722

Астанада Тәуелсіздік күнінде ашық аспан астында мерекелік концерт ұйымдастырылып, отшашу болады

Тәуелсіздік күніне орайластырылған мерекелік отшашу 16 желтоқсанда сағат 22:00-де Есіл өзенінің жағалауында болады. Отшашу Тәуелсіздік күніне арналған ірі мерекелік іс-шараларды қорытындылайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Әдеттегідей, елорда әкімдігінің алдындағы Қалалық алаңда ашық аспан астында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен үлкен концерт өтеді.

16 желтоқсанда қала тұрғындары мен қонақтары Астана қаласының мемлекеттік академиялық филармониясы солистерінің, «Z» триосының, «Аламан» триосының, «Арт Домбыра» триосының, Досымжан Таңатаровтың, ағайынды Жүгүнісовтердің, Дос пен басқа да отандық әншілердің өнерін тамашалай алады.

Қазіргі кезде Астана қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге белсенді дайындық үстінде.

Елордалық мәдениет және спорт мекемелерінде атаулы датаға орай түрлі шаралар ұйымдастырылады. Атап айтқанда, театрларда спектакльдер, көрмелер, концерттер, спорттық жарыстар және басқа да шаралар өтеді.

Тәуелсіздік күні мерекесіне орайластырылған шаралар 6 желтоқсанда бастау алады.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109