892

Әкімдікте рұқсатнама алудың жаңа жүйесі орнатылды

Бұл жаңашылдық азаматтарға ЖСН көмегі арқылы тіркеу барысынан өздерінің өтуіне мүмкіндік береді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

ЖСН арқылы азаматтардың өздері тіркелуіне мүмкіндік беретін терминалдар қалалық әкімдіктің ғимаратына орнатылып қойды. Әкімдікке кірмес бұрын алдын ала рұқсатнамаға тапсырыс беріп, әкімдіктің кіреберісінде орнатылған терминал арқылы төлқұжатыңызды сканерлеудің көмегімен тіркелсеңіз, жеткілікті.

«Келуші әкімдіктің қызметкеріне қоңырау шалып, рұқсат қағазына тапсырыс беруін өтінуі керек. Қызметкерлер «Рұқсат беру бюросына» хабарласып, рұқсат қағазына тапсырыс береді. Бар ақпарат ЖСН арқылы беріледі. Бұл өте ыңғайлы. Жүйе мемлекеттік «Жеке тұлғалар» мәліметтер базасымен біріктірілген», - деп хабарлады «Рұқсат беру бюросы» жобасының менеджері Мадьяр Бакеев.

М. Бакеевтің айтуына қарағанда, жүйе ғимараттың қауіпсіздігін келушілердің 100% есепке алынуын қамтамасыз етіп, күту уақытын қысқартады.

«Әкімдіктегі жұмыс күні сағат 18.00-ге дейін. Егер азаматтар бұл уақыттан кешірек келсе,  оны кіргізбеуі мүмкін. Ал ол уақтылы қоңырау шалып, оған рұқсат қағазына тапсырыс беруін өтінсе, мысалы сағат 19:00-ге десе, ол осы уақытта келіп, кіре берісте орналасқан терминалдан өздігінен тіркеуден өтуіне болады. Ол үшін төлқұжатын сканерге жақындатса жеткілікті. Терминалға орнатылған сканер төлқұжаттың штрих-кодын сканерлейді де, экранда «БӨП өте беруіңізге болады» деген жазу пайда болады», - деді М. Бакеев.

Терминалдар қалалық әкімдіктегі барлық кіре беріске орнатылды.

«Рұқсат беру бюросы» жүйесі Үкімет, Ақорда ғимараттарында, Министрліктер Үйінің Президент істері жөніндегі басқармасы орналасқан кіреберісінің біреуінде қолданылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109