Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

2371

Астанада Азамат Байғалиевтің «Мы, марсиане» кітабының тұсаукесері өтті

Астана қаласында Азамат Байғалиевтің «Мы, марсиане» атты фантастикалық әңгімелер жинағының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Шара барысында автор кітабын таныстырып, Қазақстандағы фантастика жанрының дамуы жайлы пікірін білдірді.
Жинақ сатылымынан түскен қаржы Rotary Club Astana қайырымдылық қорына, яғни елордада мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған екінші инклюзивті ойын алаңын құруға бағытталады.
Автордың айтуы бойынша, әңгімелер жинағы ғарыш оқиғаларынан бастап балалық шақ, соғыс пен бейбітшілік тақырыптарын қамтиды.
Кітаптың негізгі аудиториясы 16 жастан басталғанымен, егде жастағы адамдарға да қызықты етіп жазылған.
Жалпы Азаматтың еңбектерінің көпшілігі Қазақстан мен Ресейдің әдеби журналдарында жарық көріп жүр. Ол - бірнеше шығармашылық байқаулар мен әдеби сыйлықтардың лауреаты, соның ішінде жастар әдебиетін дамыту саласында Шыңғыс Айтматов қоры сыйлығының иесі. 
«Мен үшін «Мы, марсиане» кітабының сөрелер мен интернет-дүкендерден табылуы – Қазақстанда фантастика жанрының барын көрсетеді. Бұл ерекше жанр болашақта елімізде одан әрі дамитын болады. Сонымен қатар фантастикалық индустрияны қалыптастыру үшін әдеби фантастиканы дамыту керек», - деді Азамат Байғалиев.
Автор өз жинағына белгілі бір жағдайға арналған әңгімелерді арқау еткен.
Азаматтың айтуынша, фантастика жанрында жазушылар мемлекеттік қолдауды қажет етеді.
«Фантастика жанрында жазушыларға мемлекеттік қолдау қажет. Шығармашылық та басқа дүниелер секілді бастапқы кезде қолдаусыз бірден дамып кетпейді. Ағайынды Стругацкий, Александр Беляев, Кира Булычеваның мықты еңбектерінің өзі мемлекеттің қолдауымен жарық көрген. Шынына келсек, фантастика жанры білім мен идеологиялық тәрбиенің бір бөлігі. Осы тұрғыдан алғанда, әдебиет мемлекет үшін өзара тиімді екенін айту керек», - деп түйіндеді сөзін фантастикалық әңгімелердің жазушысы.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109