USD 148.0 
EUR 188.2 
   
Астана Әкімі
Әкім сөзі
Әкімге өз сауалыңды жолда
Әкімнің өмірбаяны
Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов
17.05.2012
Бей.
20:36

   
Панорама
Карта Астаны

   
Күнделік

11.00 –  «Қазақ тарихындағы ашаршылық: себеп және салдар» атты іс-шара. Тәуелсіздік сарайы.


11.00 – «Самұрық-Қазына» АҚ жанындағы Қазақстандық қамтуды дамыту мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы. «Rixos» қонақ үйі.


15.00 – ИСЕСКО аясында Қоршаған ортаны қорғау министрлерінің 5-ші Ислам конференциясы. «Рамада Плаза Астана» қонақүйі.


   
Афиша

18.30 – Б.Ұзақов «Жандауа» /психологиялық драма/. Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры.


19.00 – Голландия апталығы аясында  голландық фильмдер фестивалі. «Хан Шатыр» СОО, кинотеатр.


19.00 – Республикалық жоғары КВН лигасы. Ширек финал. «Жастар» сарайы.


19.00 – Ш.Жиенқұлованың 100 жылдығына арналған кеш. Шабыт залы.


   
Есеп беру кездесуі 2012
   
Байланыс орталығы
   
Автокөлік бағдарлары
   
Қала картасы
Карта Астаны
   
Бейнегалерея
Фотогалерея
   
Ауа райын болжау
GISMETEO: Погода по г.Астана
   
Баспасөз баяндары
   
Күн статистикасы
Яндекс.Метрика

«Сауда қызметін реттеудің кейбір мәселелері туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 31 мамырдағы № 26-485қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  2001 жылғы 21 қаңтардағы, «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі заңдарына сәйкес, Астана қаласы прокуратурасының 2011 жылғы 22 тамыздағы № 7-07/11657 наразылығына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Сауда қызметін реттеудің кейбір мәселелері  туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 31 мамырдағы № 26-485қ қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде 2011 жылғы 30 маусымда     № 684 тіркелді, «Вечерняя Астана» газетінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 78 (2688) нөмірінде, «Астана ақшамы» газетінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 74 (2684) нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-қосымшада «Астана қаласында көлік құралынан жеміс-көкөніс өнімі саудасын ұйымдастыру үшін белгіленген орындар» деген сөздер «Астана қаласында жеміс-көкөніс өнімдерінің көшпелі саудасын ұйымдастыру үшін белгіленген орындар» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-қосымшада кестенің атауында «Автомашинадан сату орындары» деген  сөздер «Көшпелі сауданы ұйымдастыруға арналған орындар» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-қосымшадағы 22-29 жолдар алынып тасталсын;
2-қосымшада «Астана қаласы бойынша жылдам дайындалатын өнімді сату бойынша жылжымалы фургондардың орналасу орындары» деген сөздер «Астана қаласы бойынша жылдам дайындалатын өнімді сату бойынша  автодүкендердің орналасу орындары» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-қосымшада кестенің атауында «Автомашинадан сату орындары» деген  сөздер «Автодүкендерден сату орындары» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-қосымшадағы 19 жол алынып тасталсын;
6, 7-қосымшалар алынып тасталсын.


2. «Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы осы қаулыны кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаумен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді және Астана қаласы әкімінің интернет ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Қ.Т. Сұлтанбековке жүктелсін.

Әкім                                                                                           И. Тасмағамбетов

Әкімнің орынбасары                                                            Қ. Сұлтанбеков

Мемлекеттік-құқықтық
бөлімінің меңгерушісі                                                           Д. Досқұлов

«Астана қаласының Кәсіпкерлік
және өнеркәсіп басқармасы»
мемлекеттік мекемесі бастығының
міндетін атқарушы                                                                 Р. Қауғабаева

Әкімдік қаулылары жобасына қосымша - басып шығасу

Қаулы жобасы 07.10.2011 жылы жарияланған