USD 148.0 
EUR 195.7 
   
Астана Әкімі
Әкім сөзі
Әкімге өз сауалыңды жолда
Әкімнің өмірбаяны
Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов
23.02.2012
Бей.
04:34

   
Панорама
Карта Астаны
   
Күнделік
   
Astana Invest 2011
   
Байланыс орталығы
   
Автокөлік бағдарлары
   
Қала картасы
Карта Астаны
   
Бейнегалерея
Фотогалерея
   
Ауа райын болжау
GISMETEO: Погода по г.Астана
   
Баспасөз баяндары
   
Күн статистикасы
Яндекс.Метрика

Әкімнің орынбасары Хорошун Сергей Михаилұлы

1966 жылы туылған.  Ұлты – украин.

1984 – 1986 жылдары – КСРО Қарулы күштер қатарында қызметін өткерді.  Білімі – жоғары.

1990 жылы Целиноград инженерлік-құрылыс институтын бітірген. 

1990 - 1995 жылдары  "Целинограджилстрой" ӨҚҰ-да жұмыс істеген. 

1995 - 1998 жылдары – Целина теміржол басқармасында.

1998 – 2000 жылдары – «Қалалық коммуналды қожалық» МКК КҚБ-ның бөлім бастығы, бастығының орынбасары. 

2000 жылы - Коммуналды қожалық департаментінің директоры. 

2005 жылдың ақпан айынан бастап – бүгінге дейін – Астана қаласы Энергетика және коммуналды қожалық  департаментінің директоры.

Әкімінің орынбасары Балаева Аида Ғалымқызы

1974 жылы 4 шілдеде Алматы облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылында дүниеге келген.

2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.

2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

1999 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Қызметін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының қоғамдық-саяси процестерді талдау және үйлестіру бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.

Әкімнің орынбасары Қожағапанов Ерлан Тоқтарханұлы

1968 жылы 13 тамызда Алматы облысы Алакөл ауданында дүниеге келді.

Ұлты – қазақ, білімі – жоғары.

1992 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін, 1999 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2006 жылы РФ Мемлекеттік Кеден комитетінің Кеден академиясын бітірді. Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін біледі, 2 дәрежелі «Айбын» орденімен, 2 медальмен марапатталған.

1997 жылдың мамырынан 1998 жылға дейін Алматы қаласында Транспорт және коммуникация министрлігінің республикалық кәсіпорын бас директордың  бірінші орынбасарының көмекшісі болды.

1998 жылдың мамырынан қарашасына дейін Астана қаласындағы Қаржы министрлігінің салық полициясының комитетінде қаржы-экономикалық басқармасының бастығы.

Әкімнің орынбасары Крылов Василий Леонидұлы

Астана қаласы әкімінің 2009 жылғы 15 қазандағы №06-43ө “Астана қаласы әкімі, оның көмекшілері мен аппарат жетекшілері арасында міндеттерді бөлу туралы» жарлығына сәйкес, қала әкімінің орынбасары В.Л.Крылов қабылданатын әкімдік қаулыларының, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация, қоршаған ортаны қорғау және төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелері жөніндегі заңнамасына сәйкес болуына жеке жауапты.

Энергетика, сумен қамтамасыз ету кәсіпорындарының, газбен қамтамасыз ету ұйымдарының жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады, қала өмірі тіршілігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы өңірлік бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз етеді.

Қалалық коммуналдық шаруашылық, кешенді абаттандыру және көгалдандыру, объектілер мен көше желілерін жарықтандыруды, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық дамыту салалық бағдарламаларын іске асыруды, қалалық инфрақұрылым объектілерін ұстауды қамтамасыз етеді.

Әкімнің орынбасары Сұлтанбеков Қанат Таңатарұлы

1976 жылы 1 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген.

1998 жылы Қазақ Мемлекеттік архитектуралық-құрылыс академиясының «Өндіріс және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша және «Құрылысты басқару» мамандығы бойынша Стивенсон атындағы Технологиялық институтты аяқтады.

2000 жылы Ферли Дикенсон атындағы Университеттің қаржы экономикасы саласы бойынша диплом алды.

1994 жылдан 2000 жылдар аралығында «Алматықалақұрылысы көпсалалы акционерлік компания» АҚ-да әртүрлі лауазымдар бойынша қызмет атқарған.