Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

2388

Дефибрилляторды қалай қолдану керек

«Әрбір секунд қымбат» жобасы қаламыздағы бірден-бір маңызды іс. Бұл автоматты дефибрилляторды қолданып жүректің кенеттен тоқтауы кезінде алғашқы көмек көрсету үшін қала мектептерінде орнатылып жатыр.

Бұл апаратты қолдану үшін арнайы білім керек емес,  бұл өте қарапайым қолданысқа жеңіл осы аппарат арқылы кез-келген адам алғашқы көмек көрсете алады. Құрылғыда нұсқаулық тағы бар. Қазір осындай дефибриллятор №59 лицей-мектепте орнатылған.

«Біздің мектепте 3700 бала білім алады. Қазір мектеп бойынша жылжымалы бір аппарат орнатылған. Болашақта әр блок қабаттарына орнатамыз деген ойдамын. Бастысы барлық мұғалімдер, қызметкерлер осы аппарат арқылы алғашқы көмек көрсету бойынша курстан өтті. Осы жылы жаңадан келген мамандармен тағы курс өткіземіз деген ойдамын. Бастысы, ата-аналар балаларының денсаулығын қадағалап отырса екен және бұл апаратты өте сирек қолдансақ жақсы», - дейді оқу-тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары Құралай Абеуова.

Жалпыға бірдей қолжетімді дефибриллятор автоматты жұмыс жасайды, ол жүрек соғысына байланысты автоматты түрде өз бетінше қуат разрядын таңдайды. Кәсіби емес маман бұл аппаратты бір тетікке басып қана қолдана алады. Мұндағы электродтар да ерекше, автоматты дефибриллятордағы олар гигиеналық және этикалық ұғымдарға сай бір рет қолданылады. Оларда адам кеудесінің қай жеріне қоюы керектігі көрсетілген схема бар.

«Бұл аппаратты қолдану өте жеңіл. Әлемде осындай құрылғылар шығаратын неше түрлі брендтер бар. Бірақ біздің қор кардиологтармен ақылдаса отырып «Әрбір секунд қымбат» жобасы аясында осы массаж сапасын бақылау датчигімен жабдықталған автоматты дефибрилляторды таңдадық. Мұнда жүрек тоқтап қалған кезде саспастан алғашқы 2 минутта көмек көрсету керек», деді «Ақ Жүрек» қоғамдық қорының директоры Руслан Масхутов.

Аппарат дыбыстық, визуалды және мәтіндік көмектесу арқылы қолданушыға дәйекті көмек бере алады. Оның басты ерекшелігі ол жүрекке тікелей массаж жасайды. Бала аппаратты шкафтан алып шыққанымен өзіне де, өзгеге де зақым келтірмейді.   Өйткені автоматты дефибриллятор патологиялық ырғақ анықталған жағдайда ғана  разряд береді. Дені сау адамға қолдана алмайсыз. Аппарат «Бұл адамға көмек керек емес» деген дауысты нұсқаулық айтады.

«Сіз аппараттағы нұсқаулық арқылы көмек бере аласыз, ал датчик арқылы көкірекке арналған массаждың тереңдігін және жиілігін бақылай аласыз. Датчик ортақ жүйеде ортада орналасқан. Егер қисық немесе ақырын басып тұрсаңыз құрылғы не істеу керектігін айтады. Әлемдік стандартқа сай аппараттың интерфейсінде алғашқы көмек көрсету жайлы алгоритм орнатылған», - дейді Р. Масхутов.

Дефибриллятор металдан жасалған шкафта орнатылуы керек, оған құлып салынбайды. Қор осыған арнайы шкаф жасатқан онда құрылғымен бірге үш тілде нұсқаулығы бар. Болашақта дефибрилляторлы шкафтар бірыңғай құлақтандыру жүйесі арқылы ең жақын жедел жәрдем станция сервері қосылатын болады.

Аппаратты шкафтан алған мезетте жедел-жәрдем орталығына сигнал түседі де олар қай жерде болғанын анықтап сонда жедел жәрдем көлігін жіберетін болады. Осы арқылы біз жүректің тоқтауы қай аудандарда жиі және жедел жәрдем қанша уақытта баратынын анықтаймыз. Тәртіп бойынша дефибриллятор қабырға шкафтарына ілінеді және дабылқаққыштармен жабдықталып  бейнебақылау аймағында орналасатын болды. Аппаратты кім алғаны көрініп тұрады. Қазіргі күнде тәжірибе ретінде осындай шкафтар қаламыздың бірнеше мектебіне орнатылған. Болашақта бар мектепті жабдықтау жоспарланған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109