2736

Мектеп медбикелері шұғыл көмек көрсету бойынша мастер-кластан өтті

№ 9 қалалық емхананың базасында автоматты дефибрилляторды қолданып жүректің кенеттен тоқтауы кезінде алғашқы көмек көрсету бойынша 84 мектептің медициналық қызметкері үшін шеберлік-сыныбы өткізілді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Оқу кезінде және дене шынықтыру сабақтарында оқушылар кенеттен қайтыс болған бірнеше қайғылы оқиғалардан соң, Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қоғамдық орындарда алғашқы көмек көрсетудің халықаралық стандарттарына сәйкес, «Ақ Жүрек» қоғамдық қорының ұсынысымен әрбір мектептің медициналық пунктіне автоматты дефибриллятор орнатып жатыр.

«Жалпы мектеп медбикесі, мұғалім оқушы есінен танған және тыныс алуы тоқтаған сәттегі 2 минут ішінде келіп көмек көрсететін болса, жүректі қайта соқтыра алады және біз осыған жағдай жасауымыз керек», - деді «Ақ Жүрек» қоғамдық қорының директоры Руслан Масхутов.

Мастер-классқа қатысушылар зардап шегушіге алғашқы көмектің қаншалықты уақтылы және дұрыс көрсетілуін практикалық тұрғыда көрді.

«Жалпыға қолжетімді ZOLL AED Plus автоматты дефибрилляторының жанама жүрек массажының сапасын бақылау сездіргісінің көмегімен мектептің медициналық қызметкері, ұстаз немесе басқа да адамдар жүрегі тоқтап қалған зардап шегушінің тіршілік функцияларын медициналық қызметкерлер келгенге дейін үзбей сақтап тұра алады. Басты жауапкершілікті басқаға артпай шұғыл алғашқы көмекті өзі көрсетуі керек. Әр адам өзіне «Шұғыл жағдайда мен біреудің өмірін сақтап қала аламын ба?» деген сұрақты қоюы керек. Себебі, сіздің қолыңызда ол адамның өмірі», - деді Р. Масхутов.

Енді бізде «Қауіпсіз мектеп, қауіпсіз ЖОО» жобасының арқасында адамдарды құтқару мүмкіндігі бар, шараға қатысушылар дәрігерлер мен медбикелер осындай курстардан өтіп, қолдарында сертификат болуы керек деген ойға тоқтады, Ал ұстаздар мен оқушылар курстардан өтіп алғашқы көмекті өздері көрсете алулары керек.  

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109