

Тіркелген мекен-жайы: Астана қ, Иманбаев көшесі, 68а
Почталық мекен-жайы: Астана қ, Қорғалжын жолы, 19. Тел. 79-31-06
Директоры - Ыбраембаева Гүлнар Сейфулқызы - тел. 79-31-04;
Директордың орынбасары - Құсайынова Раушан Берденқызы - тел.: 79-31-28;
Директордың құрылыс жөніндегі орынбасары - Қоныс Арман Жақсылықұлы - тел.: 79-31-55.
Бас есепші - Иржанова Динара Серікқызы - тел.: 79-31-29.
Астана қаласы әкімдігінің қаулысымен құрылған «Жаңа құрылыс» коммуналдық кәсіпорны өткен жылдың маусым айынан бастап елорданың проблемалы нысандарын өз қарамағына алды. Компанияның міндеті мемлекеттің жүз пайыздық қатысуымен қаржыландыру мәселесін жедел шешу. Құрылыс нысандарын бақылау және үйлестіру бюджеттік инвестиция есебінен жүргізіледі.
Өз баспанасына қоныстана алмағандарға тұрғын үй құрылыс кооперативін құрып, «Жаңа құрылыс» ЖШС-мен келісім шарт жасасу ұсынылды. Астана қаласының мамандандырылған аймақаралық экономикалық сотының шешімімен аяқталмаған 19 нысан ТҚК-ге берілді. Бүгінгі таңда елордада 19 нысанды қамтитын осындай 12 кооператив бар. Мемлекеттік кәсіпорын өкілдері ТҚК-мен бірлесе нақты қанша үлескер бар екендігі жөнінде ақпарат жинақтауда. Әрбір проблемалы нысан бойынша ақпарат бірыңғай электрондық дерек қорында жинақталады. Аталған тұрғын үй кешендері бойынша өз құқықтарын растаған жалпы үлескерлер саны 3 482 құрап отыр. Бүгінгі күні проблемалы нысандарда 2,5 мыңға жуық құрылысшылар мен инженер-техниктер жұмыс жасауда.
«Жаңа құрылыс» ЖШС-ға берілген 19 нысанының 10-ының құрылысын аяқтау мақсатты деп танылды. Олар «Алтын-Ғасыр», «Байқоңыр», «Возрождение», «Оқжетпес», «Еуропалық», «Эгалите», «Әл-Фараби», «Тәуелсіздік», «Достық», «Береке», сондай-ақ, жаңа 753 КТК-нің 1 кезегі. Нысандарды 2009 жыл ағымында кезең-кезеңімен пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр. 9 нысанның құрылысы жер телімдерін беруде апаттық тұрғын үйлерге ысырылу жүргізілмегендіктен мақсатсыз деп танылды. Ал олардың шығыны 5 млрд. теңгені құрар еді. Бұл нысандардың үлескерлері салынып жатқан ғимарттарға қайта бөлінетін болады.
Құрылысты аяқтауды қаржыландыру үкіметтің экономиканы тұрақтандыру және құрылыс секторын қолдау аясында Астанаға бөлген 107 млрд. теңгенің «Жаңа құрылыс» ЖШС-ға берілген 17,2 млрд. теңгесі есебінен жүргізілуде.
Осы қаржының тағы бір бөлігі 48,8 млрд. теңге көлемінде «Самұрқы-Қазына» тұрақты даму қоры арқылы 34 нысан бойынша 5000 үлескердің мәселесін шешуге бағытталды.
Қалған 41 млрд. теңге есебінен құрылысы аяқталмаған 6000 үлескер қатысушы 47 нысаннан пәтер сатып алынады.