894

Бос тұрақ орындарын іздеуге арналған мобильді қосымша дайындалды

Қызметтің орташа құны 55 теңге, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

TuraQshare мобильді қосымшасын Астана тұрғындары әзірледі. Ол тұрғын үй кешендеріндегі бос тұрақ орындарын жалға алуға көмектеседі.

«Astana Hub» IT-стартап халықаралық орталығында мобильді қосымшаны әзірлеушілер «Бизнестін жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында мемлекеттік грантқа ие болды.

«Мысалы, азаматтар тұрғын үй кешендеріндегі бос тұрған немесе иесіне әзірге қажеті жоқ көлік тұрағын біздің мобильді қосымша арқылы екінші адамға жалға бере алады. Қазіргі кезде TuraQshare қосымшаның Android нұсқасына біз 16 тұрғын үй кешенін енгіздік, онда жалпы қосқанда 2 мыңға жуық тұрақ орны бар. Біздің ойымызша әр бесінші тұрақ иесі өзіне тиесілі тұрақ орнын жалға бергісі келеді, бере алады да», - деді жоба авторларының бірі Әнуар Байтулақов.

Қызметтің орташа құны - 55 теңге.

«Бізде нақты тариф белгіленген. Адам орынды бір аптаға немесе бір айға, бірнеше сағатқа алуы мүмкін. Бір айда 15 мың теңге, ал 1 сағатқа – 150 теңге төлейсіз. Ал бірінші сағаттан кейінгі уақытта төлейтін төлемдеріңіздің мөлшері азая береді. Орта есеппен әр сағат үшін 55 теңге төлеу керек. Өз тарапымыздан тұрақ орнын, сақтық шараларын қамтамасыз етеміз», - дейді ол.

Қазіргі таңда қосымша Android-та бета-версияда тесттік жүйеде жұмыс істеуде. Қосымша iPhone қолданушылар үшін 1 қаңтардан бастап қолжетімді болады.  

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109