600

Астанада бірыңғай 112 байланыс орталығын құру жоспарлануда

«Астана – қауіпсіз қала» бағдарламасының шеңберінде елорда әкімдігі барлық шұғыл әрекет ету сұрақтары бойынша «112 Бірыңғай байланыс орталығын» құруға қатысты жұмыстарды жүргізіп жатыр, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

iKomek қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының мәліметінше, 112 бірыңғай байланыс орталығы жедел жәрдем, полиция және өрт қызметі сұрақтарын/мәселелерін біріктіреді. Тұжырымдаманың негізіне АҚШ-тағы 911 шұғыл қызметтің тәжірибесі алынды, онда жедел әрекет етудің нақты үлгісі қаланған.

Аталған жаңа қызметтің түрін құру туралы мәселені Астана әкімі Бақыт Сұлтанов елордалық жедел жәрдем станциясының базасын аралау сапарында талқылады. Жұмыс тобына Астана әкімдігінің, «Жедел жәрдем» МКК, Полиция департаменті, ТЖ бойынша департаменті және (iKomek) «Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы» МКК өкілдері кірді. Комиссия өкілдері 103 қызметінің диспетчерлік бөлімінің жұмысымен танысып, шұғыл қызметтің номерлерін біріктіруде нені есепке алу қажеттігі туралы мәселені талқылады. 

«112 бірыңғай байланыс орталығы жұмыстың тиімділігін жоғарылатып, шақыртуға жедел әрекет етуі тиіс, яғни 911 шұғыл қызметінің үздік тәжірибесін қолдануы тиіс», - деді елорда әкімі Бақыт Сұлтанов.  

Еске сала кетейік, Астана бұған дейін АҚШ-тың 109 қалалық шұғыл емес сұрақтар бойынша бірыңғай номерін құрудағы тәжірибесін қолданған болатын. Бүгін 109 номері коммуналдық қызметтер, қоғамдық көлік, БЕО және әкімдіктегі басқармалардың барлық сұрақтарын біріктіреді. 11 айдың ішінде iKomek орталығына 870 мың өтініш келіп түссе, олардың 99 % қалалық коммуналдық қызметтермен өңделген.

iKomek-ке өтініш берудің тәсілдері:

- Telegram-дағы https://t.me/astanaikomek109_bot чат-ботына хабарлама жолдау;

- www.astana.gov.kz Астана қ. әкімдігінің сайтына сауал қалдыру;

- әлеуметтік желілерде #astana109 хештегімен жазба жариялап, белгілеу.

Астана туралы өзекті ақпараттар:

Facebook www.facebook.com/astana109/

Instagram www.instagram.com/astana109/ 

Telegram-канал https://t.me/astana109112.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109