Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

429

Мемлекеттік қызметкерлерге Қалалық iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығының жұмысы таныстырылды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының аумақтық және құрылымдық бөлімшелерінің 40-қа жуық басшысы «Өзгермелі әлем жағдайындағы трансформациялық көшбасшылық» тренингі аясында Астана қаласы әкімдігінің Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«ІKomek» орталығы жұмысының негізгі бағыттары – тұрғындардың өтініштерін қабылдау, орын алған жайттарды, апаттарды шешуде коммуналдық және жедел қызметтер жұмысын үйлестіру,  жағдаяттардың уақытылы жабылуын бақылау, құқық бұзушылықтарды анықтау және өңдеу, алдын алу шаралары саясатын құру, сонымен қатар қалалық бейнебақылау жүйесі арқылы қаладағы жағдаятты «дәл осы жерде және қазір» тәртібінде шұғыл бақылау.

«iKomek» орталығына қала аумағында орналасқан 6000-нан астам бейнебақылау камералары қосылды. Негізінен камералар СОО, мешіттер, ірі аялдамалар, вокзалдар сияқты адамдар көп жиналатын орындарды қамтиды. Қалалық бейнебақылау жүйесі арқылы «iKomek» орталығының операторлары тәулік бойы мектептер, аулалар, үйлердің кіреберістері және т.б. аумақтарын бақылайды» - дейді iKomek орталығының басшысы Жаннат Дүбірова.

Айта кетейік, бейнебақылау камераларының арқасында азаматтар құқықтық тәртіптің қамтамасыз етілетініне сенімді бола алады. Камераларды пайдалану құқықбұзушылықтар деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.

iKomek орталығында Астана қаласы ІІД қызметкерлерімен бірлесе жұмыс жасау нәтижесінде 2018 жылдың басынан 2 892 өтініш қабылданып, оның ішінде 2864 атқарылды. ТЖД желісі бойынша 164 өтініш қабылданып, оның 164-і атқарылды», - деп хабарлады iKomek орталығы.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109