USD 148.0 
EUR 188.2 
   
Астана Әкімі
Әкім сөзі
Әкімге өз сауалыңды жолда
Әкімнің өмірбаяны
Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов
17.05.2012
Бей.
20:32

   
Панорама
Карта Астаны

   
Күнделік

11.00 –  «Қазақ тарихындағы ашаршылық: себеп және салдар» атты іс-шара. Тәуелсіздік сарайы.


11.00 – «Самұрық-Қазына» АҚ жанындағы Қазақстандық қамтуды дамыту мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы. «Rixos» қонақ үйі.


15.00 – ИСЕСКО аясында Қоршаған ортаны қорғау министрлерінің 5-ші Ислам конференциясы. «Рамада Плаза Астана» қонақүйі.


   
Афиша

18.30 – Б.Ұзақов «Жандауа» /психологиялық драма/. Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры.


19.00 – Голландия апталығы аясында  голландық фильмдер фестивалі. «Хан Шатыр» СОО, кинотеатр.


19.00 – Республикалық жоғары КВН лигасы. Ширек финал. «Жастар» сарайы.


19.00 – Ш.Жиенқұлованың 100 жылдығына арналған кеш. Шабыт залы.


   
Есеп беру кездесуі 2012
   
Байланыс орталығы
   
Автокөлік бағдарлары
   
Қала картасы
Карта Астаны
   
Бейнегалерея
Фотогалерея
   
Ауа райын болжау
GISMETEO: Погода по г.Астана
   
Баспасөз баяндары
   
Күн статистикасы
Яндекс.Метрика

Астана қаласы әкімі аппаратының басшысы

Астана қаласы әкімінің 2009 жылғы 15 қазандағы №06-43ө “Астана қаласы әкімі, оның көмекшілері мен аппарат жетекшілері арасында міндеттерді бөлу туралы» жарлығына сәйкес, қала әкімі аппаратының басшысы Ж.А. Мырзалин бекітілген регламент пен бөлімдер туралы ережелерге сәйкес қала әкімі аппаратының бөлімдері мен құрылымдарының жұмыстары мен қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді.

Атқарушы органның, аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты мекемелердің қызметтерін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі жалпы үйлестіру жұмыстарын жүзеге асырады.

Орындаушылықты, құжаттамалық қамтамасыз етуді бақылау мен тексеруді жетілдіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады, әкімдіктің және басқа да консультативтік-кеңес беру органдарының мәжілісіне дайындықты, хаттамалық шешімдер мен қала әкімінің тапсырмаларын уақытылы орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын, қаланың атқарушы органдары жүйесінде кадрлардың біліктілігін арттыруды іске асыру мәселесін қарастырады.

Іс жүргізуді және құпия құжаттармен жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, жергілікті мемлекеттік басқару мәселесі бойынша заңнамалық және нормативтік актілерді іске асыру бойынша атқарушы органдар жүйесіндегі қарым-қатынасы тәжірибесін жақсарту бойынша ұсыныс енгізеді.

Хаттар мен азаматтардың басқа да өтініштерін, жоғары тұрған атқарушы органдардың тапсырмаларын қарауды қамтамасыз етеді.

Өз құзыреті шегінде қала әкімі аппаратының басқа мемлекеттік басқару органдарымен, қала мәслихатымен және Алматы, Есіл және Сарыарқа аудандары әкімдерімен қарым-қатынасын қамтамасыз етеді.

Қала әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз етуге қатысты құжаттарға заңды тұлғаның атынан бірінші қол қою құқығы бар. Конкурстық комиссияның ұсынысы бойынша қала әкімінің аппаратына Д-4, Д-5, Д-6 санаттарының мемлекеттік қызметкерлерін және техникалық жұмысшыларды жұмысқа қабылдауды жүзеге асырады.

Мыналардың: 
- қала әкімі аппараты басшысы орынбасарларының; 
- ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің (оның ішінде Астана қаласы әкімі протоколының); 
- қаржылық-шаруашылық бөлімінің; 
- редакциялық сараптама бөлімінің; 
- кадр жұмыстары бөлімінің; 
- ақпараттық технологиялар бөлімінің; 
- кеңсенің; 
- мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімшенің қызметіне тікелей басшылық жасайды.

 

Мыналарды: 
- Жергілікті атқарушы органдардың басшыларының және қала әкімі аппаратының қызметкерлеріне бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға конкурс өткізу жөніндегі комиссияны; 
- Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық әрекет етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне көмектесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеп келген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек ұйымдастыру жөніндегі кеңесті;
- Астана қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияға; 
- Құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны басқарады. 

 

Мыналарға:  
- «Астана қаласының Мұрағаттар және құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесіне; 
- «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Астана қаласы бойынша басқармасы» мемлекеттік мекемесіне; 
- «Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесіне;
- «Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесіне; 
- Астана қаласы әкімі аппаратының «Астана қаласы әкімінің шаруашылық басқармасы» МКҚК-ға; 
- «Астана автошаруашылығы» ЖШС-ға; 
- «Астана процессингтік орталығы» АҚ-қа;
- «Астана қаласының Ақпараттық технологиялар орталығы» МКК-ға жетекшілік етеді және олардың жұмысын үйлестіреді.

"Астана қаласы әкімнің аппраты" мемлекеттіқ мекемесі туралы ереже - басып шығару