Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

535

Тегін дәрі-дәрмек бойынша байланыс орталығының қысқа нөмірі іске қосылды

Бірыңғай дистрибьютордың сайтында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап электронды анықтаманы іске қосу жоспарлануда, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты «СК-Фармация» ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Халықты тегін дәрілермен қамтамасыз ету мәселелері бойынша емделушілерге ыңғайлы болу үшін байланыс орталығында 1439 бірыңғай қысқа нөмірі іске қосылды. Енді Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі емделушілер кез-келген қалалық телефоннан 1439 қысқа нөміріне тегін қоңырау шала алады. Байланыс орталығының операторлары диспансерлік тіркеуде тұрған және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде амбулаторлық емді алатын емделушілерге тегін босатылатын қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізу мерзімдері, көлемдері мен жоспарланған күні туралы ақпаратты береді.

Бірыңғай дистрибьютор «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріптің айтуынша, байланыс орталығының қысқа нөмірін іске қосу – бұл денсаулық сақтауды цифрландыру шеңберінде компания жүзеге асырып отырған бірнеше жобалардың бірі. Тағы бір жоба, дәрілерді жеткізу туралы емделушілерді хабардар ету үшін жоспарланған – бұл емханаларда тегін дәрілердің болуы бойынша бірыңғай электронды анықтама.

«Анықтама емделушілердің өздеріне онлайн режимде дәрілік қамтамасыз ету бойынша барлық деректерді: қандай дәрі-дәрмектерге медициналық ұйым өтінім орналастырды, онда қашан және қандай көлемде дәрілер түсті, қазіргі кезде олардың болуын, сондай-ақ дәрілердің келесі жеткізу мерзімін көруге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Берік Шәріп.

 Жобаны бірыңғай дистрибьютордың сайтында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосу жоспарлануда.

 

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109