

Almaty. The largest airline of Kazakhstan Air Astana launched a new flight Astana- Baku, on Monday.
Астана. Бүгін 21 мамыр күні Астана қаласында VАстана экономикалық форумының шеңберінде ҚР Көлік және коммуникация министрлігі мен «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ қолдауымен АКТ даму қоры ұйымдастырып отырған “Connect Kazakhstan-2012” көрме-конференциясы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Вnews.kz тілшісі.
Алматы. Қазақстан қор биржасының (KASE) дүйсенбідегі сауда-саттығында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы жұмамен салыстырғанда 0,27 теңгеге төмендеді. Бүгінгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллар құны 147 теңге 99 тиынға тұрақтады. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне KASE мамандары хабарлады.
Астана. 18 мамыр. Бүгін - Халықаралық мұражайлар күні.
Бұл күні мұражайлар келушілер үшін тегін экскурсиялар өткізіп, өздерінің көрме залдарын, экспонаттарын көрсетеді. Қазақстанда 150 мұражай бар.
Алматы. 18 мамыр. Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_ TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен (EURKZT_ TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_ TOD) таңертеңгілік сауда сессиясы өтті.
Астана. 18-19-шы мамырда Астанада «Жаужүрек Мың Бала» тарихи шытырман оқиғалы фильмінің қайырымдылық көрсетілімі өтеді деп хабарлайды «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі жұмада.
Астана. Астана полицейлері «Қауіпсіз қала» жедел- алдын алу шарасын өткізіп жатыр. Бұл туралы елорданың ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы. Қазақстан қор биржасының (KASE) бейсенбідегі сауда-саттығында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы сәрсенбімен салыстырғанда 0,09 теңгеге төмендеді. Бүгінгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллар құны 148 теңге 03 тиынға тұрақтады. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне KASE мамандары хабарлады.
Астана. Қазақстандағы ауыл тұрғындарын ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясына құжат қабылдау ережелерімен таныстыру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Алматы. KASE қор биржасында сәрсенбі күні теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы сейсенбімен салыстырғанда 0,06 теңгеге артып, 147,94 теңгені құрады, деп “Интерфакс-Қазақстан” агенттігіне KASE қор биржасы мәлімдеді.