2209

Астана қаласының тұрғын үй қоры 20 жылда бес есе өскен

Елорда көшірілген кезде қаланың тұрғын үй қоры 4,5 млн шаршы метр еді, ал қазіргі кезде ол 25 млн 400 мың шаршы метрге тең, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Журналистермен кездесу барысында әкімнің бірінші орынбасары Сергей Хорошун атап өткендей, қазіргі күнде қаланың аумағы 79 мың 733 гектарды құрайды. Осы жылы Мемлекет басшысы Майбалық көлінің аумағын қалаға қосу туралы Жарлығына қол қойғаннан соң, шаһардың аумағы шамамен 8 мың гектарға ұлғайтылды.

«Қаланың аумағы 79 мың гектарды құрайды. Бұл ретте 43 мың га – жасыл алаптар. Оған саябақтар, гүл бақтары мен сол аумақта болашақта рекреациялық аймаққа жататын аумақтар жатады.  Қалған 36 мың га – бұл болашақта Бас жоспарға сай құрылыс жүретін аумақ. Осының ішінен қазіргі кезде біз 25 мың га игерген едік. Бірақ айтылған ескертпелерді ескере отырып біз құрылыс алаңының аумағын 15 мың га оңтайландырдық», - деді ол.  

Егер қала еліміздің бас қаласы аталған кезде халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі 15,7 шаршы метрді құраған болса, қазір бұл көрсеткіш - 30 ш.м.

Тағы бір көрсеткіш, ол мектептер санының өсуі: астана көшірілген кезде қалада 39 мектеп болса, қазіргі күнде жұмыс жасап тұрған мектептер саны 105-ке жетті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109