

Нидерланды – қызғалдақтар, ірімшік, жел диірмені... және велосипедтердің елі! Бұл көлік түрі осы елдің нағыз символына айналып үлгерді десек, қателеспейміз, сондықтан 19 мамыр, сенбі күні Астанадағы Голландия апталығы велошерумен аяқталғаны ешкімді таң қалдырмады. Голландияның Қазақстандағы Елшісі Петер ван Леувен өз құттықтау сөзінде атап өткендей, оларда 16 миллион халыққа 17 миллион велосипед келеді екен.
19 мамыр, сенбі күні сағат 09:00-ден асфальт төсеу жұмыстарына байланысты Кенесары көшесінің Сарыарқа даңғылынан Жеңіс даңғылына дейінгі бөлігінде қозғалыс шектеледі. Қозғалыс 21 мамыр күні қалпына келтіріледі деп жоспарлануда.
Астанадағы Голландия апталығы шеңберінде 15 мамыр күні «Барыс» спорт кешенінде Астана қаласы әкімдігі мен дипломатиялық корпус командалары арасында хоккейден жолдастық кездесу болды. Алаңда кәсіпқойлар емес, әуесқойлар өнер көрсеткеніне қарамастан ойын өте қызықты өтті.
Адамзат баласы қашанда батырларға зор үміт артып келді. Мейлі ол елін қорғаған еңселі ерлер болсын, немесе зұлымдыққа қарсы күресіп, төрткүл дүниені сақтап қалатын бойында тылсым күші бар ертегі кейіпкерлері болсын...
Жерді мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару жер қатынастарындағы ең өзекті мәселелердің бірі болып қалуда. Дүйсенбі күні өткен жер ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі семинар-кеңесте Жер ресурстарын басқару агенттігінің жерді пайдалануды мемлекеттік бақылау және қорғау басқармасының бастығы Самал Есқалиева өз баяндамасында осы үдеріс кезінде халық пен мемлекеттік органдарда туындайтын мәселелерге тоқталып кетті.
ҚР Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің төрағасы Қадырхан Отаров 2012 жылғы 14 мамыр, дүйсенбі күні Астана қаласының әкімдігінде жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселесіне арналған арнайы семинар өткізді. Оған сондай-ақ елорда әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун, Ақмола облысы әкімдігінің өкілдері, ғалымдар қатысты.
24 сағат ішінде марафон қатысушылары әділ қазыларға «Smart Astana» тұжырымдамасына сәйкес келетін дайын инновациялық жоба ұсынады.
Бүгін 11 мамыр сағат 21:00-де жол төселімінің жоғары қабатын ауыстыру жұмыстарына байланысты Кенесары көшесінің Сарыарқа даңғылынан Жеңіс даңғылына дейінгі учаскесінде қозғалыс шектеледі. Қозғалыс жол-құрылыс жұмыстары аяқталған соң 14 мамыр күні сағат 06:00-де қайта ашылады.
Қазақстан Президенті Ұлы Отан соғысында қайтыс болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстаннан 1 млн. 800 мың адам майданға аттанып, шамамен жартысы қайтып оралмағанын еске салып өтті.
ЖЭО-2 жолына қайта жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты үстіміздегі жылғы 11 мамыр күні сағат 22.00-ден 25 мамырға дейін Алаш тас жолынан Пушкин көшесіне дейінгі учаскеде автокөлік қозғалысына шектеу қойылады.