2545

Астананың көрнекті жерлері туралы квест-ойынға қатысушыларға 600 мың теңге беріледі  

14 қазанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруда және астананың 20 жылдығын мерекелеуге байланысты қала тұрғындары мен қонақтары «Астана жастар» МКК ұйымдастырған «ASTANA CITY QUEST» еліктірерлік квест-ойынына қатыса алады, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты.

«ASTANA CITY QUEST» қалалық квест форматы – белгілі бір жұмбақ жасырылған логикалық тапсырмаларды шешудің сериясын ұсынады. Ойыншыларға миссияны аяқтау үшін мобильді қосымша беріледі. Қатысушылар барлық мекенжайды тауып, сол орындарға барып, ойынды жалғастыру үшін кодты алуы керек. Жеңіп шығу үшін басқа командалардан бұрын барлық 10 тапсырмадан өтуі тиіс. Квест ойынға жалпы 25 команда қатысады.

Аталған шараның мақсаты – Астананың жастары арасында көрнекті және киелі орындарды танымал ету, астананың тарихымен, оның заманауи келбетімен таныстыру, денсаулық пен салауатты өмір салтын насихаттау, Астананың көрнекті орындары бойынша танымдық квест ойындарын құру.

Ойынның жалпы жүлде қоры 600 000 теңгені құрайды. Жеңімпаздар үш орынға бөлінеді. Үздік қатысушылар «Үздік ойыншы», «Үздік капитан» аталымы бойынша сыйлақтар алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109