| Қазақстан | 32 | 21 | 17 | 70 | ||
| Жапон | 13 | 24 | 17 | 54 | ||
| Корея | 13 | 12 | 13 | 38 | ||
| Қытай | 11 | 10 | 14 | 35 | ||
| Монғол | 0 | 1 | 4 | 5 | ||
| Иран | 0 | 1 | 2 | 3 | ||
| Қырғызстан | 0 | 0 | 1 | 1 | ||



Бүгін Астанада жақында аяқталған 7-қысқы Азия ойындары мен былтыр қараша айында Гуанчжоуда өткен 16-жазғы Азия ойындарының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болып өтті. Қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов спортшыларды байрақты додадағы жеңістерімен құттықтап, оларға пәтер кілттерін табыс етті.
«Өз елінің дамуына елеулі еңбек етіп жүрген адамдармен кездесуге қашанда қуаныштымын. Көптен күткен, дайындалған Ақ Азиада өз мәресіне жетті. Бұл тұтас Қазақстанның абыройы деп есептеймін. Біз жалпыкомандалық есепте алғашқы сатыны иелендік. Қазақстан бұған дейін Азия ойындарында бірінші орын алып көрген емес. Бұл сіздердің және жалпы қазақстандық спорттың табысы», - деді бас шаһар басшысы Азиада қаһармандарымен кездесуінде.
Үлкен спорт ертегісі тәмам болды. 7-ші қысқы Азия ойындарына дайындық және оны өткізу бойынша 3 жылға созылған жұмыстар 7 ақпан күні тарихқа айналды. Алғашқы спорт сайыстарының алдында Қазақстан үздік үштікке кіре ала ма, құрлықтың мықтылары Жапония, Корея және Қытаймен иық теңестіріп күресе ала ма деген күмән болғаны жасырын емес. Тәжірибе көрсеткендей, біздің спортшылар Азия алпауыттарымен тең дәрежеде өнер көрсетіп қана қоймай, оларды ойсырата жеңді. 26 қатысушы құраманың бірде біреуі біздің командаға лайықты қарсылық көрсете алмады.

Чемпионнан эксклюзив
Қазақстан атынан 7-ші қысқы Азия ойындарына қатысқан 142 спортшы құрама қоржынына 32 алтын, 21 күміс және 17 қола жүлде салды. Бұл отандық спортшылардың айтулы жеңісі. Қазақстан жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 7-ші қысқы Азия ойындарын жабық деп жариялады. Өз сөзінде Мемлекет басшысы Азиада Ойындарында бастан аяқ көрермендер мен жанкүйерлер жарқын да тартымды оқиғалардың куәсі болды, деді.
![]()
4 қаңтарда ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан жарыс аяқталды. Екі сайыс қорытындысы бойынша 208,89 ұпай жинаған қазақстандық Денис Тен 7-ші қысқы Азия ойындарының чемпионы атанды. Қысқа бағдарламадан кейін бірінші орында келе жатқан Денис еркін бағдарламада қателікке бой алдырып, оның қорытындысы бойынша үшінші нәтижеге қол жеткізді. Алайда, қысқа бағдарламада жинаған ұпай саны жалпы есепте алтын жүлдеге ие болу үшін жеткілікті болып шықты.
Астанада мәнерлеп сырғанаудан жарыстар күнде болып жатқан жоқ. Мұндай деңгейдегі жарыс елордада тұңғыш рет өткізіліп отыр. 7-ші қысқы Азия ойындарының шеңберінде көрермендер ең көп қызығушылық танытқан спорт түрлерінің бірі - осы мәнерлеп сырғанау болды. Республикалық велотректе ине шаншар жер жоқ, билеттер сайыс басталардан бірнеше күн бұрын сатылып кеткен.
Ежелгі көшпенді өркениеті, ауыз әдебиетінің бай мұрасынан көрініс тапқан оның даналығы, тыңдап отырып қазақтың шексіз, дархан даласы мен желмен жарысқан тұлпар тұяғының үні еске келетін әдемі әуені – мұның барлығы Қазақстан тарихының бір бөлшегі. «Көшпенділер әлемі» этномәдени ландшафтық шоуының ұйымдастырушылары Азиадаға келген меймандарға Қазақстандағы ең сыйымды «Көрме» павильонында апта бойы осы кереметті көрсетті.
![]()

Бұл адам үшін «Алау» коньки стадионы өзінің компаниясы жасақтаған жұмыс жобасы ғана емес, бұл оның туындысы. Оның мақтанышы. Өз ісінің шебері ретіндегі қол жеткізген жетістігі.
Aльбертус Баттер - Астанадағы жаңа спорттық нысанның мердігерлерінің бірі «Butter and Energy» голландиялық компаниясының директоры. Ол конькимен жүгіруге арналған стадионның ішкі жобалауымен айналысқан, аренаның өмір тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерінің тұжырымдамасын әзірлеген.
![]()
Азия ойындары бағдарламасында шайбалы хоккейден жарыстар бірінші болып басталғанымен, Қазақстан ерлер құрамасы өзінің алғашқы матчын турнирдің бесінші күнінде ғана өткізді. Біздің жігіттерге Аспанасты елінің хоккейшілері қарсы тұрды.
Біздің команданың жеңілуі мүмкін емес көрінді. Біріншіден, ойынды тамашалауға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев келді, екіншіден, жанкүйерлер Азиада басталмай тұрып, Қазақстан құрамасының қатысуымен өтетін барлық ойындарға билеттерді алдын-ала сатып алған.
![]()
Астаналық спортшылар Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынына екі алтын жүлде салды. Спорттық бағдарлау жарысы бойынша құраманың көшбасшысы Ольга Новикова мен Михаил Сорокин өз қарсыластарының алдын орап кетті.
Бүгін 31 қаңтарда әйелдер арасындағы спринт жарысынан Астана қаласындағы мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебінің штаттық командасының мүшесі Ольга Новикова қашықтықты 13:04,7 минутта басып өтіп, мәреге бірінші болып келді. Ол екінші орынға табан тіреген қытайлық Лиу Ксиаотинді 4,5 минутқа артқа қалдырды. Осылайша, Ольга Новикова 7-ші қысқы Азия ойындарының алғашқы алтын жүлдесін иемденді. Тағы бір біздің жерлесіміз Евгения Кузьмина мәре сызығын үшінші болып кесіп, қола жүлдегер атанды.
Осы жарыспен бір қатарда ерлер арасында шаңғымен бағдарлау бойынша сайыстар өткізілді. Онда біздің Михаил Сорокин 13,31 минут ішінде қашықтықты бағындырып, жеңіске жетті.

Азия ойындарының ашылу салтанаты соңғы сәтке дейін құпия болды. Әркім оны әр түрлі етіп елестетіп, бейне бір ғажайыпты күткендей болды. Айтулы сәтке дейін 11 күн қалғанда салтанаттың режиссері Алексей Сеченовтің берген сұхбаты халықтың делебесін одан сайын қоздырып жіберді. Бұл шеберді қалың жұртқа таныстырудың қажеті жоқ. Ол Мәскеудегі Қызыл алаңда Жеңістің 60 жылдығын мерекелеу, Юрмаладағы фестиваль, «Золотой граммофон» және «МузТВ» музыка саласындағы сыйлықтарды табыс ету салтанаттарын ұйымдастырған. А. Сеченовтің қазақ халқының ежелгі тарих тереңіне жасаған сапары, оның қойылымында көрсетілетін бағзы заманнан бүгінгі әсем Астанаға дейінгі керемет көріністер Шебердің отаны Ресейде де, Қазақстанда да үлкен қызығушылық тудырды.