USD 148.0 
EUR 188.2 
   
Астана Әкімі
Әкім сөзі
Әкімге өз сауалыңды жолда
Әкімнің өмірбаяны
Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов
17.05.2012
Бей.
20:37

   
Панорама
Карта Астаны

   
Күнделік

11.00 –  «Қазақ тарихындағы ашаршылық: себеп және салдар» атты іс-шара. Тәуелсіздік сарайы.


11.00 – «Самұрық-Қазына» АҚ жанындағы Қазақстандық қамтуды дамыту мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы. «Rixos» қонақ үйі.


15.00 – ИСЕСКО аясында Қоршаған ортаны қорғау министрлерінің 5-ші Ислам конференциясы. «Рамада Плаза Астана» қонақүйі.


   
Афиша

18.30 – Б.Ұзақов «Жандауа» /психологиялық драма/. Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры.


19.00 – Голландия апталығы аясында  голландық фильмдер фестивалі. «Хан Шатыр» СОО, кинотеатр.


19.00 – Республикалық жоғары КВН лигасы. Ширек финал. «Жастар» сарайы.


19.00 – Ш.Жиенқұлованың 100 жылдығына арналған кеш. Шабыт залы.


   
Есеп беру кездесуі 2012
   
Байланыс орталығы
   
Автокөлік бағдарлары
   
Қала картасы
Карта Астаны
   
Бейнегалерея
Фотогалерея
   
Ауа райын болжау
GISMETEO: Погода по г.Астана
   
Баспасөз баяндары
   
Күн статистикасы
Яндекс.Метрика

Әкімнің орынбасары Хорошун Сергей Михаилұлы

1966 жылы туылған.  Ұлты – украин.

1984 – 1986 жылдары – КСРО Қарулы күштер қатарында қызметін өткерді.  Білімі – жоғары.

1990 жылы Целиноград инженерлік-құрылыс институтын бітірген. 

1990 - 1995 жылдары  "Целинограджилстрой" ӨҚҰ-да жұмыс істеген. 

1995 - 1998 жылдары – Целина теміржол басқармасында.

1998 – 2000 жылдары – «Қалалық коммуналды қожалық» МКК КҚБ-ның бөлім бастығы, бастығының орынбасары. 

2000 жылы - Коммуналды қожалық департаментінің директоры. 

2005 жылдың ақпан айынан бастап – бүгінге дейін – Астана қаласы Энергетика және коммуналды қожалық  департаментінің директоры.

2006 жылдың қыркүйек айында Астана қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

 

Қызметтік нұсқаулықтар

Астана қаласы әкімінің 2009 жылғы 15 қазандағы №06-43ө “Астана қаласы әкімі, оның көмекшілері мен аппарат жетекшілері арасында міндеттерді бөлу туралы» жарлығына сәйкес, қала әкімінің орынбасары С.М. Хорошун сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары саласындағы қала әкімдігі қаулыларының, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкестігіне жеке жауапкершілік алады.

Қаланы дамыту және аумақтар құрылысы, елорданың сәулеттік қалыптасуы, тұрғын үй құрылысын дамыту және сәулет-құрылыс бақылауды ұйымдастыру мәселелері жөніндегі актілер мен әкімінің тапсырмаларын іске асыруды қамтамасыз етеді.

Бас жоспарды іске асыру, қалалық инфрақұрылым объектілерін дамытуды кешенді жоспарлау бойынша жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асырады.

Елорданы салу мен дамытудың бекітілген бағдарламаларына сәйкес қаланың құрылыс кешенінің кәсіпорындары мен ұйымдарының қызметін үйлестіреді.

Өкілеттілігі шегінде даму бағдарламаларын дайындау және іске асыру, нақты жоспарлау жобаларын әзірлеу, құрылыс және қайта жаңарту жобаларын сараптау мәселелерін қарастырады.

Лицензия және басқа да рұқсатнама құжаттарын ресімдеу кезінде шарттық, қаржылық, талап-арыз құжаттарына заңды тұлғаның атынан бірінші қол қою құқығы бар.

Тұрғын үй қатынастары, мемлекеттік (жалдамалы) тұрғын үй қорын күтіп-ұстау және пайдалану саласындағы жұмысты ұйымдастырады.

Әкімнің орынбасары аумақтық даму бөлімінің қызметіне тікелей басшылық жасайды.

 

Әкімнің орынбасары мыналарға:  

- «Астана қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесіне; 
- «Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне; 
- «Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне; 
- «Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы» мемлекеттік мекемесіне;
- «Астана қаласы бас жоспарының ҒЗЖИ» КМК-ға; 
- «АҚҚБ «Жаңа құрылыс» ЖШС-ға;
- «Астанагорпроект» ЖШС-ға; 
- «Астанақұрылыссервис» ЖШС-ға; 
- Құрылыс кешенінің кәсіпорындары мен ұйымдарына; 
- Жобалау ұйымдарына;
- «Астана қаласының Жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне;
- «Астанақалажер» ЕМК-ға;
- «Ақмола, Қарағанды облыстары және Астана қаласы бойынша өңіраралық жер инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік мекемесіне жетекшілік етеді және олардың жұмысын үйлестіреді.

 

Мыналарды: 

- Тұрғын үй - азаматтық маңызы бар аяқталған құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссияны; 
- Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны;
- Жер учаскелеріне құқық беру жөніндегі комиссияны басқарады. 

 

Қала әкімінің орынбасарлары арасындағы еңбек демалысы, оқу, сырқаттану және ұзақ мерзімді іссапар кезеңіндегі өзара алмасушылық:

В.Л. Крылов – С.М. Хорошун
С.М. Хорошун – Қ.Т. Сұлтанбеков
Қ.Т. Сұлтанбеков – Ә.М. Рахымжанов
Ә.М. Рахымжанов – Е.Т. Қожағапанов 
Е.Т. Қожағапанов– В.Л. Крылов