2249

Астаналықтар АИТВ статусын экспресс-тест арқылы білуде

Экспресс-тесттер халықтың осал тобы үшін тестілеуден өтудің қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін Хан-Шатыр ойын-сауық орталығында «Өз статусыңды біл» кең ауқымды акциясы болып өтті. Шара қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен Астананың ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығының бастамасымен ұйымдастырылды.

Қазіргі кезде қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ВИЧ-инфекциясын емдеу мен ерте диагностикалау мәселесіне көбірек назар аударуда.

«Жыл сайын АИТВ-жұқтырғышының ерте диагностикасын анықтау үшін қыруар қаржы бөлінеді. Бүгінге дейін қала халқының төрттен бір бөлігінің АИТВ-ні тексертуден тегін өтуге мүмкіндігі бар. Бұл цифрлар жыл сайын арта түспек», - деді Астана қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров «Өз статусыңды біл» акциясы барысында.

Науқанға қатысушылар инвазивтік емес жаңа экспресс-тесттен алғашқы болып өте алды. Ол үшін қан тапсырудың қажеті болмады. Материал ретінде сілекей, нақтырақ айтқанда, қызыл иектің жағындысы алынды. Ал тестілеудің нәтижесі 10-15 минуттан кейін дайын болды. 

Акцияның басты мақсаты – өз статусын біліп журудің маңыздылығы туралы халықты ақпараттандыру. Қазіргі таңда ВИЧ-ті тестілеудің қолжетімді әрі кеңейтудің жаңа тәсілдері пайда болуда.

Акцияны ұйымдастырушылар, нақты бір жағдайларда экспресс-тесті қолдану анағұрлым тиімді екенін, оның халықтың осал тобы үшін тестілеуден өтудің қожетімділігін кеңейте түсуге мүмкіндік беретінін айтты.

Аталған экспресс-тестті кеңінен қолдануға ұсыныс берілген. Оның бірқатар артықшылықтары бар: пациент қысқа мерзімде нәтижесін алу мүмкіндігі, тестілеудің жеңілдігі, оңай түсіндірілуі, сақтауға қатысты талаптардың қатал еместігі.

Астанада 1997 жылдан бастап 1 443 АИТВ жұқтырудың оқиғасы тіркелген. Ертерек диагностикалаудың арқасында және тестілеудің қолжетімділігінің арқасында елордадағы адамдардың 84 % өзінің АИТВ статусы туралы біледі. Ерте анықтаудың нәтижесінде өлім саны екі есеге азайды.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109