476

Әміре Қашаубаевтың Парижде алған медалі Ұлттық музейдің қорын толықтырды

Қазақстанның бас музейі үш жылдың ішінде өңірлерден келіп түскен 3 мыңға тарта құнды жәдігермен толықты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ұлттық музейде 2015 жылдың науырызынан іске асырыла бастаған «Ұлттық музейге сый тарту» арнайы жобасының қорытындысы шығарылды.

«Қорытынды көрменің аясында музей қорына атақты да талантты әртіс Әміре Қашаубаевқа 1925 жылы Халықаралық ән байқауында алған күміс медалін табыстау рәсімі өтті», - деп мәлімдеді Ұлттық музейдің баспасөз қызметінде.

Сондай-ақ, «Әміре» атты фильмді түсіру үшін жасалған екі домбыра музейге табысталды.                                        

Әміре Қашаубаев – шетелде өнер көрсеткен тұңғыш қазақ әншісі. 1925 жылы ол Парижде өткен ән байқауында күміс медальді еншілеген болатын.

«Үш жылдық тәжірибе көрсеткендей акция өз мақсатына жетіп, музей қорын құнды жәдігерлермен толықтыру тарапынан бағытымыз айқындала түсті. Ел арасында елеусіз жатқан  үш мыңға жуық тарихи мұраларымызды, ұлы тұлғаларымыздың құнды жәдігерлерін жинақтадық. Біз әр жәдігерді кәсіби деңгейде сақтауға кепілдік береміз, ол үшін Ұлттық музейде толық жағдай бар», - деді ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары Абай Сатубалдин.

Науқан Астана, Алматы, Қостаанай, Қызылорда, Шымкент, Ақтөбе, Орал, Петропавл, Тараз және Талдықорған қалаларында өткізілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109