818

Бүгін әлем бойынша Халықаралық қыздар күнін мерекелеуде

Бүгін 11 қазан әлемде 2011 жылы желтоқсанда БҰҰ Бас ассамблеясы қыздардың құық қорғау мақсатында бекіткен Халықаралық қыздар күнін (International Day of the Girl Child) тойлауда. Қыздарды тәрбиелеу саласындағы танымал сарапшы, «Қазақ қызы» қоғамдық ұйымының басшысы, астана мәслихатының депутаты Қарақат Әбден әлеуметтік желідегі өзінің парақшасында видеожолдау жариялап, Қазақстан қыздарын мерекемен құттықтап, қыздардың құқығына қатысты өзекті мәселелерді қозғай кетті. 

Оның айтуынша, әлемдік қауымдастық жер жүзіндегі барлық қыздар бетпе бет келетін мәселені шешу қажеттігіне назар аудару үшін осы күнді жариялады. Бүгінде әлемде 600 миллион қыз-жасөспірім өмір сүруде. Қазақстанда статистикалық мәлімет бойынша 15 жасқа дейінгі 1 932 657 қыз бар.
«Осы қыздардың барлығының да болашағымызды жасайтын үлкен әлеуеті бар. Қыз баланың қауіпсіздік, білім мен денсаулыққа тек кризистік кезеңде ғана емес, бойжетіп, әйел болып қалыптасу кезінде де алуға құқы бар. Жасөспірім кезеңде қыздарды тиімді қолдаса олар ана болуға, жұмысшы, кәсіпкер, ізбасар, үй шаруасына да саясатта да көшбасшы болып, өз күшін іске асыра алады», - деді өзінің үндеуінде Қарақат.

Депутат мемлекеттік органдардың, ҚР Президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясаты ұлттық комиссиясының ауқымды жұмыстар жүргізіп жатқанын айта кетті. Десе де әлі де күрмеуі шешілмеген мәселелер көп.

«Қыздардың мүмкіндігін кеңейтуге салынған кез келген инвестицияның түрі олардың құқын қорғауды қамтамасыз етеді, әділетті және еліміздің болашағы гүлденуіне септігін тигізеді. Қазақ отбасында қыз ерекше орын алған, оны құрметтеп төрге отырғызған. «Қыздың жолы жіңішке», «Қыздың өмір жолы оңай емес, сондықтан ол үлкен бақытқа лайық» деген сөздер бар. Осы сөздердің түп астарында қазақ халқының барлық даналығы жатыр. Отбасында қыз баланы мәпелеп, оны аялап өсірген, осы қағидалар ұрпақтан ұрпаққа беріліп келеді», - деді Қарақат Әбден.

Ол соңғы жылдары әлемдік қауымдастық қыздардың өмірін ерте жастан жақсартуда айтарлықтай ілгерілеушілікке қол жеткізгенін айтты. Алайда он жастан асқан қыз баланың алдынан шығатын мәселелерді шешу әлі де кемшін болып тұр.

«Мәселе орта және жоғары сапалы білім алу, ерте жастан тұрмыс құру, ерте жүктілік және т.б. Өкінішке қарай, қыздарға қатысты зорлық-зомбылық – мәдени, географиялық немесе діни шекарасы жоқ елдерде бүкіләлемдік мәселе болып отыр. Қыздарға қатысты физикалық, психологиялық, жыныстық және экономикалық зомбылық жер-жерде тараған», - деді ол.

Дәл сол себепті жыл сайын Халықаралық қыздар күні шеңберінде қыздарға арналған нақты бір тақырыпта шаралар өтеді.

«Ең алғаш қыздар күні 2012 жылы аталып өтті және әлемнің көптеген елдеріндегі өзекті проблема – балалар некесі, адамның негізгі құқығын бұзу және қыздардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, балалығынан айырып, қыз өмірінің барлық аспектілеріне кері әсерін тигізеді. 2013 жылы «Қыздың қалыптасуына жаңаша қадам» атты тақырыпқа арналды, бұл заманауи қоғам үшін өзекті мәселе. Соңғы жылдары қыздардың білім алуына қолжетімді прогресс болса да көпшілігі сол күйінше негізгі құқықтарынан айырылған, оның ішінде кейбір елдерде отбасының қаржылай қиындығы, білім сапасының төмендігі, үй шаруасы мен қамқорлық жетіспейді.

2014 жылы күн тақырыбы төмендегідей болды: «Жасөспірім қыздардың мүмкіндігін кеңейту: зорлық-зомбылық циклін тоқтату». 2015 жылы күн тақырыбы: «Бүгін инвестициялау, ертеңгі әлемімізді дамытуға қосқан үлеске көмектесу». 2016 жылы күн тақырыбы былай болды: «Қыздардың жағдайын жақсарту мақсатқа жетудегі прогресті білдіреді: қыздар үшін не маңызды». 2017 жылы Қыздар күнінде көпжылдық жұмыстар аталып өтті, ол жаһанның назары мен әрекетін қыздардың кризис кезінде және кризистен кейін ұшырасатын мәселелерде мүмкіндіктер мен сын-тегеурін алдында дем беруіне бағытталды», - деді Қарақат мерекедегі тақырыптарды еске салып.

Осы жылы БҰҰ-ның қолдауымен қыздардың толғақты мәселелерін шешуде және инвестициялауға қажетті назарды тарту үшін мүдделі тараптар мен серіктестерді біріктіруді күшейту бойынша кампания басталды және де кәсіби бағыт жоспарындағы мүмкіндіктерді кеңейту.

«Бүгін Халықаралық қыздар күнінде мен ата-аналарға, білім беру мекемелерінің басшыларына, мемлекеттік органдарға, үкіметтік емес ұйымдарға үндеу жолдағым келеді. Біз кішкентай бүлдіршін қыздар мен бойжеткендерге білім алуға, мамандық таңдауда көмектесу үшін күшімізді біріктіруіміз керек. Түсіндіру жұмыстарын әсіресе ауылдық жердегі қыз балаларға жүргізіп, оларға экономикалық тәуелсіз болудың маңызды екенін жеткізуіміз керек. Қазақстанның өскелең әйелдер ұрпағына мотивация беріп, өздерінің күш-қуатын ашуға көмектесуіміз қажет», - деді мәслихат депутаты.

Ең бастысы, қоғам мен биліктің қыздарымызға жасалатын физикалық зорлық-зомбылығын түбірімен жоюға бар күшін салуы керек деп айтты.
«Біз зорлық-зомбылық туралы тек бір фактіден кейін ғана оны әбден болып қойған соң айта бастаймыз. Біз қыздарға қарсы жасалатын қылмыстың алдын алу мақсатында барлық мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар бірлесіп, тәртіпке келтірілген жұмысты қамтамасыз етуге міндеттіміз.

Біз қорғауға міндеттіміз! Сонымен бірге, қыздарды адамгершілік пен ибалы болуға тәрбиелеуді ұмытпауымыз керек. Бұл мемлекеттік саясаттың бір бөлігіне айналуы тиіс. Сөзімнің соңында Қазақстанның барлық қыздарына бақытты балалық шақ пен ашық аспан тілеймін!» - деп түйіндеді ол сөзін.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109