Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

1407

Елордада 1,5 мың оқушының қатысуымен «Адал ұрпақ» слеті өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Астана қ. бойынша Департаменті Астана қ. білім басқармасымен бірлесіп «Адал ұрпақ» еріктілер мектеп клубының кезекті слетін ұйымдастырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты агенттік сайтына сілтеме жасап.

«Адал ұрпақ» мектеп клубының негізгі міндеті - жас ұрпақтың санасына отансүйгіштік рухын, моральдық-этикалық нормалар мен сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қасиеттерін ұялату.

Жыл сайынғы қалалық слеті алғашқы рет жаңа форматта өтті. Бүгінгі күні клубтың қатарына қосылған оқушылардың саны 35 мыңнан асады.

26 қазанда елорданың барлық аудандарында 84 команданың қатысуымен қалалық мектептердің оқушыларының арасында бірінші іріктеу турнирі өткізілді.

Бүгін елорданың Оқушылар сарайының алаңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы турнирдің қалалық финалы өтті, онда аудандық турнирдің 12 финалист-команда қатысты.

Іс-шараның ашылуы Оқушылар сарайында флешмобтан басталды.

Парламент Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова құттықтау сөзімен «Адал ұрпақ» турниріне қатысушыларға алдағы жарыстарда сәттілік тіледі.

Агенттіктің Астана қаласы қ. Департамент басшысы Жазира Жылқышиева «Астана - адалдық алаңы» жобасының аясында білім беру саласында атқарылған жұмыстар тиімді нәтиже бергенін атап өтті, сонымен қатар турнирге қатысушыларға үлкен жеңістер тіледі.

Қазылар алқасының құрамында Астана қ. Мәслихатының депутаты Мирас Шекенов, Астана қ. ата-аналар кеңесінің төрағасы Гүлнар Омарова және Агенттіктің арнайы мониторингтік топ мүшесі Рафаэль Гасанов болды.

Іс-шара барысында әр команда өзін таныстырды, интеллектуалды сайыста алғырлығын көрсетіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптар бойынша бейнеролик ұсынды.

Қазылар алқасының шешімі бойынша №10 мектеп-гимназиясы – 1 орын, №74 мектеп-гимназиясы – 2 орын, №18 мектеп – 3 орынды иемденіп,  дипломдармен және кубоктармен марапатталды.

Турнирге қатысушылар мен жеңімпаздарды Астана қ. Мәслихатының депутаты Мирас Шекенов пен Арнайы мониторинг тобының төрағасы Жамал Доржигулова құттықтады.

Ерікті клуб мүшелерінің арасында «Ашық және есеп берілетін мемлекет» бейнеролик байқауының жеңімпаздары да диплом және кубоктармен марапатталды.

Турнир «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» эстафетасының басталуымен және «Junior Eurovision» финалисті Сүйкім Қабылбектің орындауындағы «Елге сәлем» әнімен аяқталды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109