Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

230

ЕҰУ-дің «Физикалық ғылымдар» бағыты беделді рейтинг қатарында

Еуразия ұлттық университетінің «Физикалық ғылымдар» бағыты беделді рейтингке ендi. Рейтингке алғаш рет қазақстандық жоғары оқу орындары - ҚазҰУ мен ЕҰУ еніп отыр. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

«Times Higher Education» халықаралық рейтингтік агенттігі өмір туралы ғылым, физикалық ғылымдар, психология, клиникалық, медициналық бағыттар бойынша тақырыптық рейтинг жариялаған. Мұны университеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің «Физикалық ғылымдар» бағыты «Times Higher Education Subject rank 2019» Top 800 + беделді тақырыптық рейтингісіне кірді.

Рейтингтік әдіснамаға сәйкес, жоғары оқу орындарының рейтингісі білім беру, зерттеу, дәйексөз, салалық кіріс (инновация), интернационалдандыру қызметтері сияқты 13 индикатор бойынша сараланған.

Сондай-ақ, басылымның жоғары деңгейіне және дәйексөзге байланысты бұл бағыт екінші жыл қатарынан британдық QS рейтингісінің 451-500 тобына еніп отыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109