1842

Астаналық Қазақстан халқы ассамблеясы Президент Жолдауын талқылады

11 қазанда Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Бірлік күні күн аясында дөңгелек үстел отырысын өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Күн тәртібінде - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын талқылады.
Достық үйіне қоғамдық келісім кеңесі мен Аналар кеңесінің мүшелері, Астана қаласы ҚХА ғылыми-сарапшылық тобының, қалалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен мемлекеттік орган қызметкерлері жиналып, маңызды істі бірлесіп талқылады. Шығып сөйлеушілер бірауыздан Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Жолдауы әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталғанын атап өтті.

Жиында сөз алған Астана қаласы қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ә. Әлпейісовтің мәлімдеуінше, Мемлекет басшысының Жолдауда маңыз берген келер жылдың Жастар жылы деп аталуы тарихи әрі стратегиялық маңызы бар шешім екеніне тоқталды. «2019 жылы нақты істерге бағытталған жобалар мен жұмыстар қолға алынатын болады. Бұл жарқын істер өз кезегінде тиімділігін көрсететіні айқын», - деді сөз орайында Ә. Әлпейісов.

Дөңгелек үстел барысында Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы ғылыми-сарапшылық тобының мүшелері Т. Кошман, О. Әлиев, Х. Маслов және Аналар кеңесінің төрағасы Я. Низамутдинова де өз пікірлерін білдірді. Олардың Елбасының Жолдауына қатысты білдірген пікірлері ортақ бағытта өрбіп, оны тиімді жүзеге асыруға уағдаласты.
Мемлекет басшысы Жолдауында алға қойған мақсаттарға қол жеткізу қоғамдағы әлеуметтік үйлесімділікті сақтау арқылы мүмкін болатынын мәлімдеді. «Әрбір қазақстандық Отанды гүлдендіруге бағытталған реформа маңызын жете түсінуі тиіс. Қазір оны табысты жүзеге асыру үшін баршамыздың бірігуіміз аса маңызды болып отыр», - деп атап көрсетілген Жолдауда.

Қазақстан халқы ассамблеясының баршаны ортақ іске біріктіру мақсатындағы қызметін бағаламау орынсыз болар еді, өйткені оның жүйелі қызметі қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған.

Жалпы Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылығы әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған Жолдауға бірауыздан қолдау білдіреді. Ол бойынша алдағы жұмыстар мен міндеттер нақтыланды.

Ол өз кезегінде этностар ынтымағын арттырып, халықты бірлікке үндейді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109