайды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109