

11.00 – «Қазақ тарихындағы ашаршылық: себеп және салдар» атты іс-шара. Тәуелсіздік сарайы.
11.00 – «Самұрық-Қазына» АҚ жанындағы Қазақстандық қамтуды дамыту мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы. «Rixos» қонақ үйі.
15.00 – ИСЕСКО аясында Қоршаған ортаны қорғау министрлерінің 5-ші Ислам конференциясы. «Рамада Плаза Астана» қонақүйі.
18.30 – Б.Ұзақов «Жандауа» /психологиялық драма/. Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры.
19.00 – Голландия апталығы аясында голландық фильмдер фестивалі. «Хан Шатыр» СОО, кинотеатр.
19.00 – Республикалық жоғары КВН лигасы. Ширек финал. «Жастар» сарайы.
19.00 – Ш.Жиенқұлованың 100 жылдығына арналған кеш. Шабыт залы.
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жаңадан бой түзеген жас елордамыздың кереметін Кисе Курокава мен Норман Фостер секілді аттары әлемге әйгілі сәулетшілер жасаған. Әлемнің түкпір-түкпірінде орын тепкен олардың туындылары бүгінгі күнде қала құрылысындағы ғаламдық басты үрдістер – экологиялық тазалық, технологиялық жаңалықтарға мән беру, интеллектуалдық, кеңістікті еркін пайдалануды айқындайды. Кисе Курокава Астана бейнесін жобалау кезінде қала мен табиғаттың үйлесімділігіне басты назар аударған болатын.
|
Елорданың жаңа орталығы |
Елорданың тарихи орталығы |
|
|
|
1999 жылы Астана ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» сыйлығына ие болды. Көз алдында өзгеріп келе жатқан жас астана – Қазақстан халқының жасампаздығы мен шығармашылығының символы. Астананың құрылысына еліміздің 71 қаласы, 432 құрылыс компаниясы қатысты, 135 зауыт құрылыс материалдарымен қамтамасыз етті. Құрылыс жұмыстарының негізгі бөлігі Есіл өзенінің сол жағалауында жаңа әкімшілік орталық қалыптастыруға бағытталды. Жергілікті фирмалармен бір қатарда жаңа елорданы салуға Түркия, Италия, Франция және Швейцарияның компаниялары ат салысты. Жыл сайын 60-тан 100-ге дейін орта және ірі нысандардың құрылысы басталып отырды. Құрылыстың жедел қарқыны мен жалпы халық қолдауының арқасында қазақтың дархан даласында қайталанбас бейнесі мен стилі бар, заманауи, жаңа қала салуға мүмкіндік пайда болды. Бүгінде Астана – заманның саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени мәселелері бойынша кездесулер өтетін, шетелдік инвестициялар тартылатын, сәулет өнерінің шынайы туындылары бой көтеріп, ең батыл жобалар іске асырылатын Еуразия кеңістігінің орталығы. |
1998 жылы Қазақстан Республикасының басшылығы жаңа елорданың атын «Астана» деп өзгертті.
Қалаға астаналық мәртебе берілгеннен кейін, оның дамуында жаңа кезең басталды. Астана елдің мемлекеттік, қоғамдық және мәдени өмірінің орталығына айналды. Қазақстан Республикасының Үкіметі Астана қаласының Бас жоспарын бекіткен соң, елорданың жаңа жоспарлық құрылымын белсенді жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Оң жағалауда, қаланың тарихи бөлігінде сәулеттік бейнесін қайта қалпына келтіру және жаңарту бойынша кең көлемді жұмыстар басталды. Астана тұрғындары аз уақыт ішінде қала көрінісі қаншалықты өзгеріп шыға келгенінің куәгерлері атанды. Тұрғын үй аудандарында жаңа саябақтар, жаңа тұрғын алаптары, заманауи кеңселер, бірегей ғимараттар бой көтерді. Астана барша қазақстандықтар арман, үміті мен болашаққа деген сенімін байланыстырып отырған қалаға айналды. |
Жас елордамыздың келбетіне көрік, сәулетіне сән беріп, жарқырап тұрған «Астана-Бәйтерек» монументі жаңарудың, Астананың, Қазақстанның символына айналды. Егер символикалық мағынада Бәйтерек әлемнің орталығын білдірсе, географиялық тұрғыда ол – Еуразияның нақ кіндігінде орналасқан.
Монумент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 1997 жылы астананың Алматыдан Ақмолаға ауыстыру нышаны ретінде жасалған болатын. Жобаның авторы белгілі ағылшын сәулетшісі – Норман Фостер.
– Бүгін біз Астананың жаңа орталығының қызметі басталатын тамаша объектіні аштық. Оның төңірегіне жаңа елорда шоғырланатын болады. Осы жерге көтерілген кез-келген адам біздің еліміздің шексіз даласының кеңдігін сезіне алады, – деген болатын 2002 жылы монументтің салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде Елбасы. – Жаңа «Бәйтерек» монументі – өмірдің, халықтың және бейбітшіліктің нышаны,-деді ол.
Астананың басты мақтанышы төбесінде алып шары бар биік металл құрылымынан тұрады. «Бәйтеректің» орналасуы, композициялық құрылымы ежелгі көшпенділердің ғарыштық дүниетанымын білдіреді. Олардың аңыздары бойынша әлемдердің қиылысында Әлем өзені ағып жатыр, оның жағасында еңсесі биік өмір ағашы – Бәйтерек тұр. Өз тамырымен ол жерді, ал басындағы тәжімен аспанды ұстап тұр. Сәйкесінше бұл ағаштың тамыры жер асты патшалығында, ағаштың өзі, өзегі – жерде, ал басындағы тәжі аспан әлемінде орналасқан. Бұл нысанның биіктігі 97 метр, ал басындағы шарды қосқандағы биіктігі 105 метрді құрайды. Алтын жалатылған шардың диаметрі – 22 метр. Бәйтерек биіктігінің 97 метр болуы кездейсоқтық емес, ол елорданың Алматыдан Астанаға ауысқан уақыты 1997 жылды білдіреді. Металл, әйнек және бетоннан құралған Бәйтерек сәулеткерлік ой мен орындалуы жағынан бірегей болып табылады – 1000 тоннадан астам салмағы бар бұл нысан бес жүз арнайы қондырғымен бекітілген. Осылайша, диаметрі 22 метр, салмағы 300 тонна болатын, күн сәулесі түскен сайын түрлі түске еніп отыратын «құбылмалы» әйнектен жасалған шар рекордтық биіктік 100 метрді бағындырды.
Монумент үш деңгейге бөлінген: жер астында төрт жарым метр тереңдікте орналасқан төменгі бөлікте дәмхана, аквариумдар мен «Бәйтерек» шағын көрмесі бар. Осы жерден лифтіге мініп, ең үстіңгі қабатқа – қонақхана және көрініс залы орналасқан шардың ішіне көтерілуге болады. Бұл жерден ашылатын қала көрінісі әлемге әйгілі жапон сәулетшісі Кисе Курокава жасаған қаланың бас жоспарының кереметіне тамсануға мүмкіндік береді.
Қазақ халқы өміріндегі жаңа кезеңнің нышаны ретіндегі «Бәйтеректің» маңыздылығын 1997 жылғы ел тарихы кітабының жаңа тарауы басталған Астананың елордаға айналу жылы құрметіне 97 метр биіктікте орналасқан, президенттің оң қолы бейнеленген «Аялы алақан» көркем композициясы толықтырып тұрғандай. Композицияның дәл ортасында 17 әлемдік дін өкілдерінің қолы қойылған гүлжапырақшалы ағаш глобус орналасқан. Ал осы глобустың жанындағы әсем үстелде мыс жартышардың ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың оң алақанының бедерлемесі тұр. Егер өз алақаныңды дәл сол тұсқа қояр болсаң, «аспан әуені» ойнай бастайды деп есептеледі. Осы сәтте асқақ арман, ақ тілектерді айтып үлгеруің керек.
«Астана-Бәйтерек» монументі айналасын қоршап тұрған үлкен саябақ алаңдарында әрдайым қызықты іс-шаралар өткізіліп тұрады. Мысалы, 2008 жылы монументтің жанында әсем аллея жасалды. Оны 120 мың әйгілі голланд қызғалдақтарымен безендірді. Елордаға мұндай сыйлықты 2007 жылы Астанадағы елшілігінің ресми ашылуы құрметіне Нидерланды Корольдігі жасады. Өкінішке орай, қызғалдақтар тек бір апта гүлдейді. Есесіне, гүлденген қызғалдаққа жыл сайын қарауға болады.
Ал 2010жылы елорда әкімдігінің шақыруы бойынша «Бәйтеректің» жанында Берлиннен келген United Buddy Bears (Аюлар достастығы) халықаралық көрмесі ұйымдастырылды. Онда әлемнің 125 елінен келген 125 шебер дайындаған 125 бірегей өнер туындысы халық назарына ұсынылды.
2002 жылы халықаралық әділ қазылар алқасы «Астана–Бәйтерек» монументіне ТМД елдері арасында ең үздік жоба және құрылыс ретінде бас жүлдеге тағайындады. Монумент шетелге де таныла бастады. Біздің «Бәйтеректі» Нью-Йорктегі Бостандық мүсіні, Париждегі Эйфель мұнарасымен, Лондондағы Биг-Бенмен салыстыратыны ешкімді таң қалдырмайды.
Тамашалауға келгендер үшін экскурсиялар әлемнің бірнеше тілдерінде жүргізіледі – мемлекеттік тілде, орыс, ағылшын, неміс, француз.... «Бәйтерек» Сол жағалау, 1 мекен–жайы бойынша орналасқан. Мына телефондар бойынша билет сатып алуға, экскурсия жөнінде келісуге болады: 8 - (7172) - 240-835.
Қазақстан туы — елтаңба және әнұранмен бір қатарда Қазақстан Республикасының ресми мемлекеттік рәміздерінің бірі болып табылады.
Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған.
Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады.
Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күнде бидай сынды 32 шапағының бейнеленуі кездейсоқтық емес. Ол – молшылық пен берекенің негізі болып табылады.
Бүркіт немесе қыран құс көшпенділер дүниетанымында ерекше орын алады. Оны Қазақстан территориясын мекендеген көптеген халықтар мен этникалық топтар өз таңбаларында бейнелеген. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Дала халқы үшін ол еркіндік, тәуелсіздік, мақсатқа, биікке ұмтылуды білдіреді. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран тәуелсіз Қазақстанның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.
Сол жақ шетінде Қазақстан мәдениеті мен салт-дәстүрін көрсететін ұлттық ою-өрнекпен безендірілген.
Астананың жаңа әкімшілік орталығы Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан. Оның аумағы 438,5 га құрайтын тізбекті құрылым болып табылады. Ол Талдыкөл су тоғанынан Есіл өзеніне дейін 3 600 метр қашықтыққа созылып жатыр. Жаңа орталық үш алаңнан құралады: Басты әкімшілік алаң, «Бәйтерек» тәуелсіздік монументінің айналасындағы алаң және Дөңгелек алаң. Сулы-жасыл бульвар композициялық желісі ұзына бойы созылып, үш алаңды бір-бірімен байланыстырып тұрады.
Басты әкімшілік алаң жаңа орталықтың шығыс бөлігінде Есіл өзенінің қасында орналасқан. Жаңа алаңның басында Қазақстан Республикасы Президентінің ресми резиденциясы «Ақ Орданың» еңселі ғимараты тұр. Ғимараттың ауданы - 36 720 шаршы метр. «Ақ Орда» жерден тұғырдың көмегімен көтеріліп тұр, бұдан оның көрінісі одан бетер таң қалдырады.
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми резиденциясы алты қабаттан тұрады, Мемлекеттік ту желбіреп тұрған төбесіне дейінгі биіктігі -70 метр. «Ақ Орданың» үстіңгі жағын көмкеріп тұрған көгілдір түсті күмбез Қазақстан Республикасының туымен түстес. Қазақстан Республикасы Президенті Сарайының ресми тұсаукесері 2004 жылдың 24 желтоқсанында өткен болатын. Сондай-ақ, әкімшілік алаңда Мәжіліс (ҚР Парламентінің төменгі палатасы), Сенат (ҚР Парламентінің жоғарғы палатасы), Үкімет, Президент Әкімшілігі және Министрліктер үйінің зәулім ғимараттары орналасқан.
Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының (ҚР ҰАК) тарихы жаңа елорданың Қазақстанның зияткерлік орталығы ретінде құрылуымен тығыз байланысты. ҚР ҰАК ашылмай тұрып, ел Президенті жаңа кітапхананың ашылуы заманауи сандық және виртуалды сақтау қоймасының үлгісін жасақтауға мүмкіндік береді деп атап өткен болатын. Елбасының ҚР ҰАК құруға өзі қатысып, қызығушылық танытуы оның Қазақстандағы білім тасымалдаушы ретіндегі жоғары маңыздылығын, білім беру ісіндегі рөлін көрсетті.
Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы – бұл жалпы ауданы 15000 шаршы метр болатын 5 қабатық ғимарат, бұл электрондық ақпаратпен жұмыс істейтін, түрлі электрондық қызмет көрсететін, жаңа компьютерлік технологияларды енгізетін мультимедиялық кітапхананың жаңа моделі. ҚР ҰАК дамыту тұжырымдамасына сәйкес, басты ресурс - электрондық ақпарат, ал басымдық берілетін бағыт қағазсыз технологияны дамыту деп көрсетілген.
ҚР ҰАК қоры 600 мыңнан астам кітаптан құралады. Кітапхана сондай-ақ мемлекеттік және басқа тілдерде жарық көретін 900-ден астам отандық, шетелдік мерзімді басылымдар алып отырады. Кітапхананың 25 мыңнан астам оқырмандары бар. ҚР ҰАК оқырмандары жойылған толық мәтіндік мәліметтер базасы, электрондық каталог бойынша ақпарат іздеу, кітапхана қызметшісіне сауал қою – виртуалды анықтама қызметі, ҚР ҰАК қорынан электронды көшірмелерді алу, он-лайн тәртібінде бірнеше күн бұрын оқу залына алдын ала тапсырыс беру, кітапханаға қашықтықтан жазылу және т.б. секілді электрондық қызметтерді пайдалана алады.
ҚР ҰАК 6 жыл бойы қарқынды жұмыс істеп келеді. 6 жыл ішінде кітапхана мамандары 40-тан астам халықаралық конференция, семинарларға қатысқан, ол жерлерде Қазақстанның жаңа кітапханасын құру тәжірибесі жөнінде баяндамалар оқыған. Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы IFLA – Кітапхана бірлестіктері мен мекемелерінің халықаралық федерациясы мен Ұлттық кітапхана директорларының халықаралық конференциясының мүшесі болып табылады. ҚР ҰАК мамандары IFLA басқарушы органдарында қызмет етуге сайланған.
Ынтымақтастықты нығайту мақсатында Ресейдің мемлекеттік кітапханасы, Иран, Беларусь, Өзбекстан, Молдова, Қырғызстан, Тәжікістан, Грузияның ұлттық кітапханалары, Украина ұлттық парламенттік кітапханасы, Мысырдың ұлттық кітапханасы мен Мұрағаты, Мысырдың Александрия кітапханасымен әріптестік жөнінде келісімдерге қол қойылды.
ҚР ҰАК қызметі халықаралық деңгейде ақпараттық қоғам қалыптастыруға өз үлесін қосқан кітапханалар жөнінде түсінік беруді көздейтін ИФЛА-ның «Success stories of libraries Building the Information Society» - «Әлем кітапханаларының табысты тарихы» мәліметтер базасы арнайы жобасында әлемдегі кітапхана тарихы бойынша үздік ондықта атап өтілген.
Мекен-жайы: 010000, Қазақстан, Астана қаласы, Достық көшесі 11.
«Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы Астана күнін мерекелеу шеңберінде 2010 жылғы 5 шілдеде салтанатты түрде ашылған еді. Бұл бірегей ғимарат президенттік «Ақ Орда» сарайынан бастау алатын Астананың жаңа орталығынан орын тепкен. Елорда үшін бұл орталық ең маңызды қалалық нысандардың біріне айналды. «Хан Шатыр» бірегей кешенінің жобасын танымал ағылшын сәулетшісі Норманн Фостер әзірледі. «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы жаңа қала осінің солтүстік бөлігінде тұр, оның іргетасымен қоса алғандағы биіктігі екі жүз метр. «Хан Шатыр» деген атауы айтып тұрғандай, дархан далада орын тепкен орасан зор 150 метрлік шатыр қала тұрғындары мен қонақтарын шын мәнінде таң қалдырары сөзсіз.
Елорданың ең биік нүктесі әрі Орталық Азияның ең үлкен сауық орталығы болып табылатын «Хан Шатыр» қаланың кез-келген жерінен көрініп тұрады. «Хан Шатырдың» жалпы ауданы – 127 мың шаршы метр, көлемі - 1,5 млн. текше метр.
Оның сәулет-құрылыс тұжырымдамасы Сарыарқаның суығымен «күресуге» бағытталған. Елорданың жаңа сауық орталығында бірнеше табиғи ландшафтық аймақ орналасқан. Жарық, ылғалдық пен жылудың үйлесімдігі жыл бойы бақыланып отырады, бұл елорданың ауыр климаттық жағдайында өмір сүретін тұрғындардың жайлығы үшін жасалған. Бәріне қоса, әйнектей төбе күн сәулесімен ғимаратты табиғи жарыққа толы етіп, үйдің жайлы жағдайын туғызады. Мұның барлығын кешеннің төбесінде орналасқан 400 шаршы метрлік қарау алаңы бар жоғарғы террасадан тамашалауға болады. Орталықтың кеңістігі өте мұқият ойластырылған: гүл және өсімдіктердің арқасында, күнделікті тіршіліктен демалу мақсатымен жайлылық жағдай жасау – «Хан Шатырдың» негізгі идеясы. Мысалы, төменгі деңгейде ауданы 4 мың шаршы метр болатын гипермаркет орналасқан, ол жерден жабық автотұраққа тікелей шығуға болады. Сонымен қатар меймандар жайлы лифтілер арқылы гипермаркет үстіндегі вестибюльде көздің жауын алар көтерме сауда аймағына (ауданы – 19 мың шаршы метр) көтеріле алады. Бұл кеңістіктің барлығы ашық, сондықтан айнала жақсы көрінеді. 700 көлікке арналған жабық автотұрақ та осы жерде, «нөлінші» қабатта орналасқан. Алпауыт шатырлы жоба Астанадағы сауда мен сауық орталығына айналып үлгерді. Онда гольф ойнайтын шағын алаңқай, кішкентай көлшік, ботаника бағы, төбесі жабық саяжайлар, сұлулық орталықтары, концерт залдары, дәмхана, кеңселер бар. «Хан Шатыр» әлемдегі ең үлкен кешендердің бірі саналады. Жобаның басты ерекшелігі – «қалашықтың» ішіндегі климат ішкі заманауи автоматика арқылы реттеліп отырады.
«Хан шатыр» Forbes Style журналының нұсқасы бойынша әлемдегі экоғимараттардың үздік ондығына енді.
Есіл өзенінің сол жағалауында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ғимаратының жанында «Жастар саябағы» деп аталатын жер бар. Ол 2005 жылғы Елорда күнінде ашылған болатын. 5000-нан астам мектеп оқушылары қатысқан саябақтың ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, ағаш отырғызды.
Еліміздің ең ірі саябақтарының бірінде отырғызылған түрлі тұқымдас үш мың жасыл желектер жайқалып өсіп, елорданың бүгінгі жас ұрпағының сезімдеріне куә болады. Бұл жерде солтүстікке тән шырша, емен, қайың мен теректерден өзге, үйеңкі мен шегіршін де өсіп жатыр.
Саябақтың ғашықтар мекені деп аталуына «Бақытым менің» атты жүректерін сезім билеген бозбала мен бойжеткеннің мүсіндік композициясы себеп болды. Елорда күніне сәйкес келетін көптеген неке қию рәсімдері осы «Жастар саябағында» өтеді.
Барлық көгалдар мен гүлзарлар қатаң неміс технологиясы бойынша жобаланып, отырғызылған. Себебі ландшафтық құрылыс ісінің Германияда тарихи терең тамыры бар. Саябақтың ортасында үлкен, сәулеті жағынан ерекше субұрқақ орналасқан. «Жастар саябағы» «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ғимараты мен Сарыарқа даңғылы арасында 14 га ауданды алып жатыр. Аталмыш саябақты жобалауды «USB Group» компаниясы, құрылысын «ҚазГерСтрой» ЖШС жүзеге асырды. Саябақ аумағында 3 500-ден астам ағаштар мен бұталар егілген, 5 мың шаршы метр гүлзар, 116 мың шаршы метр көгалдар отырғызылған.
Атақты британдық сәулетші Норман Фостердің жобасы бойынша салынған Бейбітшілік және Келісім сарайының пирамида үлгісіндегі ғимараты Қазақстанның жаңа елордасының шын мәніндегі әсем көркіне айналып отыр. Ғимарат таң қалдырарлық аз уақытта салынып бітті, британиялық сәулетшінің айтуы бойынша, пирамида секілді жобаларды аяқтауға алты жыл уақыт кетеді, ал Астанада небәрі бір жыл ішінде салынды. Сәулет өнерінің бұл туындысы 2006 жылы 1 қыркүйекте ашылды.
- Пирамиданы салу идеясының авторы Қазақстан президенті. Бізге осы идеяны жүзеге асыруды ұсынған кезде қуана іске кірістік. Салынған ғимарат – таңғажайып жетістік, тамаша нәтиже деп ойлаймын, -деді Норман Фостер өз туындысының ашылуы кезінде.
Бейбітшілік және келісім сарайы әйнекпен, гранитпен әрленген, сондықтан басқа ғимараттар жанында сонадай көзге ерекше түсіп тұрады. Пирамиданың биіктігі 62 метр, ол 25 қабаттық ғимаратқа тең. Табанындағы төртбұрыштың әр жағының да ұзындығы осындай. Пирамида 15 метрлік төбеде салынған. Оған кіру жер асты арқылы жүргізіледі. Бейбітшілік және келісім сарайының жалпы ауданы 25,5 мың шаршы метрді құрайды. Пирамиданың астыңғы деңгейінде 1500 орындық опера залы алады, жоғары қабатында әлемдік және дәстүрлі діндер басшылары басқосуы өтетін 200 орындық мәслихат залы орналасқан. Бейбітшілік және келісім сарайы - ғимараттың екі қызметтік бағытының бірегей түйісуі.
Сарайда түрлі діни конфессиялардың өкілдеріне құдайға сыйынуына арналған 32 орын, Қазақстан халқы ассамблеясының кеңсесі, мұражайлар, көрме залы, қысқы бақ, университет орналасқан. Ал лифтіге мінген кезде жасыл террасалары мен пирамида төбесінен түсіп тұрған жарықтың керемет көрінісін тамашалай алады. Ал төбеге жаяу шығу одан да қызық: «Астананың аспалы бақтары» аталатын толқынды баспалдақтары арқылы жүруге тура келеді. Сыртынан қарағанда да көз тоқтатарлық жерлері бар: Фостердің пирамидасы Есілдің екі жағалауынан да көрінеді. Ал түнде оның төбесі ішінен жанып тұрады. Бұл жерде республикалық және халықаралық деңгейдегі ірі шаралар өткізіледі.
Бейбітшілік және келісім сарайы айналасын Астанадағы ең жас, әрі ең үлкен саябақ қоршап тұр. Оның аумағы 80 гектардан асып түседі. Саябақ бірнеше аймақтан тұрады: жағалаулық, шығыс және батыс аймақтары. Оларда су айнасының жалпы ауданы 7000 шаршы метр болатын бес су бұрқақ кешені, Төменгі алаң, Үлкен каскад, грот, көл басы, сегіз жасанды көлшік және су арнасы орналасқан. Бұл жерге 27 мыңға жуық ағаш, 16 мың ағаш көшеті отырғызылған, 600 мың шаршы метрден астам жасыл алаң мен гүл бақтары жасалған. Саябақта жиырма шақырымдық аллея төселген. Сонымен қатар осы жерден қаланың жаңа әкімшілік орталығы, «Ақ Орда» президент резиденциясы ғимараты жақсы көрінеді. Бұл саябақтың тағы бір ерекшелігі сол – ол тек үлкен биіктіктен ғана көрінеді. Жағалауға тиесілі аумақта үлкен тас көл бар. Оның пішіні аңыздағы «Самұрық» құсының көлеңкесін білдіреді.
Қазіргі күні бұрынғы Целиноград қаласы танымастай болып өзгерді. Ал, Есіл өзенінің жағалауы шын мәніне тарихи орын. Елордалық жағалау көп жылдардан бері Астананың ең айтулы орнына айналды. Өзара үндесіп үйлесімін тапқан жаңа заманауи сәулеттік туынды мен елордалық жасыл саябақтың таңдаулы көрінісі Есіл жағалауын бойлай түседі.
Бұл елорда тұрғындары мен қонақтарының тынығатын орны және көптеген мерекелер мен түрлі шоулар осында өтеді. Мұнда тәуліктің қай кезінде келсеңіз де адамдарды көресіз. Таңертең жүгіріп, жаттығу жасап жүрген жандарды, күндіз ролик теуіп жүрген балаларды, жағалаудың әдемілігін көрсете суретке түсіп жүрген туристерді көресіз. Ал кешкілік бұл жер нағыз романтикаға айналады.
Астанада тұратын ғашықтар осы жағалауға аптасына бір рет болса да келіп, серуендеп қайтады. Су бетінде ойнайтын әдемі сәулелер мұнда ертегідегідей әсер береді. 2001 жылы жағалауға Кенесары Қасымовтың ескерткіші орнатылды. Енді ол жаңаша бақытты сәттердің куәсі мен кездесулердің орнына айналды.
Жағалауда серуендеп, тынығып қайтқан әрбір жан ол жерден әсерсіз кетпеуі мүмкін емес. Өйткені судың тыныштандырғыш өзіндік қасиеті елорданың қызу өмір тіршілігінде әрбір жанға қажеттігі сөзсіз.
Бұл мәдени нысан бір жағынан қазақстандық сәулет өнерінің жеткен шыңын, ал екінші жағынан тәуелсіз, егеменді Қазақстанның тарихын, мәдениетін, жетістіктері мен күш-қуатын көрсетеді. Монумент – Қазақстанның тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің нышаны. «Қазақ елі» мемлекеттің жетістіктері мен табыстары, тиімді экономикалық реформалар, демократиялық қайта құрулар, этникааралық қарым-қатынастың ерекше моделі, әлеуметтік саясаттың дұрыс жүргізілуі болсын – барлығы да тұтас халықтың игілігі екенін дәлелдейді.
«Қазақ елі» стела түріндегі монумент. Оның ұшар басында алып Самұрық құс бейнеленген, табан жағы төрт қола барельефтен құралған. Әр бедердің жеке-жеке атауы бар: «Тұңғыш президент және халық», «Қаһармандық», «Жасампаздық» және «Болашақ». «Қазақ елiнің» 91 метрлік биіктігі Қазақстан тәуелсіз мемлекет атанған 1991 жылды білдіреді. Монументтің мәрмәрдан жасалған табаны Қазақстанды мекен еткен халықтардың этникааралық үйлесімінен хабардар етеді. Ұшар басында Самұрық құс қарыштап тұрған стеланың өзі қазақстандықтардың болашаққа, дамуға және гүлденуге деген ұмтылысын білдіреді. Монументтің жалпы ауданы 5,0 гектар, айналасындағы аймақтың ауданы - 11 гектар.
2008 жылғы 15 желтоқсанда «Тәуелсіздік Сарайы» МКҚК-ның ашылу салтанаты өтті.
«Тәуелсіздік Сарайы» мемелекеттік ресми іс-шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді, съездерді өткізу орны болып табылады. Ғимараттың сыйымдылығы, техникалық жабдықталуы, жайлылығы іс-шараларды жоғары халықаралық деңгейде өткізуге және көрсетуге мүмкіндік береді. Ресми іс-шаралармен қатар концерттерді, көрмелерді, мерекелік жиындарды өткізуге барлық мүмкіндік бар.
Тәуелсіздік Сарайы 3 қабаттан тұрады. Бірінші қабат - ұлттық және қазіргі заман стильдерінің біртума үйлесімділігі. Осында 3082 адамға жасалған Конгресс-зал, 268 орны бар Рәсімдеу залы, 220 орны бар Пресс-орталық, сыйымдылығы 678 адамға арналған және сахна мен дыбыс аппаратурасымен жабдықталған кең мейрамхана орналасқан. Екінші қабатта қол өнер және этнография, археология және антропология галереясы орналасқан. Композициялық үйлестірілген археология залы Алтын адам, Сармат батыры, Берел аттары, құпия жазулары бар тастар сияқты сирек кездесетін ежелгі экспонаттарымен қуантады. Адам киімі, аттардың әшекейлері, аң стилінде жасалған скиф-сақ әлемінің бұйымдары таңдандырады. Этнография мен қол өнері әйел әшекей-бұйымдары, қазақ даласының түрлі аймақтарының ұлттық киімдері, батырлардың қару-жарақтары, ән аспаптары, қолдан тігілген кілемдер, аңға шығу композициясы, әсерлі қыз ұзату көрінісі ретінде ұсынылған.
18-19ғғ. экспонаттарымен қатар қазіргі заман шеберлерінің жұмыстары да орын тапты. Көшпенділер өркениетінің ұлы жетістігі - бұл қазақ киіз үйі, қазіргі заман шеберімен жасалған көрермендер назарына ұсынылып отыр.
Антропология залы неолит дәуірінен бастап бүгінгі күнге дейінгі бұрыңғы қалпына келтірілген адам бейнесінің көрінісі қызықтырады.
Қазіргі заман мұражайында абстракция, пейзаж, ландшафт, портрет, яғни түрлі көзқарастар мен стильдерде орындалған Қазақстан Республикасының Мулашев, Аканаев, Смағұлова, Бегалин сияқты танымал суретшілердің жұмыстары бар. Қыш, қола, ағаштан жасалған мүсіндер де өзіне көз тартып, көңіл аудартады. Үшінші қабатта Астана қаласы тарихының мұражайы орналасқан. Мұражайдың экспозициялық кеңістігі Астана қаласының барлық қалыптасу кезеңін қамтиды: құжаттар, астанаға сыйланған сыйлықтар, жетістіктер.
«Астана 2030» макет залы астананың 2030 жылға дейінгі даму көріністерін көрсетеді.
Елорданың сол жағалауында, «Қазақ елі» монументі мен Тәуелсіздік Сарайының жанында орналасқан «Шабыт» – бірегей туынды. Оның сыртқы пішіні мен ішкі көрінісі ерекше көз тартады. Нысан елорданың 10 жылдық мерейтойы қарсаңында салынды.
«Шабыт» шығармашылық сарайының үш қабатында: 4500 орындық көпбейінді үлкен зал, бір мезгілде 400, 200, 100 және 50 адамды қабылдай алатын конференц-залдар, 700 орындық мейрамхана, баспасөз мәслихаттарын өткізуге арналған зал және рәсімдеу залдары орналасқан.
Жалпы ғимарат 10 градусқа көлбеу орналасқан 38 мұнараға сүйенеді. Көрермендерге арналған зал мен спорт залының биіктігі 9м, басты блоктағы бірінші қабаттың биіктігі – 5,8 м, қалған қабаттарда – 3,9 м. Жоғарғы қабаттар арасында атриум орналасқан.
Жалпы ауданы 30 мың шаршы метр болатын «Шабыт» шығармашылық сарайының ғимаратында дәріс залдары мен аудиториялардан өзге, көрме кешендері, музыка мектебі, даярлық сыныптары, кітапхана, сазгерлер мен суретшілердің шығармашлық одақтарының бөлмелері, би залдары, «Өнер» мектебінің жеті сыныбы, балалар кинематография мектебі, «Номад» арт-орталығы, журналистердің, сәулетшілердің, дизайнерлердің шығармашылық одақтары орналасқан.
Оқытушылар құрамына Қазақстан Республикасының халық әртістері, республиканың еңбек сіңірген өнер қайраткерлері кіреді, сонымен қатар дәрістер, шеберлік сағаттарын өткізу үшін шетелден мамандар шақыртылады.
Сарайдың жаңа ғимараты Қазақ ұлттық өнер университетіне берілді. Мұнда студенттер би, бейнелеу өнері, мүсін, дизайн, театр және балет өнері, кино және телевидение секілді жаңа шығармашылық мамандықтар бойынша білім ала алады. «Шабыт» шығармашылық сарайы –еліміздің түкпір-түкпірінен келген шығармашылық адамдарын бір шаңырақ астында біріктіретін ең ірі, бірегей кешен.
«Отан Қорғаушылар» - өз өлшемімен таң қалдырған қола монумент. Күрделі оюлармен безендірілген алып шар біздің Отанымыздың рухани мұрасы жөнінде ойлар тастайтын стеланы мазмұнды жағынан толықтырып тұр. Қола діңгек өз балаларын, көпұлтты Қазақстан тұрғындарын құшағын жая қарсы алып тұрған Отан ана бейнесін білдіретін мүсінге жалғасады. Мұндай мемориалды кешенде тұңғыш рет әйел ана қайғырып тұрған жоқ, керісінше, күлімсіреп, бірлік пен келісімге шақырып тұр. Ол бейбітшілік пен гүлденудің белгісі алтын табаны ұстап тұр.
101 колостан тұратын 40 метрлік стела Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың бірлігін білдіреді. «Отан Қорғаушылар» кешенінің астыңғы бөлігінде қазақ батырларының жоңғар басқыншыларымен ұрысы бейнеленген. Кешеннің, қола монументтің жетегінде Мәңгі Алау орналасқан.
Бұл Мәңгі алау «Отан Қорғаушылар» мемориалының ашылу рәсіміне 2001 жылы 9 мамырда Алматыдан жеткізілген еді, ол «28 батыр — панфиловшы» мемориалының бір бөлшегі болып табылады.
Монументтің айналасында саябақ орналасқан, ол жер қала тұрғындарының сүйікті демалыс орындарының біріне айналып үлгерді.
Күнделікті көріп жүрген төрт бұрышты алаңдардан өзгеше, су бұрқақтар кешені бар дөңгелек алаң елорда тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орындарының біріне айналып үлгерді. Шеңбер – қонақжай шаңырақтың белгісі. Ол Қазақстанда тұрып жатқан жүзден астам ұлт өкілдерін бір шаңырақ астына, бір қауымға біріктіреді. Шеңбер – береке белгісі, достық көпірі. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алаңның архитектуралық идеясы мен оның жүзеге асырылуын жоғары бағалады: «...Күрделі шешімдер, үзеңгілестердің көмегі, архитектуралық ізденістер, қаланың болашағы жөніндегі ойлар, өңірдің аңыздары мен топонимикасы, тұрмыс бөлшектері, тарихи аналогия, Астананың ландшафты мен әсемдігі, бір сөзбен айтқанда, жаңа елордаға арнаған барлық ойлар мен істерім – барлығы осы жерде...»
Кешен 2003 жылы аяқталып, ашылған еді. Оның жалпы ауданы 70 мың шаршы метр, радиусы — 165 метр. Алаң аймағында Көлік және коммуникация министрлігінің «Transport Tower» 36-қабаттық ғимараты, «ҚазТрансОйл», «ҚазМұнайГаз» компанияларының ғимараттары, Еуразиялық банк ғимараты орналасқан. Кешенде сондай-ақ бутиктер, дүкендер, дәмханалар, қызмет көрсету орталықтары бар. Дөңгелек алаңның ландшафты ерекше, оның қақ ортасында субұрқақ орналасқан.
Автокөлік пен жаяу жүргіншілердің қозғалыс аумағын шектеу мәселесі өте қызық шешімін тапты: автомагистраль алаңнан жеті метрлік биіктікке көтеріліп тұр. Тұрақ орындары жақсы орналасқан. Сонымен қатар, күрделі кешен жерасты қабаттарынан басқарылады, ол жерге барлық қажетті техникалық коммуникациялар орналасқан.
Әрине, субұрқақтар туралы айтпай кетуге болмайды. Солардың бірі — каскад, ол ыстық күні аяғын жылы сумен шайып алуды теріс көрмейтін балалардың ерекше ықыласына ие. Дөңгелек алаңның қақ ортасында орын тепкен екінші субұрқақ жөнінде бөлек әңгімелеп беруге болады: 17-режимдік, диаметрі 50 метр, бұрқақ биіктігі 17 метрді құрайды. Ерекше түнгі жарықтың арқасында су бұрқақ үстінде ауада шаңырақ бейнесі көрінеді.
Қазақстанның жаңа елордасы құрылысының сәулет жоспарын сызғанда атақты Кисе Курокава қала мен табиғат үйлесімділігін негізгі басымдық ретінде көрсеткен болатын. Ол бойынша Астана алтын даладағы жасыл оазиске айналу тиіс. Бекітілген тұжырымдамаға сәйкес, 2030 жылға қарай қалада алты мың гектардан астам жасыл желек отырғызылған аймақ, бір жарым миллион ағаш пен он алты миллионға жуық ағаш көшеттері болады. Мұндай ірі ойды жүзеге асыру үшін бір онжылдықтың өзі аз болары анық, алайда бұл бағыттағы алғашқы қадамдар жасалып қойды. Алты саябақ, жиырмадан астам сквер, елорданың жаңа әкімшілік орталығындағы сулы жасыл бульвар – соңғы бес жылдағы жұмыс нәтижесі. Бұл жұмыс әлі де жалғасып жатыр. Қала басшылығының коммуналдық шаруашылықтар алдында қойған жоспары бойынша жалпы ауданы 13 гектарды алатын, ең кемінде 10 жаңа сквер ашу қажет.
Қаланы көгалдандыру тұжырымдамасы өзінің «эко-орманы», «эко-дәлізі», «эко-кеңістігі» бар «эко-қала» қалыптастыруды қажет етеді. Табиғи шалғындар, жасанды көлдер мен су қоймалары жан-жағынан сан-алуан түрлі ағаштармен қоршалып тұрады. Биіктен қарағанда елордамыз әсем кілем секілді көрінетін болады. Экологтардың айтуы бойынша, Астананың жасыл «көйлегі» оның әдемі безендіріп қоймай, сондай-ақ табиғи апаттардан да сақтайды. Жасыл желектер ерекше траекториямен отырғызылып, қатты желден сақтауға көмектеседі.
Астананың төңірегінде «жасыл белдеу» қалыптастыру жобасы да жүзеге асып жатыр. Мамандар 2015 жылдың аяғына қарай жаңа елорданы тамаша «сақинамен» қоршап бітіруді жоспарлап отыр. Жалпы ұзындығы 75 мың гектар «асыл тасты алқаның» жартысы қазірдің өзінде дайын.
Астанада қалақұрылысшылармен қатар сәулет өнерінің кереметтерін ландшафтық дизайнерлер де қалыптастырады. Олар елорданың саябақтары мен гүлзар бақтарын жоғары сән үлгісіндегідей киіндіреміз деп уәде беріп отыр
Көлік және коммуникация министрлігі орналасқан әкімшілік-технологиялық кешен 2003 жылдың қазан айында пайдалануға берілді. Сол кезде ол Қазақстан Республикасындағы ең биік, ал ТМД елдеріндегі ең биік кеңсе ғимараты болды. Оның биіктігі 170 метрді құрайды.
Оның жалпы ауданы 32 мың шаршы метр, ал қолданылатын аумағы 28,7 мың шаршы метрді құрайды. 170 метрдің 155-інде немесе 34 қабатында кеңселер жұмыс жасайды. Ал қалған 15 метрін антуражды сүмбі (шпиль) алып жатыр.
Ғимаратта 10 жедел лифт жұмыс жасайды. Олар жолаушылар ағымын тең бөлуге мүмкіндік береді. Лифтіден өзге бұл ғимаратта, әрине, баспалдақтар да бар. Егер де біреу жоғарыға жаяу көтерілемін десе, оған 648 сатыдан басып өту керек. «Мұндай биіктікті бағындырған» адамды керемет сый күтіп тұр – құстар қалықтап ұшар қашықтықтан қаланың таң қалдырарлық көріністерін тамашалуға болады. 32-қабатта айналмалы балкон түріндегі қарау алаңы орналасқан. Ал оның үстінде ғимараттың шыңы – сүмбі орналасқан.
ХХІ ғасыр басында түнгі шамдар жарығынан түрлі түске боялып, айналасындағы жаңа елордалық орталықтың сәулелерімен көмкерілген бұл ғимарат Астана сәулетін жаңа деңгейге көтеріп, жаңа биікке асқақтатып тұр. Алайда, Қазақстанның тез қарқынмен салынып жатқан елордасында ешбір зәулім ғимарат ұзақ уақыт бойы бірінші болып тұра алмасы анық. 2009 жылдан бері Көлік және коммуникация министрлігі ғимараты ең биік деген мәртебесін өзге ғимаратқа табыстады: енді Астананың іскерлік орталығында жаңа көшбасшы пайда болды. Жаңадан салынған «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясының кеңсесі осы атқа лайық болып тұр.
Бұл еңселі әкімшілік ғимарат кешені 37 және 40 қабаттық екі мұнарадан тұрады. Заманауи зәулім ғимараттың биіктігі 175 метрді құрады. Алайда ҚТЖ кеңсесінің көшбасшылығы да ұзаққа созылмайтын сияқты.
Астанада 88 қабатты көпсалалы «Абу Даби Плаза» қонақ үй кешенінің құрылысы басталды. Жоба авторларының жоспарлауынша, «Абу Даби Плаза» Орталық Азиядағы ең биік ғимарат болмақ және биіктігі бойынша әлемдегі он төртінші ғимарат атанады.
2005 жылғы наурызда Астанада бүкіл еліміздің көрнекті орындарының бірі –«Нұр Астана» мешіті салынды. ). Оның келбеті әмбебап заманауи үйлер арасында күтпеген жағдайда, бірақ үйлесімді қоршалып тұр. Шығыстың кереметі шиша, бетон, болат, гранит және алюкобонды қосылымдармен өрнектелген. Ислам мәдениет орталығының ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Ол мешітке Сауд Арабиясы королінің баспаханасында шығарылған сыйды табыс етті. Кешен құрылысы Катар мемлекетінің қаржылық қолдауының арқасында 2002 жылы басталған болатын. Мешіт 6 млн. 840 мың АҚШ доллары көлеміндегі грант есебінен салынды. Ғимарат шығыстық үлгідегі сәулет туындысы болып табылады. Мешіт төбесінде биіктігі 62 метр төрт мұнара орналасқан. Күмбездер алтынмен қапталған. Күмбезді білдіретін сегіз кереге оюды әшекейлеп ғана қоймай, сүрені (құран мәтінінің бөлігі) қашайды. Ішінде 5 мың адам дұға жасай алатын үлкен залды кездестіреміз. Екінші қабат балконы 2 мың қыз-келіншектерге дұға жасауға арналған. Мешіт көлемі шамамен 4000 шаршы метрді құрайды. Мешіт ливандық сәулетші Чарльз Хазифтің жобасы бойынша салынған. Бас күмбездің биіктігі – 43 метр. Ғимараттың жалпы ауданы – 3930 шаршы метр.
2004 жылғы 7 қыркүйекте Астанада Орталық Азиядағы ең ірі синагога «Бейт Рахель – Хабад Любавич» ашылды, оған Президент Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.
Қазақстан мен бүкіл Орталық Азиядағы ең ірі синагоганың көгілдір-ақшыл ғимараты Ақбұлақ өзенінің жағасында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен «Астана» тұрғын үй кешені ортасында орналасқан. Оның ауданы 5600 шаршы метрді құрайды. Синагога құрылысы екі жарым жылға жалғасты. Оның ашылу салтанатында қазақстандық кәсіпкер Михаил Зайдман «Бейт Рахель – Хабад Любавич» синагогасына Израильде арнайы жазылған Тәурат орамасын сыйға тартты.
Синагоганы жобалау жұмыстары және оның құрылысы Еуроазиялық еврейлер конгресінің қаржысына жүргізілді. Синагоганы Қазақстанның бас раввині Ешая Коген және оның орынбасары – Астана қаласының бас раввині Юда Кубалкин басқарады. Синагоганың жалпы аумағы 5 600 шаршы метр, төбесінде орнатылған «Давид жұлдызына» дейінгі биіктік 25 метрді құрайды.
Астанадағы синагоганың ашылуы діни конфессияларға қатысты толерантты саясат үлгісі болып табылады, Қазақстан басшылығының бейбітшілік пен ұлтаралық келісімге деген ұмтылысын көрсетеді.
«Қазақстан» орталық концерт залы идеясының авторы маэстро Манфреди Николетти болып табылады. Ол әлемдегі ең озық жобалаушы ғана емес, сондай-ақ құрылысының табиғи принциптерімен әлемге танымал болған қазіргі заманғы ең талап етілетін сәулетшілердің бірі.
«Қазақстан» орталық концерт залы – ең озық технологиялармен жабдықталған салтанатты және ресми кездесулер, әлемдік және отандық жұлдыздардың концерттері, конференциялар, тұсаукесерлер, жиналыс пен көрмелер секілді бұқаралық шараларды өткізуге арналған алғашқы елордалық кешен. 3500 орынға арналған бірегей ғимарат. Симфониялық және камералық музыка концерттерін, сауық кещтері мен опера және балет театр қойылымдарын, кино көрсетілімдерін, сондай-ақ саяси іс-шараларды ұйымдастыруға лайықталған сыйымдылығы жағынан ең үлкен залдардың бірі болып табылады.
Ғимарат екі бөліктен: концерт залы және оны жауып тұратын үлкен жабық Пьяцца-Фойеден құралған. Көрермен залы, нақты айтсақ, бұл бүтін атриум, музыкалық аспап үлгісінде жасалған және симфониялық концерт болсын, опера не кинокөрсетілім болсын, кез келген шоуға «бейімделе алады». Пьяцца-Фойеде сондай-ақ, 400 және 200 орынға арналған шағын залдар, мейрамханалар, билет кассалары, киім ілгіштер және т.б. бар.
Пьяцца-фойе – қонақтардың бос уақытын тиімді өткізіп, көңіл көтеруіне негізделген ыңғайлы да жайлы демалу алаңы. «Қазақстан» Орталық концерт залының осы Негізгі бөлігі түрлі конференциялар, тұсаукесерлер, жиналыстар мен көрмелерді өткізуге арналған. Пьяцца-фойенің технологиялық жабдықталуы әр шараның жоғарғы деңгейде өтуін қамтамасыз етеді. Фойеде орналасқан қоғамдық орындар: дәм тататын мейрамханалар, кішігірім барлар мен сауда нүктелері тұтынушының талғамын қанағаттандыра алатын сапалы деңгейде қызмет етеді.
Атриум ішкі және сыртқы жағынан акустикаға еш кедергісіз өзінің міндетін аиқаруға мүмкіндік беретін арнайы ағашпен қапталған. Тіпті концерт залының едені жоғары тозуға төзімді арнайы паркетпен жасалған және аса бейнелі акустикалық бейімділікпен жатқызылған.
Аса көп назарды бір аралық пульті арқылы бір адаммен басқарылатын көп функциялы сахнаға (сахна аумағы 274 ш.м.) аударған жөн. Сахнаның алдыңғы жағында оркестрге арналған шұңқыр орналасқан, оның түсу және көтерілу уақыты 4 минутты құрайды. Оркестр шұңқырының тереңдігі 4,5 метр болады және оркестр үшін жеке шығар есіктер қарастырылған.
Сахнаның артқы жағы хорға арналған және 7 хор ярусынан тұрады, олар да аралық пульт арқылы басқарылады және толық көтерілгенде биіктігі үш метрге дейін жетеді. Сондай-ақ атриумның тиімді бір қасиеті көзге кішкене болып көрінуін атап өткен жөн. Бұл жеке аспалы перделердің арқасында жүзеге асырылады, оларды төбе фермаларына бекіткенде залдың жоғары деңгейі – галереяны алып тастауға, сондай-ақ залдың үшінші деңгейі балконды алып, жауып тастауға болады. Осы арқылы үш жарым мың орынға арналған зал жеп-жеңіл екі мың орынға арналған залға айналып шыға келеді. Сахнаның үстінде, оның ең орталық нүктесінде жалпы қуаты 25 киловатт «Renkus-Heinz» американдық фирмасының дыбыстық класстері орналасқан. Сондай-ақ залдың периметрі бойынша 12 маңдай алды колонкалар орналасқан, олар дыбысты тура барлық фронт бойынша таратады және әр секторға жеткізеді. Акустикалық жүйенің мақтанышы арнайы итальян технологиясы бойынша жасалған, міндеті әртүрлі бұрыш көлбеулерін ала отырып, концерттің акустикалық дыбысталуын толық жетілдіруге арналған 22 үлестіргіш-гүл жапырағы болып табылады. Егер қабырғаға назар аударатын болсақ, онда арнайы акустикалық тартылу мен дыбысты кері итеру әсері бар қабырғалық перделерді көруге болады. Перделерді басқару арналған бағдарламасы бар жеке компьютер арқылы жүзеге асырылады. Дыбысты қабылдауды жақсарту үшін арнайы акустикалық қондырма сондай-ақ концерт залының креслоларының төменгі жағында орналасқан. 14х8 метр көлемді кең форматты экранның бары бейнені кез келген форматта, соның ішінде ең алдыңғы қатарлы – Blue Ray форматында көрсету мүмкіндігімен әртүрлі кинокөрсетілімдер мен бейне-презентацияларды өткізуге ойластырылған.
Он бес американкада орналасқан люкс санатты жарық құралдары 400 әртүрлі жарық конфигурацияларына ие және ең батыл жарық идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазіргі күнде мұндай бірегей жоба ТМД-ның бірде-бір елінде жоқ және ол сөзсіз Қазақстан Республикасының мәдениет орталықтарының және сәулет ғимараттарының ең маңыздыларының бірі болып табылады. Экскурсиялар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.
Астананың жаңа әкімшілік орталығында орналасқан кешен сәулет сипаты жағынан бірегей туынды, елорданың ең көлемді ғимараты болып табылады.
Елордада аты аңызға айналған «Бәйтерек» ағашы пайда болды. Ол «Жерұйық» саябағының мақтанышы. Бәйтеректің айналасында қос мүйізді пырақтар бейнеленген. Алып ағашты төрт ертегі кейіпкері қорғайды. Ерекше мүсін өткенді есте сақтап, болашаққа ұмтылған өмір жолын білдіреді.
Саябақтың жалпы ауданы 21 гектарды құрайды. Саябақ 2007 жылғы 1 шілдеде ашылды және бүгінде оның аумағында 95000 шаршы метр көгал, 415 түрлі ағаш, 172 шағын сәулет формасы нысаны орналасқан. 20 гектарда 10 мыңға жуық ағаш пен 10 түрлі бұта өсіп жатыр. Соның ішінде қарағай, қайың, терек және мойыл. Саябақтың қақ ортасында 1999 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаев отырғызған емен жайқалып өсіп тұр. Ол Қазақстанның үшінші мыңжылдықта да гүлденген бақтай құлпырып өсіп, дами беретіндігінің символы іспеттес.
Учаскенің ауданы – 1,75 га
Көгалдандыру ауданы – 13369 шаршы м.
Жаяу жүргіншіге арналған жол, алаңқайлардың ауданы – 4104 шаршы м.
Л.Н. Гумилев көшесіндегі саябақ Ақ Бұлақ өзенінің жағалауы мен Л.Н.Гумилев көшесі аралығында Еуразиялық университеттен синагогаға дейінгі аумақта орналасқан. Серуен алаңы саябақтың түрлі жерлерін өзара байланыстырып, композицияға өміршеңдік беруде.
Саябақ Қабанбай батыр даңғылы бойымен қалаға кіреберісте Шұбар шағын ауданында бұған дейін де болған жасыл желектер орналасқан тұста құрылды. Тұрғын алабы ойыс жерде, мұнда негізінен 15-20 жл бұрын отырғызылған үйеңкі, терек секілді ағаштар егілген. Ағаштар мен бұталар, өсімдіктер жергілікті жерге бейімделген материалдардан іріктеліп алынған. Жолдар түрлі түсті тас төселімдерінен жасалған. Жоба бойынша орындықтар (24 дана), қоқыс салатын жәшік, шамдар орнату, сондай-ақ көпір және жол жағынан қарағанда саябақты арнайы жасыл түспен жарықтандыру қарастырылған. Саябақтың ортасында ландшафты дизайнер дайындаған гүлзар орнатылған.
2009 жылы Түрік Республикасының негізін қалаушы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Кемал Ататүрікке арналған ескерткіш салтанатты түрде ашылды. Ескерткіш елорданың орталығында, Есіл өзенінің жағалауы көрініп тұрған Ж.Тәшенов көшесіндегі жасыл желекті саябақта орнатылды. Ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігі, Үкімет, Парламент өкілдері, Қазақстан мен Түркия бизнес қауымдастығы, түрік ұлттық-мәдени орталығының өкілдері, ғылым мен мәдениет қайраткерлері қатысты.
Түркияның негізін қалаушы Ататүріктің мүсіні қоладан құйылған. Мүсінде ол еуропалық үлгідегі костюмде, қолында таяқ, басында ұлттық бас киім. Мұстафа Кемал Ататүрік тарихта елін бөлінуден сақтап қалып, Түрік мемлекетін жаңа даму деңгейіне шығарған жаңашыл қайраткер ретінде қалды. Бүгінде Түркия беделі жоғары мемлекет, Қазақстанның бауырлас әріптесі.
Ататүрікке ескерткіш Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы мен Түрік Республикасы арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайту мақсатында орнатылды. 2009 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі үздік эскиздік жобаға байқау өткізді. Мүсінші Бақытжан Әбішев жеңімпаз деп танылды. ескерткіш қоладан, тұғыр – граниттен жасалды, тұғырды есепке алмағанда ескерткіштің биіктігі 4,4 метр, салмағы – 5,5 тонна.
«Жер-ана» - «Рамстор» сауда орталығының алдындағы көпірге кірер тұста орнатылған мүсіндік топтама. Ресейлік мүсінші Даши Намдаков пен суретші Сембіғали Смағұловтың өгіздің үстінде тұрған Сақ патшайымы Томирис бейнеленген монументі 2008 жылы 5 шілдеде ашылды. Биіктігі 11 метр болатын мүсіндік композиция қазақтың киелі топырағы мен қазақ халқының рухани-тарихи құндылықтарының үндесуін көрсетеді.
«Жыл мезгілдері» деп аталатын саябақ Қала күнін мерекелеу кезінде ашылды. Оның ашылуына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Саябақтың таңдалған орны кездейсоқ емес: Астана қаласының бас дизайнері Евгений Светличныйдың айтуынша, «Самал», Жастар тұрғын аудандары мен Есіл өзенінің сол жағалауына жақын орналасқан. 1,5 мың ағаш тұқымдары бойынша топтастырылған, соның арқасында бұл саябақ жылдың кез-келген мезгілінде жасыл түсті болады. Жалпы 6,5 гектар аумақтың 4,5 гектары жасыл желекке бөлінген. Айта кетер жайт, жаңа саябақ салған кезде бұрынғы ағаштар түгелімен сақталып қалынды. Светличныйдың айтуынша, саябақ елораның көрнекті орнына айналмақ - әуежай тұсынан түнде Астанаға кірер кезде әсем жарықтандырудың арқасында «Жыл мезгілдерінде» керемет көріністі тамашалауға болады. Бұл жерде болашақта ғашықтар кездесетін орынға айналуы тиіс алып сағат орнатылған.
Астана қаласындағы екі ірі жол торабы Республика даңғылы мен А. Бараев көшелерінің қиылысына шыққан кезде – ақ үлгідегі, зәулім Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығын көруге болады. Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы 2000 жылы 24 қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ашылды. Үлкен биіктіктен қазақ халқының мәдениетіне тән, сәулелері әлемнің төрт бұрышына таралатын дөңгелек ретінде көрінеді. Астана сәулетіндегі ең бір сұлу ғимараттардың бірі, Түркілік сәулет мәдениетінің құрметі – жерден 38,5 метрге көтерілген көк күмбез - қалаға Шығыстың көркін сыйлайды. Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығының жалпы ауданы — 20315,0 шаршы метр.
Жаңа Астананың мәдени және рухани кейпін арттыру, үлкен қоғамның Қазақстан халқының тарихи мұрасымен, оның әлемдік мәдениет пен өнер саласындағы жетістіктерімен танысуы мақсатында Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығында Ұлттық дәстүрлер театры ашылды.
Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығының мұражайы көрермен қауымға ежелгі кезеңнен осы заманға дейінгі Қазақстан мемлекеттігінің құрылу тарихы туралы түсінік береді.
Мұражай қорында 143 223 астам бірлік сақталынады. Негізінен бұл археология, этнография, тарих, мәдениет және өнер заттары. Олар үш бөлімге бөлінген: негізгі қор, ғылыми-қосалқы қор, уақытша сақтау қоры.
Мұражай қоры топтамаларға біріктірілген.
«Берел Алтындары» топтамасы - Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданының Берел ауылындағы қорғандардан табылған бірегей ескерткіштер. 1998-1999 жылдары ашылған ұлы жаңалық (б.з.д IV-ІІІғғ) ерте көшпенділер дәуіріне жатады. Көшпелі бекзадалардың жерленген жерлерін табудың арқасында, бүгінде ол әлемдік қоғамның ғылыми және мәдени құндылығына айналды. Бүгінгі таңда, Берел – Қазақстан аумағындағы органикалық сақталған олжалардың жалғыз ескерткіші.
Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлықтар топтамасы, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевқа түрлі мемлекет, үкімет және арнайы делегация басшыларымен ұсынылған заттардан құралған. Сыйлық-экспонаттар, Қазақстан Республикасы Бірінші Президентінің көп бағыттық саяси қызметінің белгісі және Қазақстанның әлемдік мемлекеттер қауымдастығымен өз-ара тиімді, жемісті қарым-қатынасының айғағы.
«Қазақтардың этнографиясы» топтамасы қазақ халқының өмірді қамтамасыз ету дәстүрлі жүйесін бейнелейді (жер игеру, мал бағу, балық аулау, аң аулау). Бұл топтамада көшпенділердің заттық және рухани мәдениетінің бірегей экспонаттарын көруге болады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік және қоғам қайраткері И.Н.Тасмағамбетовтың жеке топтамасының «Бейнелер және заттар әлеміндегі көшпенділердің көркем мәдениеті» топтамасы Қазақстанның бейнелеу-қол өнерінің біртума өте сирек кездесетiн және бірегей топтама екенін аңғартады, 1500 астам бұймдардың көбісі XVIII-ХХ ғасырларға жатады.
Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консервоторияның мұғалімі, қазақ аспаптарын жинаушы, зерттеуші, профессор Б.Сарыбаев мырзаның музыкалық аспаптар жеке топтамасы өзінің ерекшеліктері бар, қайталанбас 315 экспонаттан тұрады.
Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығының кітапханасы әр қилы ақпараттан тұратын 700 мыңнан астам жеке-дара әмбебап кітап қорын қамтиды. Кітапханадағы ең бағалы кітаптар қоры – бұл XVII аяғы мен XX басында басып шығарылған баспалар, 1992 жылдан бастап жинақталып 3125 бірлікті құрайды.
Астананың 10 жылдық мерейтойына Алматы облысының қосқан үлесі ретінде елордада жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың ескерткіші бой көтерді. Ұлы Жамбыл ескерткішінің тек тұғыры 11 гранит блоктан тұрады. Мүсіннің жалпы биіктігі 12 метр.
20-шы ғасырдағы дүлдүл ақынға арналған ескерткіш Ж.Тәшенов көшесінің бойынан орын тепті. 3,5 гектар саябақ аумағы демалыс орындарына бөлінген, ол жерлер жолбарыс, барыс, Самұрық құстың мүсіндерімен безендірілген.
Авторами памятника стали известные казахстанские мастера - скульптор Нурлан Далбаев и архитектор Казбек Жарылгапов, которые стремились передать образ великого казахского акына во всей его неповторимости и вместе с тем отразили в нем масштабную символическую идею доброго напутствия молодой столице. Мүсіннің авторлары мүсіншілер Нұрлан Далбаев пен сәулетші Қазбек Жарылғапов.
Жамбыл Жабаев – ұлы акын, жыршы, айтыскер. Жамбыл Сүйінбайдың шәкірті болған. Айтыс алаңында ол Сарбас, Құлманбет, Досмағанбет, Шашубай сынды белді ақындармен сөз жарыстырып, жеңіске жеткен. Оның «Ленинградтық өренім» атты өлеңі майдангерлер мен ленинградта қоршауда қалғандарды жігерлендіріп, жеңіске жетеледі.
Ұлы Абай ескерткіші елорданың орталығында, қала тұрғындарының сүйікті орындарының бірі – ескі алаңда, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің ғимараты алдында орнатылған. Абай Құнанбаевқа арналған ескерткіш 2000 жылы 10 маусым күні ашылды.
Абайдың қалдырған өсиеті мәңгілік, шығармашылық мұрасы ел есінде мыңдаған жылдар бойы қалары сөзсіз.
Мүсінде ақын қолына кітап алып, елінің ертеңін ойлап, алысқа зер салып тұрғандай. Ол Абай және Республика даңғылдарының қиылысына қарап тұр. Монумент үш бөліктен тұрады: стилобат, тұғыр және мүсін. Жеті метрлік гранит тұғырдың үстіне биіктігі 7,5 метр Абайдың қола мүсіні орнатылған. Композицияның барлық элементтері таза қоладан жасалған. Ескерткіштің салмағы – 10 тонна. Жоба авторлары – мүсінші Тоқтар Ермеков пен сәулетші Нұрбек Айжанов.
Ақынның туған күнінде – 10 тамыз күні – ескерткіш алдындағы алаңда Абай оқулары өткізіледі.
«Абайдың «Қара сөздері» әлемнің көптеген тілдеріне аударылды, олар осы күнге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ. Бүгінде дүние жүзі қазақ даласынан шыққан дана ақынның сөздеріне қайран қалуда. Абайдың 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланды. Біздің ұлы классигіміздің алдағы мерейтойлары да әлемдік деңгейде тойланарына еш күмән жоқ», - деп атап өтті Қасымжомарт Тоқаев ескерткіш ашылуы кезінде.
2010 жылдың 1 маусымында Жәнібек пен Керей хандардың монументальды мүсіндік-көркем композициясының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ескерткіш Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Мұражайы алдындағы саябақта орналасқан.
Жалпы қазақ хандығының іргесін қалап, тұңғыш қазығын қаққан хандарға Елордада ескерткіш ашу — бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясы. Елорда төрінде осынау, аңыз тұлғаларға арнап мәңгілік ескерткіш орнату бұл тарихын қастерлеп, қадір тұтқан ұрпақ құрметінің белгісі.
Композиция тұтас өз тұлғаларымен жаңа хандықтың ірге көтеруі, еркіндіктің орнауын бейнелейтін екі мүсіннен тұрады. Композицияда хандардың қолдарына сығымдап, қадай ұстаған ту бейнеленген. Бұл көрініс жаңадан құрылған хандықтың беріктігін, тұрақтылығын, өр рухты мақсаттарды көздеген өміршеңдігін ашып тұр. Бұл орайда композиция тарихтың үздіксіздігі мен дәуірлер сабақтастығын білдіреді.
Ескерткіш-мүсіндердің іргетасынан бастап ұшар басына дейінгі жалпы биіктігі 12 метр. Жәнібек ханның тік тұрғандағы бойы — 5,25 метр, Керей ханның бейнесін сомдаған мүсіннің биіктігі — 4 метр. Мүсіндік композицияның барлық элементтері бір қалыпта әзірленіп, таза қоладан құйылған, таза салмағы 16,2 тонна.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің жинағы Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевқа табыс етілген сыйлықтар жиынтығынан, сонымен бірге Елбасының Жеке мұрағаты мен Жеке кітапханасы материалдарынан құрылады. Сонымен қатар, қорларды толықтыру мақсатында музей қызметкерлері Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметін бейнелейтін құжаттар мен тарихи материалдарды айқындау мақсатында ғылыми-ізденіс жұмыстарын жүргізеді. Бүгінде Музей қорында 40 мыңнан астам экспонат бар. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне табыс етілген наградалар Музей жинағының мақтанышы десек болады. Мұнда КСРО, тәуелсіз Қазақстанның, көптеген елдер мен халықаралық ұйымдардың наградалары ұсынылған. Елбасыға сыйға тартылған кітаптар үлкен қызығушылыққа ие. Олардың көпшілігінде ұлы адамдардың қолтаңбалары бар. Музей елорданың мәдени өмірінде ерекше орын алады.
«Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешені Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен 2001 жылдың 8 қыркүйегінде ашылды. Бұл жерде 1,7 га көлемдегі аумақта бүкіл елдің архитектуралық-ландшафтық тарихымен танысуға болады. Картада 14 облыс және республикалық маңызы бар 2 қала - Астана және Алматы орналасқан. «Атамекен» Қазақстан Картасы" этно-мемориалдық кешенінің мақсаты мәдени-құндылылықтардың, халықтың қол жетімділік тарихи-мәдени және рухани байлықтарын сақтап, Қазақстанның тарихи атамұрасын біліуіне көмегін тигізеді, Қазақстан Республикасының бүкіл табиғи зоналарын және экономикалақ жетістіктерімен мәдени байлықтарын сақтап және көбейту болып табылады.
Қазақстанның Атамекен танымды-көркемдік кешені сіздерді мемлекеттің тарихымен, онда тұратын халықтардың мәдениетімен таныстырады. Сәнді таулар, қыраттар, қырлар, ормандар, көлдер, ірі қалалардың нышандық белгілері - осы мәдени орталықтың өзіндік ансамблін құрайды. “Атамекен” Қазақстан Картасының” қызық бөлігі - Каспий теңізінің сәндік - рәсімдеу үлгісі. Елдің негізгі автомобиль және темір жолдарына сәйкес келетін Карта жолдарымен саяхат, Қазақстанның ең маңызды көз тартарлық, назар аударарлық жерлерін оқып білуге мүмкіндік береді. Олардың арасында Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Бұқтырма ГЭС-і, Президент Резиденциясы және т.б. бар.
Жоба «Қаздизайнда» дайындалды. Авторлары – Т. Сүлейменов, А. Ордабаев, С. Баиров, А. Қайнарбаев, Н. Анарқұлов, А. Кенжетаев.
Қазақстанның гүлденген елордасы символдарының бірі - «Астана Арена» жаңа стадионы. Құрылымы сопақша келген, жылжымалы шатыры бар. Жылжымалы шатыр жүйесі жасыл алаңды, ойыншылар мен көрермендерді қатал ауа-райы жағдайларынан қорғауға арналған. Стадион Әуежай мен қаланы байланыстыратын тас жолында орналасқан. Стадион негізінен футбол матчтарын өткізу үшін салынған, бірақ басқа спорттық сайыстарды қабылдай алады. «Астана-Арена» ауданы 232485 шаршы м (330 м x 704,5 м) болатын тіктөртбұрышты учаскеде салынған.
30000 орын үлкен амфитеатр түрінде жобаланған. Екі деңгейлі құрылым төменгі бөлікте 16000 орын және жоғарғы бөлікте 14000 орын болып бөлінеді.
Стадион 2009 жылғы 3 шілдеде ашылды. Стадион тарихындағы алғашқы матчта «Локомотив» (екі алматылық клубтың негізінде сол жылдың басында құрылған астаналық команда) пен Қазақстан жастар құрамасы кездесті. Матчқа белгілі итальяндық төреші Пьерлуиджи Колина қазылық етті. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алғашқы соққыны жасады. Әр команданың құрамында өз ойыншыларынан өзге екі арнайы шақыртылған «жұлдыз» өнер көрсетті: Қазақстан жастар құрамасының сапында Грузия құрамасы мен итальяндық «Миланның» қорғаушысы Каха Каладзе мен Украина құрамасының шабуылшысы Андрей Шевченко, ал «Локомотив» сапында белгілі түрік аяқдопшылары Хасан Шаш пен Хакан Шүкір өнер көрсетті.
2009 жылғы 14 қазанда стадионда ұлттық құрамалар арасындағы алғашқы матч өтті: 2010 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турнирі шеңберінде Қазақстан құрамасы Хорватия құрамасымен кездесті. Матч қонақтар пайдасына 2:1 есебімен аяқталды, шешуші доп ойынның ақырғы минуттарында, қосымша уақытта соғылды.
Стадионда 2009 және 2010 жылдары Қазақстан Кубогының финалдары өтті, 2010 және 2011 жылдары Қазақстан Суперкубогы сарапқа салынды, сондай-ақ 2011 жылы VII қысқы Азия ойындарының ашылу салтанаты өтті.
Қаланың орталық бөлігінде етегінде үш қола тұлпары 40 метрлік алтын стела - «Астана жұлдызы» монументі орналасқан. Монумент дайындау жөнінде байқау екі жылға созылды. Жобалар көп болды, бірақ олардың ішінен мәскеуліктер Юрий Флейшман мен Сергей Свистунов іріктеліп алынды. Алысқа ұмтылған стела ілгері қадам жасап, жұлдыздарға беттеген сәтті білдіреді.
– Жерде мифологиялық тұлпарлар пайда болғанда бейбітшілік орнап, зұлымдық жойылады, - деп Монумент символикасын түсіндіреді Юрий Флейшман. – Ежелгі заманда далада жұлдыз бойынша бағдарлау өмірді білдірді. Бүгінде де өзіңнің жол сілтер жұлдызыңды табу өте маңызды. Жұлдыз символы – дініне, ұлтына, мәдениетіне қарамастан жаһанды мекен еткен барлық халықтар үшін бірдей маңызды символ.
Жұлдыз бен тұлпарлардың қанаттарын алтынмен қаптау үшін Санкт-Петербордан арнайы мамандар шақыртылды. Ескерткіш елорданың мерейтойына орайластырылып, 2007 жылғы 6 тамызда ашылды.
Астана қаласының Әуежайы шағын ұшақтарға қызмет көрсететін әуежай ретінде 1931 жылы негізі қаланды. Бүгінде 80 жыл өткен соң ол Еуразия кеңістігіндегі ең заманауи әуежайлардың бірі. 2002 – 2005 жылдары әуежайды қайта құрудың ірі халықаралық жобасы жүзеге асырылды. 2005 жылғы 2 ақпанда әуежайдың жаңа жолаушылар терминалының ғимараты салтанатты ашылды.
ЕҚЫҰ Саммитін өткізуге байланысты 2010 жылғы 1-2 желтоқсанда Астана қаласындағы әуежайда күрделі қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Астана» Халықаралық Әуежайында әуе кемелері тұратын перрон 22 орынға кеңейтілді. Жаңа перрон жабынының жалпы ауданы 78 800 шаршы метрді құрады. Күн сайын әуежайда жақын және алыс шетелге 40-қа дейін ұшақ ұшырылады.
Әуежай жақын және алыс шетелге тұрақты жолаушылар рейстерін жүзеге асыратын 14 әуе компаниясына қызмет көрсетеді. Жыл сайын Астана әуежайында жаңа бағыттар ашылады. Қазіргі таңда «Астана» Халықаралық Әуежайы Халықаралық Азаматтық Авиация Бірлестігінің санатына ие болды.
Бүгінде «Астана» әуежайы барлық типтегі әуе кемелерін қабылдауға мүмкіндігі бар. Жүк тасымалдаушы және жолаушылар тасымалдаушы жаңа әуе компанияларымен ынтымақтастыққа қолайлы жағдайлар жасалуда. Әуе компанияларды әуежайдың географиялық орналасуы - Еуразияның ортасында болуы қызықтырады. Орнатылған заманауи құрылғылар ауа-райының қолайсыздығы жағдайында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Әуежай терминалда жаңа қызмет түрлерін ұсыну арқылы жолаушылардың әуежайда болу уақытын неғұрылым жайлы етуге тырысады. Биылғы жылы жабық автотұрақ пайдалануға берілді. Астана әуежайы өз жолаушыларына ең қолайлы жағдай ұсынады: ана мен бала бөлмесі, діни жоралғылар бөлмесі, жүк сақтау камерасы. Рейсті күту кезінде мейрамхана, бар, дәмхана жұмыс істейді. Сондай-ақ әуежайда пошта, түрлі банктердің банкоматтары қызмет етеді, ақша алмастыруға, өзіне, достарына ұлттық кәдесыйлар арасынан сыйлық сатып алуға болады.
Елордалық әуежайдың Астанаға келген әр мейманның жүрегінде осы қаланың мәңгі бақи қалуына септігін тигізері сөзсіз.
Теміржол вокзалының ғимараты 310-шы гвардиялық дивизия алаңында орналасқан. Вокзал халықаралық, жергілікті және қала маңындағы тараптарға жүретін жолаушыларға төрт бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Вокзалдың ескі бөлігінің ғимараты 1961 жылы типтік жоба бойынша салынған. Қазіргі таңда вокзал екі ғимараттан тұрады: ескі және жаңа. Вокзалдың өткізгіштік мүмкіндігі – 5800 адам, күн сайын 4500 жолаушы өтеді. Жылына вокзал 1703,5 мың адамға қызмет көрсетеді. Вокзалда жолаушыларға арналған жерүсті жолы, жалпы сыйымдылығы 546 адам болатын 2 күту залы бар. Вокзалда 43 орындық «Астана» қонақүйі, 16 билет кассасы, қала бойынша 3 касса, 3 анықтамалық бюро, 702 орынға арналған жүк сақтау камерасы, сөйлесу пункттері, күту залдары мен VIP-зал орналасқан. 2004- 2005 жылдары жаңа ғимаратқа қайта жөндеу жүргізілді. Фойе мен күту залдарын безендірген сәулетші Өтебеков.
«Шахматшылар саябағы» Астананың тарихи бөлігінде, Республика көшесінде (Кенесары көшесімен қиылысында) орналасқан. Жаңа саябақтың ортасында шахмат тақтасы түрінде алаң және жарты метрлік шахмат фигуралары орналасқан. Учаскенің жалпы ауданы 0,86 га құрайды. Саябақта жұпаргүл, алма, алмұрт, үйеңкі, ақ үйеңкі, мойыл, қайың, емен, қарағай және бадам отырғызылған. Саябақтағы жасыл желектердің жалпы ауданы – 7900 шаршы метр. Жолдар, жаяу жүргіншілер жолдары мен алаңқайлардың ауданы 700 шаршы метр. Саябақта жастар арасындағы әлем чемпионы Дәрмен Сәдуақасов пен XIV Халықаралық «Отважная пешка» балалар шахмат фестивалінің жеңімпазы Раушан Әбілқасымованың атаулы ағаштары егілген.
Атақты шахматшы, әлемнің оныншы чемпионы, 1968-1971 жылдар аралығында дүние жүзінің үздік шахматшысы атағын қорғап келген Борис Спасский де осы саябақта өз ағашын отырғызды.
«Шахматшылар саябағында» бірнеше мәрте шахмат бойынша турнирлер өткізілді.
Есілдің сол жағалауында сәулеттік идеясы тұрғысынан да, жоғары технологиялық орындалуы мен ішкі эргономикасы, инфрақұрылымы жағынан да бірегей елордалық цирк ғимараты орналасқан. Бірақ оның басты жетістігі – жаңа цирк ұжымы. Ат құлағында ойнайтын жігіттер, акробаттар, әуе гимнасттары, сиқыршылар мен сайқымазақтар – барлығы цирк өнерінің кішкентай және ересек табынушылары үшін. Адамдармен бір қатарда мұнда жануарлар да өнер көрсетеді: африкандық арыстан, шотландық пони, түйе, аю, есек, маймыл, иттер. Цирк ұжымына 320 адам кіреді, соның ішінде 66 адам – цирк әкімшілігі мен дирекциясы. Цирк ұжымы жоғары деңгейлі, сапалы нөмірлер, аттракцион, бағдарламалар ұсынады, мұнда барлық бағыттар қамтылған: акробатика, гимнастика, клоунада, сиқыр, жыртқыш аңдар мен үй хайуанаттарын қолға үйрету және т.б. Ашылғаннан бері циркте 20-дан астам гастрольдік бағдарламалар өткізіліп, 200-ден астам қойылым көрсетілді. Жыл сайын циркті тамашалауға 50000-нан аса балалар мен ересектер келеді.
Жоба авторы – сәулетші Төлеген Әбділда. Классикалық диаметрі (13 метр) бар көрермен залының сыйымдылығы – 2000 адам. Одан бөлек 36 орындық VIP-жай бар. Цирк ғимаратына 113 орынға арналған қонақүй жапсарлас орналасқан.
«Думан» ойын-сауық орталығының Мұхитаралы ТМД-дағы тұңғыш дүниеге келген бірден-бір нысан. Бұл әлемдегі көк мұхиттан 3000 шақырымнан астам қашықтыққа алыстаған жалғыз Мұхитарал. Мұхитаралдың су қоры 3 миллион литрді құрайды. Оны әзірлеу үшін 120 тонна теңіз тұзы қажет болды. Мұнда жұмыр Жердің әр түкпіріндегі теңіз жәндіктерінің 100-ден астам түрінен тұратын 2000-нан артық теңіз тұрғындары тіршілік құруда.
Мұхитарал түбінде жылжымалы жолмен жарақтанған, қалыңдығы 7 сантиметрлік акрил шынысынан 70 метрлік дәлізі бар және екі үлкен көрме аймағынан тұрады. Аквариумдардың әр түрлі тұрқы табиғи жағдайларына жақындатылған балықтар тіршілігіне көз салуға және жыртқыш балықтар мен кәдімгі балықтарды қоректендіру барысын қадағалауға мүмкіндік береді.
Көрме аумақтарының аквариумдарынан Сіз ихтиофаунаның жекелеген түрлерін жақыннан көріп, біздің гидтарымыздың таныстыруымен керемет балықтар мен теңіз тұрғындары хақында жан-жақты мәліметтер аласыз.
Бірінші көрме аумағына Оңтүстік Америка мен Оңтүстік-Шығыс Азияның тұщы суларын мекен етушілер қойылған. Мәселен, пиранья тұқымдастары олардың жыртқыш та, қомағай өкілдеімен де, пираньяның өздерімен де, сондай-ақ, момын, әрі вегетариан ағайындары – пакулермен де сап түзеп, келушілер назарына ұсынылады. Тап осы жерден бұларға қоса, теңіздер мен мұхит жағалауларының теңіз жұлдыздарын, ұзынмұрттарды, теңіз шаянын көруге болады. Екінші көрме аумағында мұхит түбі кораллдары қаумдастығының өкілдері: атбалықтар, теңіз инелері, сиырбалықтар, жапон қорапшалары,түлкібикештер, итбалықтар, ақмамықтар назарға ұсынылады. Осы маңнан аквариумдерде жүзген жыртқыш балықтар: тасбалықты, қанатты теңбілдерді, безербалық түрлерін, кірпібалықтарды көре аламыз. Ал бас аквариумда Мұхитаралдың ең үлкен тұрғындары – акулалар, олармен қоңыстас-салмақтары мен тұлғалары жағынан акулалармен иық теңестіре алатын алып теңіз алабұғалары, үлкен патшабалықтар, жарқанат-балықтар мен басқа да үйірімен жүретін балықтар тіршілік кешуде.
Мұхитарал – теңіз астындағы керемет тіршілікті өз көзімен көргісі келетін қазақтың дархан даласында өмір сүріп жатқан мыңдаған адамдардың орындалған арманы.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 1996 жылы құрылған Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті елордамен бірге өсіп, дамып келеді. Университет құрылған кезінен бастап білім берудің ең жоғары стандарттарына сай келуге ұмтылады. Ақ бұлақ өзенінің қос жағалауында орналасқан 5 заманауи корпуста 100 мамандық бойынша 12 мыңға жуық студент білім алады.
12 факультеттің 58 кафедрасында 1000-нан астам оқытушы қызмет етеді. Солардың ішінде Кардифф, Техас университеттері секілді шетелдік оқу орындарының профессорлары бар. Университеттің ғылыми-зерттеу орталығында ауыр иондарды жеделдету құрылғысы бар, онда күрделі ғылыми тәжірибелер жүргізіледі.
Университеттің басты қазыналарының бірі - 1,5 миллион кітап қоры бар кітапхана. Мұнда ежелгі дәуір мен орта ғасырдағы еңбектердің түпнұсқалары сақталған: 17-18 ғасырдағы Жан-Жак Руссо, Вальтер Скоттың шығармалары, Кодекс Куманикус үлгілері, орхон-енисей жазбаларының картасы.
Заманауи спорттық кешен – университеттің ажырамас бөлігі, онда көптеген спорт түрлері бойынша студенттер командалары жаттығуларын өткізеді.
Университеттің мәдени өмірінде студенттік театр мен филармония маңызды орын алады.




































































