

Сіздерді 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Егемендіктің еңсесін нығайтқан, елдіктің рухын тыңайтқан тәуелсіздіктен асқан ұлы ұғым, киелі құндылық жоқ. Биыл ел тәуелсіздігінің 20 жылдық белесін бағындырып отырмыз. Осынау жылдар ішінде Елбасының батыл бастамалары мен сындарлы саясатының арқасында еліміз беделі зор, ұлағаты мол мемлекетке айналды.
Бұл тұрғыда, тәуелсіздіктің тірегі, үкілі үміттердің тілегі – Астананың орны бөлек. Елдігіміздің рәмізі – Елордамыз үшін осынау мемлекеттік мерекенің мәні де, маңызы да зор. Себебі Елбасының төлтуындысы Елорда – елдігіміздің байрағына, дербестігіміздің айғағына айналған мекен. Осынау мереке баршаңызға бақ пен береке, ырыс пен ынтымақ әкелсін!
Астана қаласының Әкімі Иманғали Тасмағамбетов