2151

«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы бірлікті сақтау ұғымы

Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Жаңа заңнама формасындағы ҚХА-ның азаматтық секторы» тақырыбында республикалық семинар өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Семинар-тренинг этносаралық және конфессияаралық қатынастармен айналысатын мемлекеттік қызметшілер, Қазақстан халқы Ассамблеясы филиалдарының басшылары мен қызметкерлері, орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлері, әлеуметтік даму бөлімшелерінің басшылары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін ұйымдастырылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, семинар тақырыбы ҚХА институтын дамытудың жаңа кезеңін айшықтай түседі.

«Бүгін ассамблеяның азаматтық секторы біздің еліміздегі барлық этникалық топтардың кең өкілеттігін білдіреді. Мемлекеттік басқарудың міндеті - азаматтық қоғам институттарының тиімді өзара іс-қимылын және дамуын қамтамасыз ету, оның ішінде осындай семинарлар мен мемлекеттік қызметкерлерді оқыту.

Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы, сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы заңнаманы жетілдіру тұрғысынан басты мақсат -  елдегі бірлік пен келісімнің сақталуы», - деді Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының проректоры Айгүл Көшербаева.

ҚХА төрағасының орынбасары Леонид Прокопенко дәріс оқыды.

«Қоғамдық сананы модернизациялау қазірдің өзінде тек жоспарлардың ғана емес, нақты институционалдық өзгерістермен қатар жүреді. Сіз бен біздің өзгеруімізге тура келеді. Бұл Қазақстан дамуының мақсаттары мен міндеттерін орындау үшін жасау қажет», - деді Л.Прокопенко.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109