Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

331

Дарынды жастар инновациялық жобалар арқылы қала өміріне тартылады

Ертең Астанада Astana Innovations Challenge қолдауымен StartupWeekend «Sustainable city development»  ашылуы өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара барысында сарапшылар мен бизнесмендер іскерлік тәжірибелерімен, табыстарымен бөлісіп, кәсібін енді бастағандарға кеңес береді. Айта кетейік, шараға шақырылған спикерлердің бірі – Techstars компаниясының өкілі Ханна Приянка.

Бейресми әңгімелесу барысында қатысушылар бизнес идеяларының нақты бағытын анықтап, әлеуетті серіктестерді іздеуге және жобаның маңызды аспектілерін талқылауға мүмкіндік алады.

Сонымен қатар, іс-шара барысында қаржылық қолдауға ие болатын жеңімпаз командалар анықталмақ. 

 «Startup Weekend – қатысушыларға үш күн ішінде бизнес идеяларын жүзеге асыруға көмектесетін халықаралық әдіс. Біздің басты идея – дарынды адамдарды инновациялық идеялар арқылы қаланың өміріне тарту», – делінген «Астана Innovations» хабарламасында.

Іс-шара «Астана-хаб» халықаралық технологиялар паркінде Astana Expo-2017 павильоны аумағында өтеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109