Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

2737

Академик Рымғали Нұрғалидың құрметіне мемориалды тақта ашылды

Тақтаны Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Еуразия Ұлттық университеті ашып отыр, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін Астана қаласы әкімдігі және Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ұйымдастыруымен аса көрнекті әдебиеттанушы ғалым, ҚР ҰҒА академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Рымғали Нұрғалидың құрметіне өзі тұрған үйге орнатылған мемориалды тақтаның салтанатты ашылуы өтті.

Салтанатты іс-шараға қатысқан Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев академик Рымғали Нұрғалидың қазақ әдебиетінің дамуына және шәкірт тәрбиелеуде, елордамыз Астананың руханиятына қосқан үлесі туралы айтып өтті.

«Мен де ағамыздың шәкіртімін. Рымғали ағамыздың арқасында университет қабырғасында жүріп Мағжанның өлеңдерін, Міржақып пен Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерімен таныса бастадық. Ағамыздың қазақ ғылымына, өркениетіне қосқан үлесі орасан зор. Ағамыздың Елордаға алғашқылардың бірі болып көшіп келіп, осы қаланың мәдениетіне, руханиятына қосқан үлесін атап айтпау мүмкін емес», - деді Ермек Аманшаев.

Сонымен қатар, ол өзінің де ғалым Рымғали Нұрғалидың жетекшілік етуімен кандидаттық қорғағанын айтып өтті.

Р. Нұрғали қазақ театры мен драматургиясының тарихы, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Әуезов және басқа қазақ әдебиеті классиктерінің шығармашылығы туралы іргелі монографиялық еңбектер жазды.

«Бұл іс-шараның тәлімдік, танымдық, тәрбиелік мәні зор. Ағамыз ғылымға ынтасы бар әр қазақтың баласына қамқор бола білді. Әдебиеттегі еңбегі бір бөлек ағамызды театр танушы деп толық айта аламыз. Ағамыз Алматы төрінен Астанаға келгендегі мақсаты - Елордаға қазақи рухты енгізу, оның тарихы мен дәстүрін осы қалаға сіңіру болды. Қаладағы даңғылдар мен көшелерге берілген тамаша атауларда да ағамыздың қолтаңбасы бар», - деді Еуразия Ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов.

Салатанатты іс-шараға академик Сейіт Қасқабасов, теледраматург Сұлтан Оразалин, Еуразия Ұлттық университетінің ұстаздары мен студенттері және шәкірттері қатысты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109