727

Тегін қан донорлығы бойынша мобильді қосымшаның авторлары инновациялық байқауда жеңіске жетті

Жастар урбанистика бойынша жобаларын таныстырды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

«Астана жастары» орталығы урбанистика бойынша интерактивті және таныстыру алаңы болып табылатын Astana Young Innovation жастар орталығында конкурс өткізді. Конкурстық жобалар қаладағы әртүрлі жүйелерді дамытуға, олардың бір-бірімен және қала тұрғындарымен өзара қатынасына арналған.

Байқауға қатысуға 103 өтінім келіп түсті. Финалда он адам бақ таластырды.

250 мың теңгелік бас жүлдені Donormyn жүйесі Рузи Шихова мен Баян Қаженева қанжығасына байлады.

Жасалған мобильді қосымша қан тапсыру жолындағы барлық процестерді автоматтандыруға мүмкіндік береді.

«Идея Қазақстанның Қызыл Жарты ай қоғамында еріктілер іс-шаралары кезінде пайда болды. Сол кезде «Клуб 25-те» жұмыс істедік. Оның мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, АИТВ, ЖИТС мен нашақорлықты алдын алу және өскелең ұрпақ арасында ерікті донорлықты дамыту. Қолданбамыздың ерекшелігі - сайтты, мобильді қосымшаны және әлеуметтік желілерді біріктіретін бірыңғай жүйені құру. Біздің мақсатымыз - медициналық қызметкерлердің жұмысын жеңілдету, халыққа қан тапсыру жолындағы барлық процедураларды мейлінше оңайлату, қан донорларының санын халықаралық стандарттар деңгейіне көтеру. Сайт ақпараттандыру функциясын орындайды, мобильді қосымша жаңа донорларды тартуға арналған мотивациялық және ынталандыру қызметі болып табылады», - деп атап өтті байқау жеңімпазы, Астана медицина университетінің студенті Рузи Шихов.

Сонымен қатар, екінші орынға  Нұрлан Қажиевтің «ЭКОprint» жобасы лайық деп танылды. Оған 150 мың теңгелік сыйлықақы табысталды. Online students house жобасы бойынша Әли Сапарбеков үшінші орынды және 100 мың теңге көлеміндегі жүлдені жеңіп алды.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109