3322

2019 жылы Астанада 10 мың ақылы тұрақ ашылады

Ақылы тұрақтар жұмысын бастағалы олардың қызметін жарты миллионнан астам жүргізуші пайдаланды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Астананың көлік тұрағы кеңістігі» ЖШС-де мәлімдегендей, 2019 жылдың соңына дейін қала аумағында 10 мың ақылы тұрақ орындары пайда болады деп жоспарлануда.

«Ақылы тұрақ орындарын іске қосудың келесі кезеңі сол жақ жағалаудағы Қонаев, Достық көшелерінде, оң жақ жағалаудағы Кеңесары, Бейбітшілік, Сейфуллин, Желтоқсан және Жеңіс көшелерінде жүзеге асады. Автоқұмарларға бір ай бұрын хабарлаймыз. Ақылы тұрақтар пайда болатын орындарда бұл жердің алдағы уақытта ақылы болатыны туралы ескерту сипатындағы ақпараттық қалқандар орнатылатын болады»,- деді компанияның баспасөз хатшысы А. Амантаева.

Автотұрақтарды пайдаланушылардың пікірін саралай келе, 10 айлық жұмыстың нәтижесінде ақылы тұрақтар жүйесі көліктердің жол бойында бей-берекет қойылуын болдырмауға, Нұржол желекжолын жаяу жүргіншілер үшін қауіпсіз етуге септігін тигізді.

Желекжол маңындағы көшелердің өткізу қабілеті де едәуір ұлғайды.

«Ақылы тұрақтар туристер үшін ыңғайлы болды. Қыдырушы туристер енді Нұрлыжол желекжолында қымтырылмай, бей-берекет қойып тастаған көліктер арасынан өтетін орын іздеп жүрмейтін болды. Енді демалушылар Нұрлыжол желекжолының екінші жағына еркін өте береді. Жобаның мақсаты да осы болатын. Көпшілік ойлағандай табыс табу емес, бастысы ыңғайлылық», - деді А.Амантаева.

Ол сонымен қатар, 23 сәуірден бастап ақылы тұрақ ережесін бұзғаны үшін айыппұл есебінен Астана бюджетіне 66,7 млн теңгенің құйылғандығын жеткізді.

«Астананың көлік тұрағы кеңістігі» ЖШС-нің компаниясы әзірге ақылы тұрақтың төлем құны өзгермейтінін айтты.

«Ақылы тұрақ құнын көтеру 2019 жылдың күзінде қаралады», - деді Амантаева.

Естеріңізге сала кетейік, пилоттық режимдегі жоба 2018 жылдың 15 қаңтарында Нұрлыжол желекжолында іске қосылды. Әкімшілік орталықта 487 аймақтың 24-і сертификатталған арнайы жабдықтармен – паркомат, жол белгілері, ақпараттық тақта және таңбалармен жабдықталып, ақылы болды.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109