

Астана неден басталды…
Есіл өзенінің сол жағалауында мыңдаған жылдар бұрын дүниеге келген Қыпшақ сұлтанының әскери ставкасының Қазақстанның жаңа елордасы Астана тарихында өзіндік орны бар.
Өткен жыл да Астана үшін атаулы жыл болды. Егер қазір еліміздің бас қаласы Қазақстанның астанасы ретінде халқаралық тұсаукесерінің он жылдығын атап өтіп жатса, 2007 жылғы желтоқсанда Алматыдан, Ақмолаға әкімшілік орталықтың көшуіне он жыл толғанын атап өткен.
2006 жыл. Қазақстан бұрынғы кеңестік мемлекеттер арасында ә
Астана тарихындағы ең атаулы күндердің бірі 2005 жылдың тоғызыншы маусымындағы «Еуразия жүрегінде» кітабының таныстырылымы болды. Онда елорданы ауыстырудың және еліміздің бас қаласының қалыптасуының қиынға соққандығы туралы жазылған.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «2004 жылға ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары» атты Жолдауында Астананы одан әрі дамыту мәселелері ерекше тармақпен аталып өтті. «Қазір елорданы еліміздің орталығына көшіру және оны заманауи стильде жайластырудың стратегиялық қажеттілігі мен орынды екендігі ешкімнің күмәнін тудырмайды, — деп атап өтті. Еліміздің сәулеттік келбетін жақсарту жөнінде жоспарланған істі аяғына дейін жеткізуіміз біздің басты міндетіміз».
2003 жыл. Тұрақты даму жолын таңдап, Қазақстан бұрынғы кеңес одағы кеңістігінде дамыған мемлекет атағына ие болды. Бұл тек экономиканың арқасында емес. Біздің көпұлтты және көпконфессиялы елімізде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бірінші съезін өтті. Қыркүйек айының ортасында Астанада жиналған конфессиялар басшылары әділ қоғам құру мүмкіндігін талқылап, толеранттілік, ақиқат, әділдік пен сүйіспеншілік сияқты ұлы құндылықтарға бас ие отырып, өздерінің көзқарасын білдірген декларацияны қабылдады.
2002 жылдың 1 қаңтары бойынша Астана тұрғындарының саны 493,6 мың адам болды. Ал, енді төрт айдан кейін — сәуір айының аяғында — жас Елорда тұрғындарының саны жарты миллионға жетті. Бұл көрсеткішті жергілікті АЖАЖ қызметкерлері
Жаңа елорда тарихындағы ірі дерек Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2001 жылғы көктемде бекіткен2005 жылғы дейінгі кезеңге арналған «Астананың гүлденуі — Қазақстанның гүлденуі» Мемлекеттік бағдарламасы болып табылады. Оның негізгі мақсаты еліміздің бас қаласын дамытып қана қоймай, мультипликативтік тиімділік есебінен барлық республикада өнеркәсіптік және құрылыс секторларындағы өндіріс көлемін ұлғайту, өңіраралық интеграциялық байланысты кеңейту болды.
2000 жыл жаңа әкімшілік орталықтың құралысы басталған сол жақ жағалауды кеңінен игеру жылы болып есте қалды. Тура осы жылы республиканың жаңа елордасы өзін кеңес заманынан кейінгі кеңістіктегі маңызды шоғырлану звеносы ретінде жариялады. Оныншы қазанда Астанада мемлекеттердің басшыларының Мемлекетаралық кеңестер — Кедендік одаққа қатысушылар арасында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жаңа халықаралық ұйым — Еуразиялық экономикалық қоғам құрылған мәжіліс болды.
1999 жылдың оныншы қаңтарында Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 79,78 пайыз дауысын жинап, Қазақстан Президенті боп, қайта сайланды. Он күн өткеннен кейін инаугурация салтанаты болды. Тағы да екі күн өткенде, Елбасы елорда нысандарының құрылысына арналған мәжіліс өткізді.